7


  • Учителю
  • Ашық сабақ: қазақ тілі мен әдебиеті 'Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл. Мекен үстеу. ' 7 класс

Ашық сабақ: қазақ тілі мен әдебиеті 'Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл. Мекен үстеу. ' 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы :Үстеудің мағыналық түрлері .Мезгіл . Мекен үстеу.

Сабақтың мақсаты :1. Оқушыларға үстеудің мағыналық түрлерін , жасалу

жолдарын меңгерту.

2. Ұлы Абай шығармаларын тапсырмаларға енгізу арқылы

адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру, оқушыны өзіндік

тұлға ретінде «Мен» тұжырымына қатыстыру .

3. Ақыл -ойларын іскерлік белсенділіктерін артыру .

Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгерту .

Сабақтың көрнекілігі :сызба ,таблица, семантикалық кеспе , кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру бөлімі .

ІІ. Үй таптырмасын пысықтау .

Сабақтың эпиграфы : Көкірегі сезімді ,көңілі ойлыға

Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда ?! Абай .

І-саты. «Мен дайындаламын» ( Психологиялық кезең )

Әрбір адам ? Туысым ,досым ,жұрағат.

Әрбір сабақ ? Үйрену , ұғу, ұлағат .

Әрбір сабақ ? Тірлік , тірек , адамдық.

Әрбір сөзім ? Шындық , бірлік , адалдық .

ІІ-саты . «Мен танысамын » (Жаңа сабақ )

Үстеудің мағыналық түріне қарай бөліну кестесі .


Үстеудің түрлері

Сұрақтары .

Мысалдары .

1.Мезгіл үстеуі

қашан? қашаннан?

Бүгін,былтыр,биыл,ертең,енді,таңертең

кешке,қазір,енді,ендігәрі,бұрын,күндіз,ерте-ден,бүрсігүні,күні бүгін,қыстай,ала жаздай,

бағана,күні-түні,бойы,қыстыгүні,әлгінде, т.б


2.Мекен үстеуі

қайда?қайдан?

Ілгері,кейін,әрмен,мұнда,осында,сонда,әрі,

бері,жоғары,төмен,алға,тысқары,артта т.б

3.Сын-қимыл(бейне) үстеуі

қалай?қайтіп? қалайша?кімше?

әрең, ақырын,бірден,бірге,бірте-бірте,

бұрынғыша,қолма-қол,осылай,сөйтіп,өйтіп-бүйтіп,әрең-әрең,келе сала,емін-еркін,т.б.

4.Мөлшер үстеуі.

қанша?қаншама?қаншалық? қаншалап?қалай?қалайша?

онша,сонша,соншалық,мұнша,неғұрлым,

мұнша,соғұрлым,анағұрлым,талай,бірталай?

5.Күшейткіш үстеуі

қалай? не мақсатпен ?

әбден,тым,ең,ылғи,кілең,сәл,өңкей,тіпті,нақ,

әнтек,мүлдем,дәл,нағыз,керемет,орасан,ерен,

әрен,аса,өте,т.б.

6.Мақсат үстеуі

қалай? не мақсатпен?

әдейі,әдейлеп,жорта,қасқана, т.б.

7. Себеп- салдар үстеуі

не себепті? қалай?

Босқа,бекерге,жоққа,құр босқа,лажсыздан,

Амалсыздан,шарасыздан.

ІІІ-саты. «Мен қиялдаймын» (оқулықпен жұмыс)

276-жаттығу (мезгіл үстеулерді тауып ,қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсету.)

279- жаттығу( берілген мекен үстеулерді кірістіре отырып сөйлем құрау .


ІҮ -саты « Мен талдаймын » Ұлы Абай өлендерінен үзінділерді оқып ,үстеулерді сұрақ қою арқылы тауып,құрамдық түрлерін анықтау.


1.Жоғары-төмен қаз-үйрек (Жоғары-төмен) кұрделі үстеу

Ұшып тұрса сымпылдап.


2. Жарамайды бекер алдау, (бекер) негізгі үстеу

Теңің емес мен сенің .


3.Жүрегімнің түіне терең бойла , (терең ) негізгі үстеу

Мен бір жұмбақадаммын оны да ойла .


4. Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. (кеш) негізгі үстеу


5.Ақырын жүріп ,анық бас , (ақырын ) негізгі үстеу

Еңбегің кетпес далаға.


6. Мен боламын демеңдер, (алшаң ) негізгі үстеу

Аяқты алшаң басқанға.

Ү-саты. « Мен салыстырамын » ( семантикалық кесте )


Негізг үстеу

Туынды үстеу

Күрделі үстеу

Жөнімен


+


Аңдаусызда


+


Баяу

+

Күні-бойы

+

Босқа


+


Қыстай


+


Биыл

+

Кейін

+

Енді-енді

+

Таңертең

+

Қазір

+

Жорта

+

Баяғыда


+


Ретімен


+


Бет-бетіне

+

ҮІ- саты. « Мен қортындылаймын » ( Рефлекциялық кезең )

Сұрақтарға жауап алу арқылы пирамида шығару .

Сұрақтар 1.Үстеу дегеніміз не ?

2.Үстеуге қандай сұрақтар қойылады ?

3.Негізгі үстеу дегеніміз не ?

4.Туынды үстеулер қалай жасалады ?

5.Қүрделі үстеулер қалай жасалады ?

6.Мекен үстеу дегеніміз не?

7. Мезгіл үстеу дегеніміз не?

8. Үстеудің мағыналық түрлері нешеу ?

ҮІІ-саты. « Мен толғанамың » ( Сабақта айтылғандарды дұрыс ұғыну үшін ұлы Абайша толғансақ , 31-қара сөзінде есіткен нәрселерді ұытпауға 4 түрлі себеп болады , (үнтаспадан тыңдау)

1. Көкірегі байлаулы болу керек .

2. Көңілденіп , ынтамен тұшыну керек

3.Бірнеше уақыт ішінен қайталап ,көңілге бекіту керек .

4.Ой кеселдерінен қашық болу керек .


Оқушылардың білімдері бағалап , үйге тапсырма беремін. « Мен оқыған Абай » тақырыбында үстеулерді қатыстырып ,ой-толғау жазу.

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал