7


  • Учителю
  • Өзін - өзі тану бойынша сабақ жоспары «Елім деп соғар жүрегім...».

Өзін - өзі тану бойынша сабақ жоспары «Елім деп соғар жүрегім...».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп № 20 лицей - мекткбі Күні: . № сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Елім деп соғар жүрегім...»

Құндылық: Қарым - қатынас жарастығы

Қасиеттер: Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге махаббат.

Педагог: Баильдинова Д.С.

Сынып: 8 к

Оқушылар саны:Сабақтың мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты: Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.

Дамытушылық мақсат: Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

лирикалық әуен

Геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысының анализі

2 минут

3. Үй тапсырмасын тексеру.





  1. Дәйексөз.

«Алтын анам, Отаным!

Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.»

М. Әуезов

- Осы дәйексөзді қалай түсінесіз?

- Отан дегене не?

- Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?

- Адамның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?



Дәптерге жазу. Бәрі бірге хормен оқу.

Өз ойларын білдіреді.

5 минут

  1. Сыйлық. Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңі.</</p>

Тақырыпты ашу үшін АКТ арқылы бейнекөрініс көру.

2 минут

  1. Шығармашылық бағыт.

Оқушылардың таңдаған геометриялық пішіндер арқылы екі топқа бөлінеді.

Интерактивті тақтаны қолдана отырып берілген тапсырманы орындайды. Тақтада берілген тамшыларды әр топ өздерінің жауаптарын қаламмен жазады.

Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті.

1 - топ. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек екенін жазу. Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.

2 - топ. Елдің гүлденуі үшін оқушылар қандай іс - әрекеттер жасау керек.

Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен іледі.

-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған тамшыларды қосқанда үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адам өз елінің патриотты болса, гүлденуіне үлесін қосса, біздің елімізде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.



  1. Топпен өлең оқу.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған елім»



Үміт қып менен қарайсың,

Көңіліңе медеу санайсың.

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың.

Қайтейін, елім, қимаймын,

Қия алмай жанды қинаймын.

Қимай қалсам, ішіңде

Тағы тыншып сыймаймын.

Алты қырдан ассам да,

Сөздеріңді сыйлаймын,

Тек қалауым сіздерден:

«Серіктікті» милаймын.

Сіздерге әкеп шашуға,

Ілім, білім жинаймын.

Келді хатың мен шаршап

Отырғанда дамығып,

Хабарыңа бек аңсап

Сүзіліп көңілім талығып.

Сөзіңнен көріп өзіңді,

Құшақтай алдым қамығып.

Өлең оқу.

  1. Үй тапсырмасы.

Мәтінді оқу 85 - 86 бет. Сұрақтарға жауап беру.



  1. Релаксация.

Оқушылардың сабақта берілген ақпаратты қаншалықты жақсы меңгергенін анықтау. «Баспалдақ жетістігі»

оқушыларға қиылған жұлдызшалар беріледі. Ал тақтада баспалдақ салынған әр оқушы тақырыпты қаншалықты жақсы түсінгені бойынша баспалдақтың қай сатында тұрғанын көрсетеді.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Жаңбыр тамшыларыныңм әуені ойнап тұрады.



















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал