- Учителю
- Қазақ тілінен ашық сабақ: 'Күз' (2 класс)
Қазақ тілінен ашық сабақ: 'Күз' (2 класс)
Уразгалиева Асемгуль Танатаровна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Класс: 2«Б»
Сабақтың тақырыбы: Күзде (слайд №1)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, олармен үлгі бойынша сөз тіркестерін, сөйлем құруға үйрету.Алған білімдерін диалог, сөзжұмбақ, тірек-схема,жұмбақ,сурет салу тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылыққа,әдептілікке, әсемдікке, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қадірлеуге баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Анықтау, ажырату, ойлау қабілеттерін арттыру. Ауызша және жазбаша тілдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту.Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге үйрету.
Сабақтың жабдықталуы: Суреттер,оқулық, жаңа сөздер, сөзжұмбақ , ойын «Дұрыс айт», «Таныстыру», «Кім тапқыр» , үнтаспа, интерактивті тақта.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттықтыру, бекіту, әңгімелеу, сөйлесу, ойландыру, әңгімелеу, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
ә) Кезекшімен сұхбаттасу
-Бүгін класта кім кезекші? Класта кім жоқ? Бүгін нешесі? (Слайд № 2)
б) Сенің атың кім?
в) Сен нешедесің?
-Балалар, қазір біз бір-бірімізге «Сенің атың кім?», «Сен нешедесің?»сұрақтары арқылы өз білімдеріңізді тексеріп жіберейік.
2. Үй жұмысын тексеру (жұмбақтар шешу) ( Слайд №3 )
1.Ұшымен қазық, 3.Жұқа тастай бөлшегі,
Тор көзді жазық, Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)
Үстінен өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер) 4.Қабы отау,
2.Қабат-қабат қаттама, Діні бояу. (Қарындаш)
Ақылын болса аттама. (Кітап) 5. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.(Қалам) 3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау. ( слайд № 4)
-Балалар,қане бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайық.
-
-Нені тамашалап отырмыз, қандай жыл мезгілі?
-Күз
-Дұрыс.Ал күз қандай жыл мезгілі?
-Суық болады, жаңбыр жауады.
-Құстар қай жаққа ұшады?
-Құстар жылы жаққа ұшады.
-Дұрыс.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Күзде» деп аталады. Бұл сабақта біз жаңа сөздермен танысамыз. Олармен сөзтіркесін, сөйлем құрастырамыз.Алған білімдерімізді сөзжұмбақ шешу, сөйлесу , әр түрлі тапсырмалар арқылы бекітеміз.
-Бүгінгі сауат ашу кезеңіміздің әрпі К к дыбысы, дәптерлеріңізді ашыңыз күнің жадын жазыңыз. ( слайд № 5)
Қарашаның жырма төрті
Класс жұмысы
Күз
Кк Кк Кк Кк Кк
Күз күз Күз күз
-Жарайсыңдар!
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Сөздік жұмыс ( слайд № 6)
- Енді, балалар, осы сабағымыздың жаңа сөздермен танысайық.
Күзгі-осенний (-яя,-ее,-ие)
Қыркүйек-сентябрь
Қазан-октябрь
Қараша-ноябрь
Ұшып кетеді-улетают
-Мен оқимын,сіздер қайталайсыздар.
ә) Ойын « Дұрыс айт»
-Балалар, енді жаңа сөздерді «Дұрыс айт» ойыны арқылы бекітеміз.
( Мұғалім жаңа сөздерді арластырып, оқушыға айтып, доп лақтырады.Ал оқушылар жауап береді).
в) Сөз тіркесін ,сөйлем құрастыру. ( слайд № 7)
-Енді осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырайық.( Мұғалім әр сөздің суретін көрсетеді).
-Мынау не?
-Мынау ... алма, жүзім, ағаш, анар,пияз
-Мынау қандай ...?
- Мынау ... ...
-(Мысалы: үлкен алма, жасыл алма т.б.)
-Енді үш сөйлемдерді дәптерлерімізге жазайық.
Ботагөз- Мынау қызыл алма.
4. Сергіту сәті ( слайд № 8)
- Шаршап қалған шығарсыңдар? Сергіту сәтін өткізіп жіберейік.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Су құйғанда өседі.
5. Жаңа тақырыпты бекіту.
а) мәтінмен жұмыс ( слайд № 9)
1) кітаппан оқу
-Оқулығымыздың 45 бетін ашып мәтінге назар аударыңыз.
2) мұғалім оқу.
-Ал енді мен мәтінді дауыстап оқимын, ал сіздер кітаптан тексеріп отырыңыздар.
Күз
Күз айлары-қыркүйек,қазан,қараша.Қыркүйек-айында балалар мектепке барады.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күзде жемістер, жидектер, көкөністер көп.
3) орыс тіліне аудару
Осенье месеца-сентябрь,октябрь,ноябрь.Сентябре месеца дети идут в школу.Птицы улетают в теплые края.Осенью фрукты,ягоды,овощи много.
4) тізбектеп оқу
- Ал енді мәтінді тізбектеу арқылы оқиық. (оқушылар бір-бір сөйлемнен оқиды)
5) топпен оқу
-Ал енді бәріміз бірге оқиық.
( Балалар, адам табиғаттың бір бөлігі , сол себептен біз оны үнемі қорғауымыз, аялауымыз, қамқорлық жасауымыз керек.
-Табиғатты қорғау кімнің парызы?
- Менің. Сенің, оның, біздің парызымыз.)
ә) Сөзжұмбақ шешу ( слайд № 10)
-Қазір сөзжұмбақ шешеміз.
а ғ а ш
А л м а
А л м ұ р т
Ж а п ы р а қ
А н А Р
Ө р і к
Ж ү з і м
П и я з
8. Шығармашылық жұмыс. ( слайд № 11)
- Алдарыңыздағы ақ бет қағазға топпен күз мезгілі суретін салыңыз. (3 топ қорғап шығады, ал мұғалім барлығын мақтайды, тек бір топтың жұмысына ерекше назар аударады.) - Жарайсыңдар.
9. Сабақтың қорытындысы.
- Балалар, бүгін не істедік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? Қандай ойындар ойнадық? Қандай тапсырмалар орындадық?Тағы не істедік?
10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма беру. ( слайд №12)
4- тапсырма 46 бет, жаңа сөздерді жаттау
-Сабақ аяқталды. Сау болыңыз! Сау болыңыз.
Қосымша тапсырма ( слайд № 13)
-
Ойын «Кім тапқыр».
-
3-тапсырма 45 бет топпен ойын ретінде ойнау.