7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып 'Сан есім'

Қазақ тілінен сабақ жоспары 7 - сынып 'Сан есім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты: білімділік Сан есімнің түрленуін түсіндіру.

дамытушылық: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

тәрбиелік: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,жаттығу., талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сан есім дегеніміз не?

ІІ.Жаңа сабақ:Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.


Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін сөздер. Олар екі түрлі қызметте жұмсалады.

  1. Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.


  1. Санның атауы болып қызмет етеді де, не? деген сұраққа жауап береді.


Домбырада он перне, екі ішек бар.


Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады.

  • Есептік сан есімдер тек заттық ұғымда жұмсалғанда ғана түрленеді: көптелеі, септеледі, тәуелденед, жіктеледі.

  • Жинақтық сан есімдер көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін қабылдайды.

  • Бөлшектік сан есімдер әр түрлі септік жалғауларын қабылдай береді,, бірақ көптелмейді, тәелдік жалғауларын қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдаса, заттық ұғымда жұмсалады.

88- жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіру.

89-жаттығу. Мәтіндерді оқып шығып, сан есімді мағыналық түріне қарай ажырату.

ІІІ бөлімдегі сан есімдерді цифрмен жазып, емлесін айту.

Сан есімдер сандық мөлшерін білдіпі тұр ма, әлде заттанып тұр ма ажырату.

10 шақты, 50-60-тай, 7-8, 1,3.,3,5., 7-еу, 100-100-ден, 5-5-тен, 23-ші, 1956, 2-топ, 1975 жыл, 10-15-тей, 12-де, 37-де, 100 шамалы, 60-қа таяу, 17-ден асты.

90-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу, құрамына қарай талдау.

Он екі, жеті, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.

дара

күрделі

жеті

Он екі, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.


Жаңа материалды бекіту.

Қорытынды.

  • Сан есімдер нені білдіреді және сұрақтары қандай?

  • Сан есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?

  • Сан есімнің мағыналарына қарай қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

Үйге тапсырма.

  1. 91-жаттығу. Оқып шығып, сан есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдап, емлесін түсініп, сөйлем құрау.

  2. 92-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді тіркескен сөздерімен бірге жаттап келу.

Бағалау.

Тексерілді:______Досманова А

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сан есімнің сөйлемдегі қызметін түсіндіру.

дамытушылық мақсаты: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

тәрбиелік мақсаты: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,жаттығу, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу,түгендеу,зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сан есімнің түрленуі дегеніміз не?

ІІ.Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.

Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Атау септікте тұрып бастауыш болады.

Жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, баяндауыш болады.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіркендіктен, сөйлемде анықтауыш болады..

Септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.

Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді (мақал)

Атадан- алтау, анадан- төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)

Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.)

Кездесіп жетпіс үште іздегенім. (Жамбыл)

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады (мақал)

Алтау, төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел болса) деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрып, бастауыш болып тұр.

Алтау (біз алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) (І жақ жіктік жалғауы түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Бұл сөйлемде екі (неше?) деген сан есім «достың» деген сөзді, біреуінің (кімнің?) «ебі» дегенді анықтап тұр.

Жетпіс үште (қашан кездесіп?) пысықтауыш болып тұр.

Бірді, мыңды деген сан есімдер табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұр.

Сан есім зат есіммен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін атқарады.

Мысалы: Біз үш түрлі ( қандай?) кедергіден өттік. Гектарынан 15 центнер (қанша?)бидай орылды. (анықтауыш)

93-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып, қай мүше екенін, қандай сөзбен тіркесінін атаңдар.

Үлгі: Қанша үйлі жан?- жиырма- анықтауыш, есептік сан есім.

94-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдердің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын астын сызып көрсетіңдер.


95-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен сан есімдерді тауып, тұлғасына және мағынасына қарай талдаңдар.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.«Уақыт -таразы»деген тақырыпта сан есімдерді түрлендіре жұмсап,мақала жазып келу.

Бағалау.



Тексерілді:______Досманова А



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал