- Учителю
- Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 5сынып
Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 5сынып
Қазақ тілі сыныбы :5
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерінн өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;
Тәрбиелік: мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Дістүрлі емес, талдау сабағы
Сабақтың әдісі: Іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, даралық және топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау
«Жүректен - жүрекке» (тренинг)
Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
121 - жаттығу
-
Тұрақты тіркес пен еркін тіркестердің айырмашылықтары мен ортақ белгілерін ата.
Үй тапсырмасын қорытындылау
Тест жауаптарын таба отырып, тұрақты тіркестің ережесін шығару
-
Тұрақты тіркеске тән белгіні көрсет
А) Бетінен оты шықты - ұялды
Ә) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Ереже: Тұрақты сөз тіркестердің құрамындағы сөздер 4-еу немесе 5-еу болса да бір мағына береді.
-
Қай тұрақты сөз тіркестің құрылысы дұрыс орналасқан?
А) Тайға таңба басқандай
Ә) Зу жүрегі етті
Ереже: Тұрақты сөз тіркес сыңарларының орнын ауыстыруға, алмастыруға болмайды.
-
Тұрақты тіркестің ерекшелігін тап.
А) Оның бетін қақпай (қалай? пысықтауыш) өсірді
Ә) Ерке түнімен көзін ілмеді (Несін? Нені? Не істеді? толықтауыш, баяндауыш)
Ереже: Тұрақты тіркес бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
І Ізденіс кезеңі
Үйден оқушыларға өз беттерімен ізденіп, мақал-мәтелдерді жазып, жаттап келуге берілген болатын.
Ұжымдық жұмыс. Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.
Даралық жұмыс. Мақал-мәтелдің мағынасын ашып, өмірде тиімді қолдана білудің ерекшелігін дәлелдейді.
Жаңа сабаққа өздіктерінен ізденіп, қол жеткізуге бағыттау үшін кестеге назар аударады.Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Үлкенді сыйласаң,
Қадірлі боласың.
-
Ақыл-өсиет айтылған ба?
Үлкенді сыйлауға өсиет айтып тұр
ІІ Жаңа білімід меңгерту кезеңі
Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы мынада:
-
Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
-
Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.
Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері
Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады
Белгілі бір тұжырым, түйінді береді
Ақыл, өсиет айтылып, адамгершілікке үндейді
Мақал-мәтелдердіңерекшеліктеріОй неғұрлым ашық айтылады
Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы.
Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.
Көп түкірсе - көл.
3
Ақыл, өсиет түрінде келеді
Бірлігі күшті ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.
Көбіне эмоциялық реңк басым.
Қызым, саған айтам, келін, сен тыңда.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.
Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу-білім т.б.
ІІІ Практикалық дағды кезеңі
Балалар, сабақ барысында білімімізді ең биік шыңға көтеруге ұмтыламыз. Сіздер бағындыратын білімнің биік шыңы Білім пирамидасымен өлшенеді.
І саты (Оқушылық деңгей)
-
Бірнеше сөздер беріледі: Ана, еңбек, дос,ел. Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып бір-екі сөйлеммен өз сезімдерін білдіреді.
ІІ саты (Алгоритмдік деңгей)
126-жаттығу, Мақал-мәтелдерді аяқтау.
ІІІ саты (Ізденімдік деңгей)
-
127-жаттығу. Мақалды бөлек, мәтелді бөлек жазу.
Мақалдар
-
Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сіулесіне зәру.
-
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
-
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер қарады.
-
Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп.
-
Ең әдемі сөз - ең ақылды сөз.
Мәтелдер
-
Жақсы адамға жау жоқ.
-
Кәрі түлкі қақпанға түспес.
-
Екі қораз ен қорағасыймас.
-
Ауыртпалық ақыл қосар.
-
Ұжданы ақтың жүзі ақ.
-
Қыздың көзі қысылды.
Ә) «Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті.
Еңбек түбі - Зейнет
Бейнет түбі - Береке
Ұрлық түбі - Қорлық
Сөз анасы - Құлақ
Су анасы - Бұлақ
IV саты (Шығармашылық деңгей)
Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
-
Әр топқа тақырып беріледі. І қатар - Ата-ана
ІІ қатар - Отан
ІІІ қатар - Еңбек
-
Тақырыпқа сай сурет.
-
Тірек сөздер мен сөз тіркестері, мақал-мәтелдер.
-
Оқушылар құрған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тілі мен ағылшын тіліне аудар.
Ата-ана тақырыбына: аялы алақан, мейірім, парыз, сәби тілегі, «Қыздың ұяты - шешеге», «Шеше көрген тон пішер».
Отан тақырыбына: қызмет ету, еңбегі жану, «Отанды сүю - отбасынан басталады», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», «Отан үшін отқа түс - күймейсің».
Еңбек тақырыбына: еңбек ету, маңдай тер, мақсат қою, «Еңбек түбі - береке», «Ердің артын - еңбек шығарар».
Сабақты қорытындылау:
-
Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?
-
Мақал-мәтелдердің айырмашылығы неде?
-
Мақал мен мітелдердің авторы кім?
Қорытындылау: Сөзжұмбақ.
-
Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі.
-
Заттың атын білдіретін сөз табы.
-
Жылқы пірі.
-
Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.
-
Жеке заттарға қойылатын атау.
-
Балаға ең қымбат.
-
Білім беретін мекеме.
-
Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.
-
Көркемдеп суреттеуде затты немесе құбылысты екінші затпен не құбылыстармен салыстырып бейнелеу.
-
Сиыр пірі.
-
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
О
Н
И
М
З
А
Т
Е
С
І
М
Қ
А
М
Б
А
Р
А
Т
А
О
Д
А
Ғ
А
Й
Ж
А
Л
Қ
Ы
А
Т
А
-
А
Н
А
М
Е
К
Т
Е
П
М
Ә
Т
Е
Л
Т
Е
Ң
Е
У
З
Е
Ң
Г
І
Б
А
Б
А
Ш
Ы
Л
А
У
Үйге тапсырма:
Әр сыныпқа мақал-мәтел жазып келу.
131-жаттығу
Бағалау:
</