- Учителю
- Азық түлік дүкенінде 4-сынып
Азық түлік дүкенінде 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дүкендер 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Дүкендер» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру; сөзтіркес пен сөйлемдер құрастыруды үйрету. Тарау бойынша тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық:Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сұрақтарды дұрыс түсініп, дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жазуға, еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу. Сатушы мамандығын пайдалы екендігін айтып түсіндіру.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын тексеру
-
Сабақтың мақсатың, барысын айту
-
Жаңа сабақ
Тақтада әр түрлі дүкендер бейнеленген сурет ілулі тұрады. Мұғалім сұрақ - жауап әдісімен жаңа тақырыпқа шығады..
Тілдесім:
Мынау нелер?
Бұл қандай дүкен?
Жемістер, көкөністер дүкенінде не сатылады?
Азық - түлік дүкенінде не сатылады?
Мынау қандай дүкен?
Кеңсе тауарлар дүкенінде нелер сатылады?
Мынау қандай дүкен? Киім дүкенінде нелер сатылады?
Сонда осы суреттеде нелер бейнеленген?Бір сөзбен қалай айтамыз?
-Дұрыс, дүкендер.
Сөздік жұмысы:
Азық - түлік дүкені - продуктовый магазин
Киім дүкені - магазин одежды
Жемістер, көкөністер дүкені - магазин овощей и фруктов
Кеңсе тауарлар дүкені - мағазин каңц. Товаров.
1)Оқушылар тізбектеп оқиды, қайталайды.
2)Сөз тіркестерін құрастырады.
3)Сөйлемдер құрастырады.
Оқылым: 131 беттегі №1 тапсырма. Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды, орыс тіліне аударады. Бірінші қатар қазақ тілінде оқиды. Екінші қатар орыс тіліне аударады. Әңгімелейді.
Жазылым: 1) 1 топ - «Дүкендер» әңгіме құрастырып жазады.
2 топ - «Дүкендер» 3 - 4 сұрақ - жауап арқылы диалог құрастырады.
3 топ - 133 беттегі №4 тапсырма. Қай зат қай дүкенде сатылады? Сөздерді екі бағанаға бөліп жазады.Киім дүкені
Көкөніс дүкені
-
Сабақты қорытындылау, бағалау. Әр топ ассоциациясын құрастырады. Тақырыптары: «Азық - түлік дүкені», «Киім дүкені», «Кеңсе тауарлар дүкені»
6.Үйге тапсырма: «Дүкендер» әңгімелеу
Жаңа сөздерді жаттау.
Сабақтың тақырыбы: «Азық - түлік» дүкені 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Азық - түлік дүкені туралы толық түсінікерін беру. Сурет бойынша сөйлемдер құрай білу, әңгімелеу, сөздік қорын молайту. Етістіктердің шақтарың дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Дамытушылық: Сөйлемдерді өрбәтәп, дамытып, жазу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тамақтану әдебін сақтау туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме айту, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын тексеру
-
Сабақтың мақсатың, барысын айту
-
Жаңа сабақ
«Азық - түлік» дүкені суреті арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Тілдесім:
-
Мынау не?
-
Бұл қандай дүкен?
-
Азық - түлік дүкені қандай?
-
Азық -түлік дүкенінде нелер сатылады?
-
Азық - түлік дүкенінде қандай сүт тағамдары сатылады?
-
Азық - түлік дүкенінде қандай ет тағамдары сатылады?
-
Азық - түлік дүкенінде қандай ұн тағамдары сатылады?
-
Азық - түлік дүкенінде қандай тәтті тағамдар сатылады?
-сонда балалар, бүгінгі тақырыптың аты қалай?
-дұрыс, «Азық - түлік дүкені»
Айтылым: 133 беттегі №1 тапсырма. Оқушылар суретті әңгімелейді.
Керекті сөздер: сатушы, азық - түлік, сатып алушы, төледі, сөрелерде, үстінде, астында.
Оқылым: 134 беттегі №2 тапсырма. Оқушылар диалогты мәнерлеп оқиды. Көп нүктенің орнына бағаларын қойып айтады.
Жазылым. 1 топ:134 беттегі №4 жаттығу. Адасқан сөздер бар сөйлемдерді тауып, қатесіз құрастырып жаз.
-
Ет дүкенінде сүт сатыдалы.
-
Ернұр бір килограмм айран сатып алды.
-
Мен киім дүкенінен кеңсе тауарларын сатып алдым.
-
Біз бұ\үгін көкөніс дүкеніне кеңсе тауарларын сатып алдық.
2 топ. 134 беттегі 3 жаттығу. Сөздерді дұрыс аударып, осы сөздер арқылы сөзтіркестерін құрастыру.
Керекті сөздер: мясо - ет, сыр-ірімшік, молоко-сүт, соль-тұз, хлеб-нан, сахар-қант, кефир-айран, сметана-қаймақ, колбаса-шұжық, творог- сүзбе.
Үлгі: дәмді ет, жұмсақ ірімшік, суық сүт, ақ тұз, нан сатып алдым, тәтті қант, қышқыл айран, қаймақ жедім, өте дәмді шұжық т.с.с
3 топ. 135 беттегі №5 жаттығу. Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап жаз.
Шұжық .../-ты, -ті/, нан ...../-да, -те/, тауар ... /-мен, - бен/, дүкен..../-нің, -ның/, алма .../-лар, - дан/, киім .../-ні, -ді/, айран ....../-да, -ны/, сүт ....../бен, -пен/.
Үлгі: шұжықты, киімді, нанда, тауармен, дүкеннің, алмалар, айранда.
5)Сабақты қорытындылау, бағалау.
Азық - түлік дүкені
Ет тағамдары
Ұн тағамдары
Сүт тағамдары
Тәтті тағамдары
6) Үй тапсырмасы: «Азық - түлік дүкені» әңгіме немесе диалог құрастыру.