- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Актамберди жырау' (9 класс)
Урок по казахскому языку на тему 'Актамберди жырау' (9 класс)
Ақтамберді жырау 9-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ақтамберді жырау. «Күлдір, күлдір кісінетіп» толғауы
Жалпы мақсат:
Ақтамберді жырау өмірі мен шығармашылығы жайында ақпараттарды өздігінен ізденіп, толғауларының тақырыптық және идеялық ерекшеліктерін талдау, толғауларында қамтылған мәселелерді мысалдар арқылы сипаттай алу.
Сілтеме:
Қазақ әдебиеті (оқулық)
Қазақ әдебиет оқыту әдістемесі
Интернет материалдары
Күтілетін нәтижесі:
Сын тұрғысынан ойлау арқылы шешім қабылдап, тұжырым жасау дағдылары дамиды, рефлексия жасайды, Ақтамберді жырау жайында білім- білік дағдылары дамиды.
Түйінді идеялар:
Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ
СТО
1.Диалог
2.Жұптық жұмыс
3.Топтық жұмыс
4.Жеке жұмыс
Дерек көздері:
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті
Уақыты
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Ресурстар
2 минут
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу), топқа бөлу;
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
Түсті стикерлер арқылы
3 минут
Сергіту
Әуен сазымен сергіту сәтін орындайды.
Компьютер
Қызығушылықты ояту кезеңі
5 минут
«Топтастыру» стратегиясы арқылы Ақтамберді жырау жайында бұрыннан білетін ақпараттарын жинақтауды ұсынады.
Ақтамберді жырау жөнінде не білеміз?
Постер
Маркер
Мағынаны тану кезеңі
22 минут
Жеке, жұптық және топтық жұмыс:
1).Мұғалім оқушыларға мәтінді жеке оқуды ұсынады. Өзара жұпта, топта талқылайды. Топ ішінен баяндамашы шығып, жобаны қорғайды.
Жеке, жұптық және топтық жұмыс:
1).Мәтінді жеке оқиды
Жұпта және топта талқылайды.
Ақтамберді жыраудың өміріне, шығармаларына қатысты тың деректер айтады.
2) I топ: Ақтамбердінің өмірі шығармашылығы жөнінде деректер
II топ: «Күлдір, күлдір кісінетіп» толғауының тақырыптық, идеялық ерекшелігі, құрылысы
III топ: «Күлдір, күлдір кісінетіп» толғауының көркемдік ерекшелігі
Оқулық
Постер
Маркер
Ой толғаныс
8 минут
«Тұжырымдылық кесте» сызбасы
Жүзеге асыру қадамдары:
1 -қадам: мұғалім үлкен қағазға кесте-сызба дайындайды :
Салысты
рылатын нысан
Туған жылы
Туған жері
Толғау
лары
Доспам
бет жырау
Ақтам
берді жырау
2 -қадам: оқушылар кестені білетін мәліметтері негізінде толтырады;
3-қадам: Берілген кестені жұпта, топта талқылайды.
Үйге тапсыр
ма
2 минут
178-182-бет
Ақтамберді толғауларынан үзінді өлеңін жаттау
Үй тапсырмасын жазып алады.
Оқулық
Бағалау
3 минут
Жиынтық (суммативті) баға қою
Формативті бағалау
Шілдебаева Жанар Төлешбайқызы
Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Аққұм ауылы
Жалағаш ауданы