7


  • Учителю
  • Ел ордасы – Астана (қазақ тілі мен әдебиеті)

Ел ордасы – Астана (қазақ тілі мен әдебиеті)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Жосалы орта мектеп-бала бақшасы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аубакирова Кулдары Қуанышқызы

6-класс

Сабақтың тақырыбы: Ел ордасы - Астана

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ел ордасы-Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.

Дамутышылық: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, интерактивті тақта,суреттер, «Астана» фотоальбомы, кеспе қағаздар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап ,сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу, «Кім жылдам?» ойыны, тест жұмысы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Бүгін кезекші кім ?

-Балалар қазір қай жыл мезгілі?

-Қыс айларын атаңдар?

ІІ. Негізгі кезең (8 мин). Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Ой қозғау стратегиясы:

1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады?

2. Қазақстан қандай мемлекет?

3. Қазақстанның елбасы кім?

4. Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар.

5. Қазақстанның астанасы қай қала?

6. Астана қандай қала?

Сөзжұмбақты шешу.

- Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?

- Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана қаласы туралы.

- Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Ел ордасы - Астана» деп аталады.

- «Ел» деген сөздің синонимдерін айтыңдаршы, қандай сөздер бар екен?

- Жақсы, ал «Орда» деген сөз бас, негізгі деген мағынаны береді.


III. Жаңа сабақ

Енді балалар бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысайық.
Гүлдене бер - процветай Субұрқақ - фонтан
Елорда - столица Ескерткіш - памятник
Тарихи тұлғалар - исторические личности
Ғимарат - здание Танымастай - неузнаваемо

Аударым: Мен тек қазақша оқимын. Балалар, сендерге 30 секунд уақыт беремін, 3 сөздерді жаттап алыңдар.
Енді мен сөздерді орысша айтамын, сендер қазақ тіліне аударыңдар.
Процветай - фонтан-
Столица- неузнаваемо-
Исторические личности- памятник-
Здание-

Фонетикалық жаттығу.

(тақпақты дауыстап оқу,буынға бөлу , буындарды ажырату)

Жаса, жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған!

Асқақтай бер, Астанам,

Берекеге бастаған!

Оқылым: Мәтінмен жұмыс

Астана

Қазақстан Республикасының астанасы- Астана қаласы. Астананың негізі 1830 жылы қаланған. 1832-1961 жылдар аралығында Ақмола қаласы болып аталды. КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді.

1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін өз астанасын таңдау құқығына ие болды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Ақмола қаласы - мемлекет астанасы» деп жарияланды.

Ақмола қаласы қазақ жерінің орталығында орналасқан. Ол 1998 жылдан бастан Астана қаласы болып аталады.

Қазіргі Астана құрылымы жаңа бағытта дамып келе жатыр. Қалада биік ғимараттар мен үйлер, сәнді көшелер көп. Олардың әдемілігі көз тартады. Астанаға мақтанышпен қарайсың.


Сөздікпен жұмыс.
тың және тыңайған жерлер - целинных земель

таңдау құқығына ие болды - получили право выбора

Жарлығымен - Указом

орталығында - в центре

жаңа бағытта - в новом направлении

сәнді көшелер - модные улицы

мақтанышпен - с гордостью


Кеспе қағазбен жұмыс: хронологиялық кестені толтыру


Жылдар

Болған оқиғалар

1830 ж.


1882-1961 ж.


1991 ж.


1997 ж.


1998 ж.

Астанаға саяхат: суреттер арқылы көрікті жерлермен танысу


Жазылым: Сөйлемдердің қайсы дұрыс, бұрысын табу керек.

1.Біздің мемлекетіміздің бас қаласы- Астана.

2.Қазақстанның тарихындағы үшінші астанасы-Қызылорда.

3.Алматыда «Думан» ойын-сауық орталығы бар.

4. «Астана-Бәйтерек» монументі 57 метр.

5.Астана-болашағы үлкен қала.

6.Ақмола бұрын Целиноград деп аталған.

7.1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

8.Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайының авторы британ сәулетшісі Норман Фостер.


Айтылым: "Кім жылдам? " ойыны

Сөйлемдерді дұрыстап құра.

1.Болашағы, зор, Астананың.

2.Астанада, ғимараттар, ғажап, зәулім, жатыр, салынып.

3.Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.

4.Астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.

5.Қала, жас, сұлу, Астана, ең.


IY.Бекіту бөлімі

Тест сұрақтары.

1.Астана қаласының рәмізі:

а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек

2.Астана .... қала:

а)көне б)ескі в)лас с)әсем

3.Астананың бұрынғы аты:

а)Ақтөбе б)Алматы в)Ақмола с)Орал

4.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:

а)Астана сұлу әрі таза қала б)Астана ұқыпты қала

в)Астана ең сұлу, жас қала с)Астанада сұлу қала

5Астананың түған күні:

а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с)6 маусым


Y.Үйге тапсырма.

  1. Сөзжұмбақ құрастырып келу.

  2. Астана жайында өлең жаттау.

YI. Бағалау бөлімі

Бағалау парағы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал