7


  • Учителю
  • 'Мақтақыз бен мысық' тақырыбында қазақ әдебиетінен сабақ жоспары, 5 сынып

'Мақтақыз бен мысық' тақырыбында қазақ әдебиетінен сабақ жоспары, 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 5

Пәннің аты: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Мақсаты: 1. Ертегілер туралы білімдерін тексеру. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен оқытып, меңгеру.

2. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге ықпал ету.

3. Оқушыларды еңбекее, достыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі пәні.

Көрнекілігі: суреттер, маскалар, оқулық, ертегілер көрмесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тіл дамыту жұмыстары:

  1. Балалар, біз қандай үлкен тарауды өтіп жатырмыз?

  2. Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

  3. Шығармалардың авторы кім?

  4. Олар бізге қалай жеткен?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Түлкі жүгіріп келе жатып,қайда түседі?

  2. Түлкіні не көреді?

  3. Ешкі түлкіге қандай сұрақ қояды?

  4. Түлкі не деп жауап береді?

ІІІ. Жаңа сабақ. Сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Сөздікпен жұмыс.

Мейіз-изюм

Тауып алды-находит

Жеп қояды-съедает

Сүт-молоко

Төгу-пролить

Құйрық-хвост

Кесу-отрезать

Дәптерге ашып, күнді және тақырыпты жазу.

І. Мәтіндегі кейіпкерлерді ажыратып алу, дәптерге жазу.

Басты кейіпкерлерді жазу.

ІҮ. Ертегіні рөлдерге бөліп оқу.

«Мақта қыз бен мысық» мультфильм көрсету.

Ү.Топтық жұмыс:

  1. Сызба арқылы ертегіні көрсету.

  2. Сұрақ-жауап әдісі. Әр топқа 2 сұрақ беріледі.

  3. Топтар арасында «Кім жылдам?» ойыны

1.Ертегі бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Мақтақыз немен дос болады?

2. Мақтақыз үйін жинап жүріп, не тауып алады?

3. Мақтақыз нені шақырады?

4. Мысық келмеген соң қыз не істейді?

5. Мысық не істейді?

6. Мақтақыз не істеді?

7. Мақтақыз мысыққа қандай шарт қойды?

8. Мысық алдымен неге барды?

9. Сиыр оған не дейді?

10. Ағаш не дейді?

11. Мысық кімдерді көреді?

12. Қыздар оған не деп жауап береді?

13. Мысық қыздардың өтініші орындау үшін қайда барды?

14. Дүкенші мысыққа не дейді?

15. Мысық дүкеншінің тілегін орындау үшін қайда барады?

16. Тауықтар мысыққа не дейді?

17. Мысық нені бас салады?

18. Тышқан мысықтың сұрағына не деп жауап береді? Мысықтың талабын орындай ма?

19. Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?


2. Жұмбақтарды шешу.


3.Сурет бойынша ертегінің үзіндісін анықтау.

ҮІІ. Көрініс.

ҮІІІ.Рефлексия. Суретке кейіпкерлерді жабыстыру.

«Мақтақыз бен мысық» ертегісі бойынша тест жұмысы

  1. Кім мысықтың құйрығын кесіп алады?

А)ағаш

Б)сиыр

В)Мақтақыз

2. Мысық Мақтақыздың несін төгіп алады?

А)сүт

Б)шырын

В)қатық

3.Ағаш мысықтан нені сұрайды?

А)жапырақ

Б)су

В)сиыр

4.Мысық дүкеншіден не алады?

А)сағыз

Б)жапырақ

В)су

5.Мысық құйрығын қайтарып ала ма?

А)иә

Б)жоқ

В)білмейін

Сабақты қорытындылау.

Үйге: ертегінің мазмұнын айту.

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал