7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Зат есім. Септік жалғаулары/5 класс/

Урок по казахскому языку на тему Зат есім. Септік жалғаулары/5 класс/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Алматы қаласы. Зат есім. Септік жалғаулары.

Cабақтың мақсаты: Басқа ұлт балаларына қазақ тілінен білім беруДамытушылық:

Ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:

Пәнге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.



Сабақ түрлері:

Жаңа сабақ. Түсіндіру, ойландыру, іздендіру, сұрақ- жауап, баяндау



Сабақты ұйымдастыру түрі:

Баяндау. Әңгімелеу. Экскурсия. «Брейн-ринг»ойыны. Сөздіктермен жұмыс. Талдау. Жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Ой толғау. Деңгейлік тапсырмалар беру.



Дидактикалық материалдар:

Септік жалғауының ережесі туралы плакат, суреттер, тест сауалдары.



Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Міндеті: Сабақты жүргізу үшін сыныптың ішінде қалыпты жағдай жасау және оқушыларды психология тұрғысынан сабаққа бейімдеу

1.Сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3.О қушылардың көңіл-күйін ұйымдастыру

4.Сабақтың мақсатын және жургізу жоспарын ашу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Міндеті: Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындалуын тексеру, жіберген қателіктерін анықтау.

Сөздікті сұрау. Мәтінді әңгімелеу.Көптік жалғаулары бар сөздерді айту.

ІІІ.Оқушылардың субъективті тәжірибиелерін өзекті тұжырымдау кезеңі:

Міндеті: Оқушылардың оқу уәжін қамтамасыз ету, сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

1.Сабақтың тақырыбын хабарлау Алматы қаласы. Зат есім. Септік жалғаулары.

2.Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге тұжырымдау: Осы тақырыпқа байланысты оқушылардың сөздік қорын молайту.

ІҮ.Жаңа тақырыпты оқу кезеңі:

Міндеті: Жаңа тақырыпты оқушының дұрыс қабылдауын, түсінуін және дұрыс меңгеруін қамтамасыз ету:

а) Біз сендермен "Алматы қаласы" деген тақырыппен танысамыз.

ә) жаңа сөздерді тақтаға жазып,бірнеше қайталатып,айтылуына мән беру. .

б) Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты,қатесіз,әдемі жазып,оның дыбысталуын да қадағалау арқылы сауатын ашу. Осы сабақтың тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау.

Сөздік жұмысы

Қала- город

Алаң - площадь

Қонақ үй - гостиница

Ескерткіш - памятник

Саябақ - парк

Ықшамаудан - микрорайон

Мұражай - музей



1. Сөздерді мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлерге жазу.

2. Дұрыс жазуға дағдыландыру

3. Сөздер мен сөз тіркестерін қалыптастыру.

4. Сөйлемдер құру.





Ү.Жаңа тақырыпты тексеру кезеңі.

Міндеті: жаңа тақырыпты бекіту сұрату.

СЕПТІКТЕР

КІМ?

НЕ?

Оқушы

Гүл

ІЛІК

КІМНІҢ?

НЕНІҢ?

Оқушының

Гүлдің

БАРЫС

КІМГЕ?

НЕГЕ?

Оқушыға

Гүлге

ТАБЫС

КІМДІ?

НЕНІ?

Оқушыны

Гүлді

ЖАТЫС

КІМДЕ?

НЕДЕ?

Оқушыда

Гүлде

ШЫҒЫС

КІМНЕН?

НЕДЕН?

Оқушыдан

Гүлден

КӨМЕКТЕС

КІММЕН?

НЕМЕН?

Оқушымен

гүлмен



Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Сөздікті пайдаланып диологты толықтыру.

2 - тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Аудару.

ҮІ.Үйге тапсырма беру: 51-бет, 3-тапсырма

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу,сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру: Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату

ҮІІІ.Рефлексия кезеңі: Достық қарым-қатынасқа байланысты сөздерді қайталау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал