- Учителю
- Қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары. (6 сынып)
Қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары. (6 сынып)
«Мендіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Теңіз негізгі мектебі» ММ
Мұғалім: Омарханова Салтанат
Тоқтарқызы
Білімі: арнайы орта
Еңбек өтілі: 10 жыл
Біліктілік санаты: екінші
Пән: қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Қыс келбеті. Слайд 1
Сабақтың мақсаты:
-
Қыс мезгілі туралы мәліметтерді жүйеге келтіру. Зат есімнің ережесін пысықтау.
-
Коммуникативтік дағдыларын дамыту, ауызекі сөйлеуге жетілдіру.
-
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: кітап, карточка, презентация (ИКТ)
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Рефлексия: Қыс мезгіліне байланысты сөздер. (постер) Приложение №1 №1(2) (фото)
II. Үй тапсырмасын тексеру: слайд 2
"Мені аяқта"
-
Қыс азығын жаз жина .
-
Мезгіл жетсе, мұз ерір.
-
Қыстың көзі - қырау.
-
Қыстың қымын жазда ойла .
2. Семантикалық картамен жұмыс.
Берілген кестедегі зат есімдерге көптік жалғауын дұрыс жалғап белгілендер. Приложение № 2
-
III. Жаңа сабақ слайд 3
-
Фонетикалық шынықтыру.
Қыста, күн қысқа.
Күн қыста, тым қысқа.
Сөздік диктант:
Зимой, часто, мороз, описывать, кататься, расцветать.
Қыста, жиі-жиі, аяз, бейнелеу, сырғанау, жайнау.
-
Карточкалармен жұмыс Приложение №3№3(2) (фото) слайд 4
№ 1
-
Берілген зат есімге, сан есімге фонетикалық талдау жасаңдар:
Қыс. Астана. Жиырма бес.
-
Берілген зат есімдерді жіктеңдер:
Спортшы, бала.
-
Мен спортшымын, баламын.
-
Сен спортшысың, баласың.
Сіз спортшысыз, баласыз.
-
Ол спортшы, бала.
№ 2
-
Берілген зат есімдерді тәуелдеңдер.
Шана. Шаңғы.
-
Менің шанам, шаңғым.
-
Сенің шанаң, шаңғың.
Сіздің шанаңыз, шаңғыңыз.
-
Оның шанасы, шаңғысы.
I. Біздің шанамыз, шаңғымыз.
II. Сендердің шаналарың, шаңғыларың.
Сіздердің шаналарыңыз, шаңғыларыңыз.
III. Олардың шаналары, шаңғылары.
-
Зат есімге 25 сөз тауып жазыңдар.
-
Кітаппен жұмыс слайд 5
Өздік жұмыс
3 - тапсырма.
Сергіту: Тәуелсіздік күні туралы видео ролик қарау. слайд 6
4 -тапсырма. 3- деңгей слайд 7
-
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар. 111 бет
2 деңгей
-
Төмендегі берілген өлеңді оқып, қай тақырыпқа байланысты айтылғанның айтындар және зат есім бар сөздерді теріп жазыңдар.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Он алтыншы желтоқсан -
Елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары,
Арымыздай тап - таза,
Жанымыздай шуақты,
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.
-
Бекіту: Оқушының білімін пысықтау сұрақтары. Приложение №4
слайд 8
1. Жұмбақтардың шешуін табындар.
Қанаты жоқ, ұшады.
Аяғы жоқ, желеді,
Ауызы жоқ, ұлиды. (Боран)
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
-
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен дұрыс сәйкестіріңдер.
-
Ақша қар А. боран соғып тұр
-
Мөлдір көк аспан Б. салды
-
Қара жер В. шаңғымен сырғанайды
-
Бір топ бала Г. қардан көрпе жамылды
-
Аяз терезеге ою өрнек Д. жайнайды
-
Далада Е. жауып тұр
1_____, 2____, 3____, 4____, 5_____, 6____.
-
Сөйлемді дұрыс құрандар.
Бетін, жер, ақ, басады, қар.
Дұрыс жауабын жаз: Жер бетін ақ қар басады.
-
Сандардың орнына тиісті сөздердің дұрыс жауабын тауып белгілендер.
-
Қар жауып 1.
-
Жерде қар 2.
-
Біз бүгін түстен кейін 3.
-
Қыста жиі қар жауып, 4 соғады.
-
а) тұр; б) тұрса; в) тұрыпты;
-
а) қалыңдау; б) қалың; в) қалыңырақ;
-
а) мұзда; б) мұз айдынына; в) мұзбен;
-
а) боранда; б) боранмен; в) боран;
1_____, 2____, 3____, 4____.
Бағалау критериі: 1 сұрағына 1 баллдан; 2, 3 сұрақтарына 2 баллдан; 4 сұрағына 3 баллдан беріледі.
«5» -ке 7-8
«4»-ке 5-6
«3»-ке 4-3 Балл: _______ Баға:______
V. Қорытынды: слайд 9
"Кім жылдам"1.«Снег» сөзінің қазақшасы?
2.Күзден кейін қандай мезгіл келеді?
3. Қыс мезгілінің алғашқы айы?
4. Қыста ауа райы қандай болады?
5. Биыл Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?
Рефлексия:
25 тілек сөздер жазу. Приложение № 5№5(2)(фото)
Бағалау:
VI. Үй тапсырмасы слайд 10
111 бет 4- тапсырма. 1 деңгей.
-