- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему диктант Әдеп
Урок по казахскому языку на тему диктант Әдеп
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтыңтақырыбы: Диктант «Әдеп»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың фонетика, лексика, тақырыптардан алған білімдерін және тыныс белгілерін дұрыс қоя білулерін бақылау, тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, өз беттерінше жұмыс істей білуге, сауатты жаза білуге баулу.
Тәрбиелік: Отанын, тілін сүюге, тарихын білуге және таза, қатесіз жаза білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: диктант
Сабақтың көрнекілігі: жазылуы қиын сөздер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру барысы.
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- диктантты оқу, мазмұнын ашу.
- жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазу.
ІІ. Диктант.
Әдеп.
Әдепке тәрбиелеу негізінен отбасынан басталады. Жағымды дәстүр, үлкендердің үлгі - өнегесі әдетке, дағдыға айналады. Мысалы: сауап, кесір, обал, ысырап - күнделікті тәрбиеде қолданатын ереже.
Сауап - басқаға жақсылық істеу, табиғатқа қамқорлық жасау.
Кесір - қалыптан тыс анайы, теріс әрекет, ақымақтықтың көрінісі.
Обал - жақсы нәрсенің қадір - қасіретін білу, аяққа баспа, тастама деген ұғымды білдіреді.
Ысырап - әр заттың құнын, бағасын білмей, босқа шашуды білдіретін ұғым.
Әдеп сақтау - этикет, яғни мінез - құлық пен қарым - қатынастың қалыптасқан халықтың ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтың дәстүррі де бұзылады. Ал оны сақтау, құрметтеу, қастерлеу адамгершілік борышты өтеу болып табылады.
(88 сөз)
</ ІV. Үй тапсырмасын беру.
Өткен сабақты қайталау.
V. Дәптерлерін жинап алу. Бағалау.