7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары тақырыбы 'Абай әлеміне саяхат ' (4 СЫНЫП)

Сабақ жоспары тақырыбы 'Абай әлеміне саяхат ' (4 СЫНЫП)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Келісемін:

Мерзімі:18.12.15.

уақыты:

Сыныбы: 4 «В»

Пәні:Абай әлеміне саяхат

Пән мұғалімі: Базарова Г. С

Тақырыбы:

А.Құнанбайұлы «Жақсылық ұзақ тұрмайды»

Мақсаты:

Оқушылардың «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі туралы білімдерін кеңейту

Міндеттері:

  1. Білімділік. Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынстағы мәнділігін түсіндіру;

  2. Дамытушылық. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамытады;

  3. Тәрбиелік. қайырымды, камқор болуға тәрбиеленеді

Сабақтың түрі:

дәстүрлі сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру,баяндау,сұрақ- жауап,мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі және құрал-жабдығы:

Абай суреті,өлеңдер жиағы,нақыл сөздері

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 минут

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

«Өлең - сөздің патшасы»,өлеңді мәнерлеп жатқа айту.

Қызығушылығын ояту

2 минут

Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу-өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла,

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің-ақыл айнасы.

Тиедісаған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.

  • «Жақсы болу -өзіңнен, Жаман болу-өзіңнен» деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?

  • Ақынның «жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын? деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?

  • Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар?

Сол сәтте қандай сезімге бөлендіңдер?

Әңгімелесу

 Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 Жақсылық жасау деген не?

 Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

 Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

 Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

-Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.


Жаңа сабақты түсіндіру

20 минут

Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әркез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.
Қос тепкіні салсаң да,
Уайымнан озбайды.
Бір қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды.
Жер қорығыш желгек шал
Желіп жүріп боздайды.
Құрсаған бұлт ашылмай,
Аспанның жүзі көгермес.
Үрпейген жүрек басылмай,
Талапты көңіл елермес.
Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні кезермес.
Шыдасаң есті қашырмай.
Құлдатып, қор қып жібермес.
Кез келсе қайғы қат-қабат,
Қаңғыртпай қоймас адамды.
Қасиетсіз туған - ол да жат,
Күңкілдеп берер сазаңды.
Бәрінен де сол қымбат,
Қайтерсің өңкей наданды.
Сыпыра батыр сұм құрбәт[1]
Мақтанмен алды мазамды.

Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

 «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

 «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.


Қорытындылау

10 минут

Дәйексөз

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

Халық мақалы.

Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да, жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адаимдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ло өзініңң жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық:«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»,-дейді. Мен де сендердің жақсылықтарың, жақсы істерің туралы жиі айтқым келеді. Сендер де өз сыныптарыңның, достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар. Сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтіні, оның шарапаты өзіңе, жақындарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер де жақсы білесіңдер. Алғычсқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.

Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Бағалау

2 минут

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма

1 минут

Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.


Шортанбай Қанайұлы

Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.

Ғабит Мүсірепов

Жаманмен салысып жақсы болмайсың.

Абай Құнанбаев

Жақсылық - ұзақ тұрмайды,

Жамандық - әркез тозбайды.

Абай Құнанбаев

Жақсы - жаны еріп тыңдайды.

Абай Құнанбаев

Жақсының - жолы ашық.

Абай Құнанбаев

Жақсылық- ұмыт,жаңылыс- кек.

Абай Құнанбаев

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.

Мұхтар Әуезов



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал