7


  • Учителю
  • Қазақ тілі 'Азық- түлік дүкені' 5 сынып

Қазақ тілі 'Азық- түлік дүкені' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЧИР АУДАНЫ ВОСКРЕСЕНКА ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ





Азық - түлік дүкені



ҚҰРАСТЫРҒАН: ЖАРМУЛДИНОВА ДИНАРА РАШИДОВНА



2014 - 2015 оқу жылы

Күні: 19.11.14 пәні: қазақ тілі сыныбы: 5 «б»

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік дүкені

Мақсаты: а) оқушылардың ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін дамыту.

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып,балалардың тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,отбасын,үйін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену,мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ басталады оқушылармен амандасамын: Сәлеметсіңдерме балалар!Отырыңдар! түгендеймін ,оқу құралдарын тексеремін,сыныптың тазалығына көңіл бөлемін,зейіндерін сабаққа аударамын.

ә)Үй тапсырмасын пысықтау: үй тапсырмасын сұраймын «Асқа берілетін бата» жаттау.

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.


сары май - сливочное масло

төлем қағазы - чек

қанша төлеуім керек - сколько должен заплатить

қанша тұрады - сколько стоит

сатып алушы - покупатель

ет - мясо

өлшеңізші - взвесьте

орап беріңізші - заверните



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Жанат: Сәлеметсіз бе?

Сатушы: Қайырлы күн! Сіз не аласыз?

Жанат: Маған 1 келі сары май, 2 келі қант өлшеңізші.

Сатушы: Сары майдың қай түрін аласыз? Бізде шаруа майы, жайлау

майы бар.

Жанат: Шаруа майынан 1 кг. өлшеңіз.

Сатушы: Тағы не аласыз? Бізде шұжықтың жаңадан түскен әр түрлі

сорттары бар.

Жанат: Маған сервелаттан беріңіз. Барлығына қанша төлеуім керек?

Сатушы: Сізден 1325 теңге. Ұсағыңыз болса ,25 теңге беріңіз.


Жанат: Ұсақ ақшам жоқ. Міне, 1400 теңге, алыңыз.

Сатушы: Қалған ақшаңызды алыңыз. Келіп тұрыңыз.


Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Жанат қандай дүкенге барды?

2. Ол не сатып алды?

3. Жанат неше келі май сатып алды?

4. Оған қандай шұжық ұнайды?

5. Ол қанша теңгеге азық-түлік алды?

6. Жанатта ұсақ ақша болды ма?

7. Ол сатушыға неше теңге берді?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Саған азық-түлік дүкені жақын ба?

  • ............................................................

  • Сен азық-түлік сатып аласың ба?

  • ..............................................................

  • Бүгін не сатып алдың?

  • ................................................

  • Сен қандай нан түрін қалайсың?

  • ...........................................

  • Дүкенде көкөніс сата ма?

  • ..................................................

  • Етті қайдан сатып аласыңдар?

  • .................................................

  • Арзан бағамен азық-түлікті қайдан алуға болады?

  • .....................................................


4-тапсырма. Берілген сөздерді сәйкестендіріп, сөйлем құраңдар.


Дәмді күріш

Ақ тағам

Сапалы алмұрт

Пайдалы өнім

Қызыл бұрыш

Тәтті балық

Ащы ет


5-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

1. Базарда қойдың,сиырдың,жылқының етін сатады.

2. Бүгін дүкенге ауылдан сүт,қаймақ әкеледі.

3. Қызыл балық пайдалы.

4. Апам күріштен палау дайындады.



Қорытынды: 1. Жанат қандай дүкенге барды?

2. Ол не сатып алды?

3. Жанат неше келі май сатып алды?



Бағалау: сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.

Рефлексия:

Сабақта білдім

Узнал на уроке

Тақырып жөнінде өз пікірім

Личное отношение к изучаемому

Мұғалімге бүгінгі сабақ жөнінде хат

Письмо учителю о сегоднешнем уроке






Үй тапсырмасы: «Азық - түлік дүкені» тақырыбына шағын шығарма жазып келіңдер.

Сабақ аяқталды! Сау болыңдар! Кезекші тақтаны сүрт!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал