7


Синонимдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:білімділік: мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасыноқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру.Тәрбиелік: сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру,тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік,
предварительный просмотр материала

«Манашы орта мектебі» ММ



Ашық сабақ



Тақырыбы: «Сининимдер» 5 «Ә» сынып

Өткізген:Хаметханова К

2014\2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:Синонимдер

Сабақтың мақсаты:

білімділік: мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасыноқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру.

Тәрбиелік: сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру,тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырластық рухында тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау,өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін, сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру. (Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау)

2. Үй жұмысы, пысықтау сұрақтары.

1.Омонимдер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

2.Омонимдер қандай сөздерге ұқсас болып келеді?

3.Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы қандай?

4. Туынды омоним дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Жаңа тақырыппен байланыстыру: Сөзжұмбақ «Сининим» сөзі шығады.



«Өнер алды- қызыл тіл»,

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай, талмай үйрен, біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл- асыл қазына,

Байлығың-білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің



Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мысалдар:

1.Абыроай да, бақ та, атақ та, даңқ та- бәрі осы егісте.

2. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала- өжет, тапқыр, шешен әрі ақылды кейіпкер.

3. Ата-анамыз бізді жан аямай бағады, өсіреді,тәрбиелейді.

Мағынаны ажырату. Оқушыларды үш топқа бөлу.

Топқа тапсырма. 1 -топқа: шөлдеу,....

2-топқа: әдемі,....

3- топқа : түр,....

II -тапсырма. Мәтінмен жұмыс.



Мемлекеттік рәміздер.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын , ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.



Тәуелсіз-егеменді; ту-байрақ; қыран-қырағы құс, көреген, жіті; заман-кезең, уақыт, дәуір; ғұмыр-өмір.



Мәтіннен асты сызылған сөздерді оқып, сининимін айту.

III-тапсырма. Суретпен жұмыс (Топтық жұмыс) Оқушыларға сұрақ қоя отырып, жауаптарына сининимдік қатар айтқызу (мамандықпен байланыс).



YI-тапсырма. Графикалық диктант. Синоним сөздердің екі сыңарын табу.

Оқулықпен жұмыс. 70-жаттығу.

Жаңа сабақты бекіту. Тест жұмысы.



Бұл тапсырманы оқушылар тест түрінде орындап, жұп-жұбымен тексеріп, бір-біріне баға қояды.

1.Синоним дегеніміз-

А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер

В) Қарама-қарсы сөздер

С) Жазылуы әр түрлі , мағыналары бір-біріне жуық сөздер

2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.

А) Мықты

В) Атақ

С) Дәулет

3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына жатады?

А) Сын есім

В) Зат есім

С) Үстеу

4. «Адам» сөзінің синонимін тап

А) Шәкірт

В) Дос

С) Кісі

5.Синонимдік қатардың дұрысын тап.

А )Күлу, сықылықтау, жылау

В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым

С) Көне, жаңа, ескі



Венн диаграммасы

Омонимдер Ортақ қасиеттері Синонимдер

Өзіне тән белгілері 1 тіліміздегі Өзіне тән белгілері

1 айтылуы бірдей, сөздердің қолданылу 1 айтылуы бөлек,

Мағыналары бөлек сөздер аясының кең екенін мағыналары жақын сөздер көрсетеді 2 сөз байлығын көрсетеді 2 бір сөз табына қатысты болып,

2 әр сөз табынан болады, 3 көркем әдебиетте, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін

Соған орай атқаратын жұмбақ,жаңылтпаш,өлең атқарады.

Қызметтері де бөлек болады жолдарында көркемдік

Әдіс ретінде



Кері байланыс. Рефлексия.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Оқушылардың мамандықтар бойынша синоним сөздерді қатыстыра отырып шағын мәтін құрастыру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал