7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа

Сабақ жоспары Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты.

«Түбінде адам болатын бала»

Жалпы мақсат

-Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.

-Оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.

-Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сілтеме

1. 6- сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал.

2.МАН

3. Дидактикалық материалдар

Оқу нәтижесі

Жазушы өмірі мен шығармашылығынан білім алады. Шығарма мазмұнымен танысады. Повесте көрінген жазушы идеясын анықтайды. Кейіпкерлер әрекетіне талдау жасайды. Шығарманың көркемдігі мен тарихи маңыздылығын танып, біледі.

Идеясы

Адалдық пен адамгершілік қасиеттерді ажырата отырып, адам баласын жақсылыққа жетелейтін құндылықтарды танып біледі.

Қолданылатын материалдар

Үлестірме материалдары, сабаққа қажетті құрал жабдықтар

Әдіс тәсілдер

Жаңа әдіс тәсілдер Топтастыру

АКТ Жеке жұмыс

Блум таксономиясы Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Дереккөз

Электронды оқулық

Тапсырмалар

Топтық, СТО тапсырмалары, рефлексия



Сабақ барысында



І. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Топқа бөлу. Өздеріне ұнаған (қызыл, жасыл, сары) түстерді таңдай отырып, топқа бөліну.

Оқушылардың түстерді таңдап алып, топқа бөлініп отырады. Топ басшыларын сайлайды.

ІІ.Психология

лық ахуал

1 минут

«Сергіту сәті». Жігіттер тобының орындауында композитор Нұрғиса Тілендиевтың әніне жазылған «Жастар ұраны» әні

Оқушылар назарын жинақтау. Музыканы баяу жүргізіп, түрлі қимылдар жасау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

5 минут



І.«Дөңгелек үстел» әдісі бойынша

әр топқа өткен тақырып бойынша сұрақ парақшалары таратылады. (Тест )





ІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр». Мынау кім?

  • Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш кім?

  • Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.

  • Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?

  • Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ?

  • Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

  • Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер ?



Топ мүшелері тізбекті түрде кезектесе сұрақтарға жауап береді.

ІҮ.Қызығушы-лықты ояту

3 минут

Диди және Жақаудың орындауында «Менің атым - Қожа» әні



Фильмнен үзіндіні көріп,әнді тыңдап, өзара пікір бөлісу

Ү.

Мағынаны ашу

7 минут

«Суреттер сөйлейді».(Суреттегі оқиғаны жалғастырып айт)



Оқушылар мұғалім ұсынған нұсқауды орындайды.

ҮІ.

Оқулықпен жұмыс (топтарға жеке ұсынылады)

минут

«Ойлан, бірік, талқыла»

  • І топ: "Менің атым Қожа "фильмі туралы мәлімет.(Рольдер қалай іріктелді, режиссері кім?)

  • ІІ топ: Басты кейіпкер Қожаның жағымсыз бір іс-әрекетін бейнелеп көрсетіңдер.

  • ІІІ топ: Орталарыңда Қожа сияқты бір сотқар бала бар делік, оның түзелуіне қандай ақыл- кеңестер берер едіңдер?



Оқушылар топтасып орындайды





ҮІІ. Жаңа тақырып бойынша орындалатын жұмыс түрлері

6 минут

Оқиғалар тізбегі

(Ойынның шарты: шашыраңқы оқиғаларды рет - ретімен қою)

  • Бақаның әлегі

  • Педсовет

  • Жолдама алған Жантас

  • Оқулық емес, қант аламын

  • Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын.



Оқулықтағы деректерге сүйене отырып, өз бейнесін жаза білген жазушы жәйлі мәліметтерді ортаға салады.



ҮІІІ.





"Теріп алу" (Кейіпкерлерге мінездеме)

Алғыр, пысық, сұлу, өтірікші, ақылды, сотқар, жан дүниеңді түсінеді, пәлеқор, мақтаншақ, өзімшіл тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, үлгілі, жақсы дос, әділетті, ақын, дойбы ойнағанды ұнатады, әзілқой,арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз, үздік

Басты кейіпкерлерге мінездеме беру

ІХ. Бекіту

5 минут

Ой тастау

Қалай ойлайсыздар, Қожаның әдепті жолға түсуіне не себеп?

  • Анасын аяуы ма,

  • Сәйбек қарт,

  • Оспановтар айтқан естеліктер ме,

  • Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме ?

Әр топ тұжырым жасайды.

Х. Үй тапсырмасы

1 минут

  • Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильмі мен Еркін Рахышевтің "Менің де атым Қожа" фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.

  • "Менің қиялымдағы Қожа..." эссе жазып келу

Ата- анамның менмін ғой бала шағы,

Әдептілік балаға жарасады.

Жақсы азамат боламын өскенде мен,

Балалар ғой елімнің болашағы.

ХІ. Бағалау

2 минут

Топ басшысының бағалау парағын толтыруы



ХІІ. Рефлексия

1 инут

Кері байланыс парағы бойынша бүгінгі сабақта өздеріне алған қажетті дүниелерді қоржынға орналастыру

Рефлексия парағын толтырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал