7


  • Учителю
  • Разработка урока по казахскому языку на тему 'Зат есім' (6- класс)

Разработка урока по казахскому языку на тему 'Зат есім' (6- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: (Біріккен сыныптағы қайталау сабағы )

Үстеуді қайталау (6-сынып)

Етістіктің шақтарын қайталау (7-сынып)

Мақсаты:

6-сынып а)білімділік:

оқушыларға үстеу, үстеудің құрамдық түрлері, үстеудің мағыналық түрлері, үстеудің сөйлемдегі синтаксистік қызметі жайлы алған білімдерін тиянақтау.

7-сынып а) білімділік:

Етістік,етістіктің шақтары туралы алған білімдерін тиянақтау.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)тәрбиелік; Оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

1.Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.Шеңбер жасап тұру.Әр оқушы өз тілегін айтады.

2.Таныстыру (екі топ өздерін таныстырып өтеді :ұран,топтың аты)

3.Сандық сөзжұмбақ шешу (берілген сандарды әріп бойынша жазылу ретімен дәреже бойынша шешу ):

7-сынып 6-сынып

1-топ: 21418481917422 (етістік) 2-топ: 31814121503



4.Сұрақ -жауап кезеңі(әр топ қарсылыстарына даярлаған сұрақтарын береді):

1-топ сұрақтары:

1.Үстеудің мағыналық сипаты қандай? Яғни үстеу нені білдіреді?

  1. Үстеудің ерекшеліктері қандай?

  2. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

  3. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

  4. Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарды атап, мысал келтіріңдер.

  5. Үстеу тудыруда кейбір септік жалғауларының қандай мәні бар?

  6. Күрделі үстеулердің жасалуы мен емлесін айтып, мысал келтіріңдер.

7.Үстеудің мағыналық түрлері мен әрқайсысының ерекшеліктері қандай?



2-топ сұрақтары:

1. Осы шақ болатын етісіктерді ата.

2. Осы шақ,соның ішінде нақ осы шақ нендей жұрнақтар арқылы жасалады?

3. Ауыспалы осы шақтың ауыспалы келер шақтан айырмашылығы неде?

4. Жедел өткен шақ дегеніміз не?

5. -а,-е,-й жұрнақтары арқылы жасалса,ауыспалы осы шақ па,ауыспалы келер шақ па,қалай ажыратамыз?

6. Есімшенің -атын, -етін, -итін жұрнақтары арқылы жасалса,ауыспалының қай түрі? Ауыспалы осы шақ,ауыспалы келер шақ ауыспалы өткен шақ.

7. Келер шақ дегеніміз не? Түрлерін ата.



Сергіту сәті:Асық ойыны (Ханталапай)



3.Карточкамен жұмыс



1-топ:Күрделі нақ осы шақты жіктеп жаз.

жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ



ІІІ

2-топ:

Мысалдар

мезгіл

мекен

мөлшер

сын-қимыл

күшейткіш

мақсат

себеп-салдар

Ала жаздай


Сол үшін




Аса


Ақырын


Мұншама


Қасақана


Тысқары



4.Тестік жұмыс:1-топ- Үстеу тақырыбы бойынша тестік жұмыс

1.Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсет :

а)Мен бүгін келдім

б) Ол немересін оятты.

в)Атам кешікпей келеді.

2.Дара үстеулерді көрсет;

а)ерте,кеш,бұрын

б)таңертең, салды,сылады

в) сурет,тотыдайын,кешке

3.Сын -қимыл үстеулерді көрсет:

а)бүгін,ертең,артынан

б)ақырын,,қыруар,талай

в) ерте,кеш,бұрын

4.Дұрыс жазылған үстеулерді көрсет:

а) әлдегімше,тәңертең,жазды күні

б) әлдекімше,бірқыдыру,таңертең

в)ала жаздай, ана құрлым, қыстың күні

5.Барыс септігінің көнеленуінен жасалған үстеуді көрсет:

а)кешке,босқа,зорға

б)кезекпен,бүгін,таңертең

в)әрең,ала жаздай,күндіз

6.Үстеуі бар сөйлемді көрсет:

а) Бүгін аттанған жолаушылар межелі жерге келіп жетті.

б)Ол домалай жөнелді.

в) Ауылдар Көксеректен көресіні көріп болды.

7.Туынды үстеулерді көрсет:

а) адамша,қыстай,осыншама

босқа,текке,тосыннан

в) кеңінен,жөнімен,бүгін

8.Мөлшер үстеудің сұрақтарын көрсет:

а)қалай? Не мақсатпен?қашан?

б)қалай?қайтіп?кімше?

в)қанша?қаншама?қаншалап?

9.Күшейткіш үстеулерді көрсет:

а)ең әдемі,тым биік, өте жақсы

б)лажсыздан,босқа, сәл-пәл

в)тастай,солай,ертең


2-топ:Етістік тақырыбы бойынша тестік жұмыс


1.Етістіктің неше түрі бар?

а) 1 э) 3 б) 5

2.Болымсыз етістік жүрнақтары қайсысы?

а) -у ә) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе б) -ып, -іп, -п

3."Сөйлеп тұр", "жүріп келе жатыр" құрамына қарай қандай етістікке жатады?

а) дара етістікке ә)тұйық етістікке б) күрделі етістікке

4. Екі етістік түріне ортақ жүрнақтарды ата.

а) -ыл -іл, -л э) -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз б) -ын, -ін, -н

5.Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет.

а)-қалы, -келі, -галы, -гелі ә)-а,-е,-й б) -ып, -іп, -п

6.Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қай етістік түрі?

а)ырықсыз етіс ә) өздік етіс б) өзгелік етіс

7.Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі.

а)сабақты етістік ә) салт етістік б) есімше

8.Тұйық етістік қай сөйлемде тұр?

а)Сабаққа үнемі дайындалу керек.

ә)Шашу жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.

б)Көсеуді пештің қасына қойды.


5.Кеспе қағаздармен жұмыс:Мәтінге талдау жасау

1-топ:

Әңгіме қай үзіндіден алынған.Авторы кім?Үзіндіден етістіктерді тауып,қай шақта тұрғанын анықта.

Тортай,әсіресе мені жақсы көретін.Жанынан бір елі қалдырмайтын.Әкем-ферма меңгерушісі,үйде ішіп-жем мол балатын.Шешемнің қолынан-бір,жолынан -екі алып,әр күн сайын Тортайға таситынмын.Ол мені алдап тамақ үшін дос болмайтын.Қайта «мен аш жүргенім жоқ,әкеле берме» деп ұрсатын.Өз бейілімен,көңіл хошы болмаса,ләм деп ауыз ашпайтын.Бір күні мен Тортайды көп іздеп,әрең таптым.Тұрған үйі аузына келгенін айтып ұрсып,қуып жіберіпті.



2-топ: Мәтінді оқып,үстеулірді тауып,мағыналық түрлеріне ажырат.

Біздің ауыл Алтай тауының етегінде орналасқан.Ол ауыл Үштөбе деп аталады.Оның Үштөбе деп аталуы ,жоғары жақта орналасқан үш төбешікке байланысты Осы төбешіктер ауылды желден,қар көшкінен сақтайды.Былайша айтқанда төбешіктер ауыл қорғаны сияқты.Ауыл ортасынан ағып жатқан өзен қысы-жазы ауылға пайдасын тигізеді.Мал да ,адам да,тіпті құс екеш құста осы судан қанағат алады.Балаша сылқылдап аққан өзен өз арнасымн ағып барып,Нарын өзеніне құяды.Ауыл арасында өскен қайың,тал,тере ақырын тербеліп, ауылға көрік береді.Ауыл табиғаты ерекше.Әсіресі ,оны кешке тамашалаған керемет Ғажап бір ортаға келгендей күй кешесің,әбден шаршағаныңды ұмытасың....



Сергіту сәті: «Қаражорға биі»



үстеудің мағынасына қарай түрлері

үстеулерді жаз

мезгіл


мекен


мөлшер


сын-қимыл


мақсат


себеп-салдар


күшейткіш


6.Перфокартамен жұмыс:1-топ


2-топ:


етістіктің шақтары

мысалдар жаз

осы шақ


келер шақ


нақ осы шақ


мақсатты келер шақ


өткен шақ


ауыспалы келер шақ


жедел өткен шақ

Бағалау

Үйге тапсырма 1-топ:Етістіктің шақтарын қайталау

2-топ: Үстеудң түрлерін қайталау
































Үштөбе негізгі орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Үстеудің мағыналық түрлерін

және

етістік шақтарын қайталау













Орындаған:

қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Қыдырқанова Әлия Қы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал