7


9 мамыр шеруге сценарий

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

























МЕН ДАЙЫНМЫН ОТАНЫМДЫ ҚОРҒАУҒА!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен салтанатты шеру

































2015 жыл









1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты Қамыстылықтар! Қымбатты соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, сұрапыл соғыс кезінде ер азаматтардың жеңіспен оралуына қиыншылық кезінде қолдау көрсетіп, тылда өз уақыттарымен санаспай, аянбай еңбек еткен тыл ардагерлері және соғыстан кейінгі бейбітшілік өмірде ел үшін қызмет еткен еңбек ардагерлері, жалпы ауыл тұрғындары!



2-жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі де келіп жетті.



1-жүргізуші: Отанымызды қалтқысыз қорғауға әрқашан дайын тұратын, еліміздің тірегі абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.



Әрқайсысыңызға амандық, елімізге тыныштық тілей отырып, 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне арналған «Мен дайынмын Отанымды қорғауға!» атты салтанатты жиынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.



2-жүргізуші: Туға түзел! Тік тұр!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ГИМНІ орындалсын!



1-жүргізуші: Ұшқан құс бағытынан жаңылатын байтақ дала бабамыздан қалған теңдесі жоқ құнды дүние. Көшпендіден қалған текті ұрпақпыз ғой, тарихқа көз жіберсек, сол жеріміздің көлемі әлем мемлекеттерінің ішінде тоғызыншы орынды иеленетіндігін санамызға саралатамыз.



2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбірегеннен кейін мемлекетіміздің шекарасын шегендедік, іргемізді бекіттік. Күні кеше 7 мамырда еліміздің атаулы мемлекеттік мерекелеріміздің бірін - Қазақстанның Отан қорғаушылар күнін де атап өткен болатынбыз. Осының бәрі Егемен еліміздің тұғырлы тыныштығы мен Тәуелсіздігіміздің асқақ екенін білдіреді.



1-жүргізуші: Қазақстан - егемен елім!

Қазақстан - Отаным менің!

Жанымды беруге әзірмін мен,

Жолыңда сенің, Тәуелсіз елім!



2-жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешекке төккен үнін.

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін,- деп, барша жұртшылықты құттықтау үшін сөз кезегі ауыл әкімі Асқар Маратұлына беріледі.







1-жүргізуші: Ел қорғаушы сарбаздарымыз елін, жерін қорғауда қырағылық танытып, ұрпақ тыныштығы үшін сақадай сай сап түзеп келеді.

Ту астында тулап өлген батырларымыз қаншама?

Олардың ерліктері мен жүректілігін мәңгі мақтаныш етеміз.



2-жүргізуші: Қоғамымыздағы тыныштық пен келісімнің, Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың беки түсіп, ел экономикасының алға басуына кепіл болып, азаматтық борыштарын атқару кезінде қаза болған құрметті ағаларымызды еске алуға 1 минут үнсіздік жарияланады.



1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыңа! - деген, игі тілекпен кезекті мерекелік құттықтау сөз аудандық мәслихат депутаты, Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ің басшысы Тоқтаған Төлешқызына беріледі.



1-жүргізуші: Жас өрендердің мерекелік жыр-шашулары: Оқитындар: Сейтқалиева Асылжан, Садман Кенесары, Өтегенова Балзира, Асылбекова Айнұр, Беркінбаев Берік.



1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі балалық шағын зұлмат соғысы кезінде қиыншылықпен өткізіп, кейін елдің даму жолына өз үлесін аяусыз қосып, Егемендігімізді алғаннан соң да жас мемлекеттің болашағын қалыптастыруда абыройлы еңбек етіп, күні бүгінге дейін нұрлы жолдың ізгі өнегесін көрсетіп келе жатқан ардагер ұстаз Зейін Сабырғалиұлына беріледі.



1-жүргізуші: Би «Смуглянка» орындайтын «Гүлзар» бишілер тобы.



2-жүргізуші: Қай кезде де Қазақстанның жас патриоттарын тәрбиелеу - қасиетті іс. Олардың бойынан өмірге, туған елін қорғауға деген құштарлық сезімдерін ояту бүгіннен басталады.

Көрініс: «Қоян-қолтық шайқасы»



1-жүргізуші: «Сен құрметте оны!» оқитын - 2 сынып оқушысы Аманат Төлешқалиев.



2-жүргізуші: Ән: «Алға, Қазақстан» орындайтын. ?????



1-жүргізуші: Кезек мерекелік салтанатты шеру рәсіміне беріледі. Мектеп оқушыларының мерекелік салтанатты шеруіне топ командирлерінің дайындығы туралы баяндама тапсырылсын.



С А Л Т А Н А Т Т Ы Ш Е Р У





2-жүргізуші: Желбіреп көк байрағым тұр көгімде,

Елтаңбам қасиетті тұр төрімде.

«Қазақтың сарбазымын» деп мақтана,

Айтамын шын жүректен, жыр көңілден.



Біздерміз ел қорғаны құрыштайын,

Біз барда ел ұйқысы тыныш дәйім,

Бойымда алмас жүзді намысым бар,

Қайтпайтын, қайрылмайтын қылыштайын.



1-жүргізуші: Ұлы Отан! Қазақстан! Туған жер!

Атадан мирас қалған туған жерім,

Мен сенің сарбазыңмын, өзің үшін,

Тайсалмай жан беруге буған белін.



Саптамын, сарбазыңмен қатардамын,

Күзетемін елімнің атар таңын.

Бүгінгі сапта тұрған әр сарбазың,

Рақымжан, Қасымдардай қаһарманың.



2-жүргізуші: Қайғы келсе, жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Ағалардың даңқы арта берсін! Арта берсін! Арта берсін!



Жүргізуші: Құрметті мерекелік салтанатты жиынға жиналған қауым! Осымен мерекелік жиынымызды жабық деп жариялай отырып, баршаңызға да дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен бірілік тілейміз. Кездескенше, күн шуақты болсын.

</

1-жүргізуші: Соғыста біздің жарқын болашағымыз үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, гүл шоқтарын қою біздің міндетіміз.



2-жүргізуші: Оларды ешқашан ұмытпаймыз. Әрқашан аталарымызға басымызды иеміз, құрмет тұтамыз. «Қамысты боздақтары» және «Е.Ниетқалиев» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал