- Учителю
- Разработка урока: Біздің аулада (2 класс)
Разработка урока: Біздің аулада (2 класс)
Сабақтың тақырыбы:Біздің аулада
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Біздің аула тақырыбы төңірегінде сөйлей білу. Берілген тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Төмен деңгейдегі оқушыларды жоғары деңгейге көтеру мақсатында жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін орынды қолдануға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, тақырыптық суреттер
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздендіру, ойын
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) сыныпты түгендеу
Б) Күнді жаздыру
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, оқылық! (Давайте, дети, учится!)
Оқығанды көңілге, (А учиться, так на радость,)
Ықыласпен тоқылық! (Добросовестно, с умом!)
Ы. Алтынсарин
Тілдік жаттығу.
У-у-у-мөлдір су.
Ұлт-ұлт-ұлт-ақша бұлт.
Ұз-ұз-ұз-көкше мұз.
Уа-уа-уа-таза ауа.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
№ 2 жұмыс дәптердегі тапсырмаларды тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
2-тапсырма.
-
Бұл не?
-
Аула қандай?
-
Аулада нелер бар?
-
Аулада тағы не бар?
-
Аулада нелер көп?
Жаңа сөздер:
аула - двор
Адамдар - люди
Тұрасың - живешь
Таза - чистый
1.Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
2.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
а)Мұғалім мәнерлеп оқиды.
ә)Оқушылар дауыстап қайталайды.
б)Оқушылар тізбекпен оқиды.
3. Сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру. «Сиқырлы қалпақ» ойыны арқылы сөз тіркесін құрату. Ойын шарты: музыка арқылы қалпақты бір-біріне кигізеді, музыка тоқтаған кезде қалпақ кімде қалса, сол бала сөз тіркесін құрастыру керек.
-
Жұппен жұмыс. Диалогты оқы
- Сенің аулаң қандай?
- Менің аулам таза.
- Сен қай көшеде тұрасың?
- Мен Тәуелсіздік көшесінде тұрамын.
- Сен қай мектепте оқисың?
- Мен № 29 мектепте оқимын.
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Мен екінші сыныпта оқимын.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ3
Ақылменен хлоп3
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда
Грамматикалық тақырып.Кесте арқылы түсіндіру. КӨптік жалғаулар (Множественное число существительных)
1.Множественное число существительных в казахсом языке образуется при помощи окончаний -лар/-лер; -дар/-дер; -тар/-тер. Например: бала-лар - дети, қалам-дар -ручки, жігіт-тер - джигиты.
2.Чередование гласных в окончаниях определяется правилами сингармонизма: если последний слог слова - твердый, то прибавляются суффиксы -лар, -дар, -тар. Например: ана-лар, қыз-дар, жас-тар. Если последний слог слова - мягкий, то прибавляются суффиксы -лер, -дер, -тер. Например: әке-лер, тіл-дер, жігіт-тер.
Көптік жалғау (множественное число)
дар/дер
Л, м, н, ң, ж, з
тар/тер
П, к, қ, т, с, ш, щ /б, в, г, д
лар/лер
А, ә, о, ұ, ү, е, ы, і, ө, о, у, и/ р, у, й
Жаттығулармен жұмыс. Төмендегі сөздерге көптік жалғауларды жалғап жазыңдар.
Айна..., дәптер..., азамат..., ай..., хат..., апта..., сан..., кітап..., тау.., бөлме..., үй..., ана..., есік..., зат..., маман..., көйлек.., мектеп.., сурет..., мейрам.
2-тапсырма. «Шатыспақ» ойыны. Сөздерді дұрыс тап!
Өшек, кленү, атза, дама, ұрматын,
3-тапсырма. Дәптермен жұмыс.4-тапсырма
Көшеде машиналар бар. Көшеде бағдаршам бар.
Сабақты қорытындылау:
Үй тапсырма:
1) сөздік жаттау.