- Учителю
- Урок казахского языка в русских школах 'Менің Отаным - Қазақстан'
Урок казахского языка в русских школах 'Менің Отаным - Қазақстан'
З.С.Карина,
орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Н.К.Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектебі, Балқаш қаласы,Қарағанды облысы
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: тақырыпты толық аша білу. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету, ой - өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
-
Дамытушылық: ойын дамыту, дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту.
-
Тәрбиелік: Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа, үнтаспа, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, тақырып бойынша шағын ойтолғау.
Сабақтың түрі: сайыс - сабақ
Пәнаралық байланыс: тарихпен, сурет сабағымен, әдебиетпен
Бұл сайыс бір сынып ішіндегі екі топ оқушылары арасында өтеді:
-
Оқушылар, қандай мейрам жақындап келеді? (16 желтоқсан)
-
Ендеше осы мейрамға қарсы сендер өз білімдеріңді бәйгеге қосыңдар.
-
Осы сайыс сабағына қазылар алқасын сайлаймыз.
-
Ал енді «Кел танысайық!» іскерлік ойыны. Топ мүшелері өздерін таныстырып аттарын бәйгеге қосады.
1. Команданың аты:
1 топ. Қыран
2 топ. Болашақ
2. Команданың ұраны:
1. «Сайыста, ізденуден жалықпа.
Содан кейін қыран болып қалықта!».
2. «Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақ қолында».
3. Өздерің таныстыру;
-Балалар, бәйге басталды. Өз туған жеріміз туралы білетінімізді ортаға салайық.
I тапсырма. Оқулықтағы мәтінді әңгімелеу (міндетті деңгей)
II тапсырма. Өзара сөйлесу (мүмкіндік деңгей)
-
Қазақта «Ат шаппайды, бап шабады» дейді, ендеше білімдеріңмен шабысты үдете түсейік:
I топ. Фонетикалық талдау: еңбегін
II топ. Фонетикалық талдау: аймақта
- Қазылар алқасы қай топ алда келе жатыр?
- Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін суретшілердің тілі - бояу, музыкаттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз (бейнетаспаны қосып, өлең оқимын), (оқушылар әр топтан өлең оқиды)
-
Қазыларға сөз беріледі:
- Ал енді сайысымыздың келесі түрі
I топ: жер деген сөзді тәуелде.
II топ: ел деген сөзді тәуелде.
-
Бәйгенің алдында қай топ келе жатқанын біліп қояйық.
- Біз қазір Отан туралы мақал - мәтелдер айтып жарысамыз
Мұны ермек демейік,
Мықтап көңіл бөлейік.
Үлкен - кіші қуанар,
Мақал айтып берейік.
- Енді мәреге жақындап қалдық, аттың басын жіретін мезгіл келді, мен сендерге сөздерді түбір күйінде айтамын, ал сендер сол сөзге көптік жалғауларын жалғау керек. Ол үшін әр топтан бір - бір баладан кезек - кезекпен тақтаға шығып айтылған сөздерге тиісті көптік жалғауды дұрыс жалғап жазуларын керек.
Отан, халық, көмір, мақта, алтын, мыс, күріш, көл, өзен, аумақ, ұлт.
- Қазылар алқасына сөз берейік.
Суреттер сөйлейді (Әр топ туған жер тақырыбына бір сурет дайындап келу керек болатын, оны қорғау керек).
- Мәре сызығын сызар кезде шабысты үдете түсіңдер, ол үшін сұрақтарға жауап берулерің керек. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
I топқа:
-
Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?
-
Қазақстан мемлекетінің рәміздерін ата
-
Елтаңбада не бейнеленген?
-
Қазақстанның Конституциясы қай жылы қабылданды?
-
Сенің Отаның қалай аталады?
II топқа:
-
Қазақстан астанасы қай қала?
-
Қазақстанда қандай таулар бар?
-
Туда не бейнеленген?
-
Қазақстан қандай мемлекет?
-
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-
Міне бәйгеден кім бірінші келгенін білетін уақыт жетті. Сөз қазылар алқасына беріледі.
Қортындылау
Бағалау
Үй жұмысы: сөздік диктанттағы сөздерді қолданып өз туған жері туралы шығарма жазу (міндетті деңгей), сөйлем құрау (мүмкіндік деңгей)