7


  • Учителю
  • ТҰРАҚТЫ ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

ТҰРАҚТЫ ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ТҰРАҚТЫ ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Тюлюбаева Айгулим Жусуповна

Павлодар қаласы, №6 ЖОМ

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі





ТҰРАҚТЫ ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ





1. Фразеологизмдердің зерттелу кезеңдері, зерттеудегі жаңа бағыттар

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы, теориялық тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді біз төмендегідей 4 кезеңге бөлер едік:

1. XX ғасырдың ортасы - 40-50- жылдар - қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.

2. 60-70 - жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайлы.

3. 80-жылдар - фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілге аударылуы мен басқа тілдегі фразеологиздердің қазақ тілінде берілуі жайлы.

4. XX ғасырдың соңғы он жылы - 1990-2000-жылдар - фразеологизмдерді этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салғастырмалы фразеология.

Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдардың дені түгел назар аударған еді. Қазақ филологиясының тілші ғалымдары Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Р.Сәрсенбаевтар фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғаш тұжырым жасаушылар болды.

Қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І.Кеңесбаев болса, С.Аманжолов фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы, Н.Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударды. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына (1954 ж.) фразеология бөлімін енгізген Ғ.Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К.Аханов өзінің «Тіл бөліміне кіріспе» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В.В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р.Сәрсенбаев тұрақты тіркестердің бір түріне жататын мақал-мәтелдердің тілдік ерекшеліктеріне тоқталды.

Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60-жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р.Сәрсенбаевтың «Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-стилистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында, С.Исаевтың «Қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударылды.

Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның объектілерін, тілдегі орны мен табиғатын, зерттеу әдістерін анықтауда теориялық тұжырымдар жасап, іргелі еңбектер жазған үш мектеп өкілдері: Мәскеу, Санкт-Петербург, Самарқанд мектептері болғанын фразеология зерттеп жүрген ғалымдарымыз атап айтады.

Біз қазақ фразеологиясының зерттелуіне шолу жасау барысында қазақ фразеологиясы ілімінің қалыптасуы мен дамуына ат салысып жүрген де үш мектеп өкілдері бар деп атар едік. Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы мен жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданысы жайлы Ғ.Қалиев шәкірттері зерттесе, Қазақстан топырағында дүниеге келген, қазіргі таңда әлемдік тіл білімі саласында өзіндік орны бар М.М. Копыленко шәкірттерінің еңбектері қазақ-орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу мен тіларалық берілу жайына арналған.

Ә.Қайдаров шәкірттері фразеологизмдерді белгілі бір тақырыпқа топтап, оларға этнолингвистикалық тұрғыдан терең талдау жасап отыр. М.М Копыленко мен Ә.Қайдаров шәкірттері ұстаздарының ісін әрі қарай жалғастырып, фразеологизмдердің жұмбақ сырын ашуда өз шәкірттерін дайындауда.

Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І.Кеңесбаев көрсеткен барлық бағыытта жүріп жатыр. Олар мынадай бағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрылысы, фразеологизм және ұйтқы сөздер, фразеологизмдердің этимологясы, фразеологизмдегі калька, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автордың қолдануы т.б.

Бұлай шолудан байқағанымыз, қазіргі қазақ тілінде фразеологизмдерді синтаксиспен байланыстыра зерттеу жоқтың қасы.

Фразеологизмдерді синтаксистік жағынан зерттеу қазақ тілі білімінде ғана емес, орыс тіл білімінде, түркі тілдерінде де кенже қалған.

Орыс тіл білімінде фразеология бойынша үлкен еңбек жасаған В.Н. Телия «Тарихи тұрғыдан қарағанда фразеология мен синтаксистің байланыстылығы өзінен-өзі түсінікті. Өйткені фразеологиялық оралым (тұрақты тіркес ұғымын ол кісі осылай айтады) белгілі бір сөз тіркесінің немесе сөйлемнің негізінде жасалынған» дей келсе, келесі ғалымның мынадай пікірін келтіреді: «Фразеология связана с синтаксисом не менее тесными узами, нежели с лексикой... фразеологизмы создаются не на базе слов (лексем), а на базе словосочетании (а так же сочетаний слов и предложений) следовательно, не лексика, а синтаксис является той строительной площадкой, на который идет бесперерывный процесс фразообразования.

Осыдан келіп, орыс ғалымдары да, қазақ ғалымдары да фразеологизмдердің синтаксисі дегенде, оның ішкі байланысына үңіледі. Олардың іштей өзара қабыса, меңгеріле, т.б. жолдармен берік жымдасқаны жайлы айтады. Ал енді осылай берік байланыста құрылған фразеологизмнің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу жоқ десе де болады. Бірақ, орыс тіл білімінде фразеологизмді синтаксистік тұрғыдан сөйлем мүшесі ретінде зерттеуді А.А. Шахматов бастаған еді. Ал В.П. Жуков фразеологизмдер өзінің айналасындағылармен (окружение) субъектілік, объектілік, пысықтауыштық қатынаста байланыс құрайды дей келе «Управлением обладает не только лексические единицы, но и фразеологизмы, преимущественно глагольного типа. Глагольные фразеологизмы, как обычные глаголы, могут имтеь беспредложное и предложное управление» деп - фразеологизмдердің сөз тіркесіне қатысы жайлы ойын ашық айтады. Осы еңбегінде етістік фразеологизмдердің әлсіз ірі берік меңгере алатынын нақты мысалдармен дәлелдейді.

Ал, М.Т. Тагиев етістікті фразеологизмдердің өзінің айналасындағы сөздер мен (окружение) қатынасы жайлы зерттеуінде бір қанатты оралым жасайтын етістікті тұрақты етістіктер оралымдағы сөзбен кез келген септік жалғауы тұлғада толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастарда байланысады дейді.

Қазіргі орыс тіліндегі есімді фразеологизмдер жайында арнайы зерттеу жазған Г.Ф. Булгакова да олардың сөйлем ішінде бастауышта, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш та бола алатынын дәлелдейді. [2, 17].

Орыс тілінде фразеологизмнің сөйлем мүшесі болуы жайлы арнайы зерттеу жұмысын жазған тағы бір ғалым Х.М. Сайкиев те фразеологизм сөйлемнің барлық мүшесі қызметін атқара алады деп, оның бастауыш қызметінде жұмсалуына көбірек тоқталады [2, 17].

Ал фразеологизмнің сөз тіркесіне қатынасы жөнінде жоғарыда келтірілген В.П. Жуковтың пікірін басқа З.В. Валюсинская-Данкованың етістік - фразеологизмдердің сөз тіркесін жасауда басыңқы компонент болатыны жайлы айтқандары ғана бар.

Орыс тіл білімінде фразеологизмді іштей және сөйлем ішінде де синтаксистік қатынасқа түсіретін септік жалғаулары деп тану және фразеологизмдердің ішкі құрылымындағы әрі олардың сөйлемдегі басқа сөздермен байланыс жасаудағы рөліне көңіл аудару басым. Осы тұрғыда фразеологизмнің септік формада келуі жайлы біршама еңбектер бар. Бірақ бұл еңбектерде осы септік жалғулары қандай грамматикалық мағына үстейді, құрамы қандай дегенге көп көңіл бөлінеді де қандай байланыс формасын жасайды дегенге көңіл бөлінбейді.

Жалпы орыс тілі білімінде фразеологизмдерді синтаксистік тұрғыдан қарастыруда сөйлем мүшесі ретінде зерттеу басым.

Ал қазақ тілінде фразеологизмдердің синтаксистік жағынан зерттелуі қандай дәрежеде?

«Фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фразеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формаль тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады», - деп бағыт сілтеген І.Кеңесбаев оларды синтаксистік жағынан қарастырмайды. Бұл айтылған пікір негізінен фразеологизмнің ішкі құрылымына қатысты түсініліп, фразеологизм жайлы зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардың көбі осы негізде оның ішкі байланысу тәсілін сөз етеді.

Қазақ фразеологизмдерін лексикалық тұрғыдан ір қырынан зерттеген ғалымдардың көбі олардың ішкі байланысу тәсіліне көңіл бөліп, фразеологизмдердің құрамы екі және одан да көп сөзден болып, сөз тіркесінің байланысу формаларына ұқсас ққұбылыс екенін айтып өтеді. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеген

С. Сәтенова мұндай фразеологизмдердің синтаксистік сипатына тоқталып, сөз тіркесі құрылымды ҚТФТ, сөйлем түріндегі ҚТФТ деп бөліп қарастырады. Сөз тіркесі құрылмды ҚТФТ-ны іштей қиыса байланысқан (жау жетті,ел көшті), матаса байланысқан (құланның асуы, мылтықтың басуы), меңгеріле байланысқан (бетегеден биік, жусаннан аласа), қабыса байланысқан (ай қабақ, алтын кірпік) деп жік-жігін ажырата зерттейді. Сондай-ақ сөйлем түріндегі ҚТФТ-ге де жан-жақты тоқталады. ҚТФТ-нің сөйлем мүшесі болатыны жайлы да айтып, бірақ оның сол сөйлемді құрайтын бөлшегі сөз тіркесі болуына көңіл аудармайды.

Дегенмен, фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылады.

Х.Қажахметова фразеологизмдер сөйлемің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе, Н.Қошанова бұл мәселе бойынша арнайы еңбек жазып шығып, тұрақты тіркестің сөйлем мүшесі болуы - сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасады .

Тұрақты тіркестер жек сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды. Сонымен қатар, мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолдана беретінін ескерсек, олар дa сөйлем ішінде сөз тіркесі сияқты қатынасқа түседі.

Міне, бүгінгі күнге дейінгі аййтылмай келе жатқан мәселе осы - тұрақты тіркестің сөз тіркесін жасауға қатысы.

Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері жайында жан-жақты еңбек жазғвн Г.Смағұлова мұндай фразеологизмдердің қолданыс ерекшеліктеріне де кең тоқталған. «Көркем сөз шеберлері фразеологиялық тұлғаларды көркемдік тәсілдердәң айшықты құралы ретінде екі түрлі қолданады:

1. Фразеологиялық тіркестерді семантикасы мен құрылымын еш өзгертпей, сол күйінде қолдану - бұл узуалдық қолданысқа жатады.

2. Фразеологиялық тіркестерді семантикасымен құрылымын өзгертіп, өңдеп, яғни трансформацияланған күйінде қолдану - бұл окказианалды қолданысқа жатады.

Көркем шығармаларда узуалдық қолданыс ыңғайында жұмсалатын бірінші тәсілде халықтық фразеологизмдердің нағыз мәнерлегіштік, бейнелік қасиеттері сол күйінде айқын көрсетіледі» - дейді.

Біздің қарастыратынымыз - фразеологизмдердің семантикасы мен құрылымын өзгертпей, дайын күйінде сөз тіркесінің бір сыңары болып, сөйлемге еніп қолданысы.

Узуалды қолданыстағы фразеологизмдер сөйлеу барысында да белгілі бір қолдану ережесін фразеологизмдерді сақтап айтылады. Мұндай ереже - сөйлемді құраййтын сөз тіркестерінің ережесі. Яғни сөйлемді құрайтын сөздер белгілі бір ережеге сай сөз тіркестерін құрайды. Сол сөздер орнына жұмсалатын фразеологизмдер де сөз тіркесі ережесіне лайық сөйлемге енуі керек.

«Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар, олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің құрамында айтылады» - дейді проф. М. Балақаев.

Фразеологизмдердің сөз тіркесіне қатысына ерекше ден қойып, жоғарыда айтылғандарды проф. Т.Сайрамбаев былайша толықтырады: «Фразеологиялық единицалар сөйлемде сол тобымен жеке сөз таптарының қызметіне ұқсас дәрежеде болады. Олар сол тобын жазбай өзара түйдекті тііркес тобын құрайды. Сол түйдекті тобымен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа енеді. Сөз тіркесінің барлық байланысу формаларында жұмсалады».

Сонымен, фразеологизмдер сөз тіркесінің белгілі бір сыңары қызметінде жұмсалады десек, алдымен сөз тіркесі деген не, оның тұрақты тіркестен,атаулық тіркестен, күрделі сөзден ерекшелігін айқындайық.

2. Аналитикалық тәсіл арқылы байланысқа түсетін фразеологизмдер

«Фразеологизмдер контекстің әуеніне қарай өзгеруі я өзгермеуі жағынан екі топқа бөлінеді: бip алуан фразеологизмдер контекстің аясында ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің дербес формасын сақтап отырса, бірқыдыру фразеологизмдер (контекстің әуеніне қарай өзге сөздермен қатынасқа түciп) форма жағынан өзгеріп, косымша, сүйемел сөз тіркестіру арқылы барып қолданылады» - дейді қазақ фразеологиясының негізін қалаушы I. Кеңесбаев. Бұдан шығары фразеологизмдер, өзінің күрделілігіне қарамастан сөйлем ішінде дара сөздер сияқты байланыска түседі, түрленеді. сөз icпeттi грамматикалық ереже заңдылығымен жүмсалады.

Сөйдем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түciп, өз мәнін нақтыландырады, сөйлемнің бip мүшeci болып келеді. Ал сөйлем мүшесі белгілі бip сөз табынан болады.

Проф. I. Кеңесбаев "Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің бірсыпырасымен бip сөз табына жатады деп үзілді-кесілді пікip айту қиын. Бұларды тек сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болады"- деген еді.

Шартты түрде болса да, белгілі бip сөз табына жіктелген фразеологизмдер жайлы білу - фразеологизмдердің қандай тәсілдер арқылы байланысын білу ушін өте қажет. Өйткені аналитикалық тәсіл негізінен түрленбейтін сөз табы негізінде, синтетикалық тәсілі түрлі жалғаулар қабылдай алатын сөз табы негізінде жасалады.

Сонымен, фразеологизмдер морфологиялық құрылымдық ерекшеліктеріне қарай қазақ тілінде қалай топтастырылады?

Академик Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақовалар қазақ тілі фразеологизмдерін есімді, етістікті, одағай тұрі, адвербиалды түрі, сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер деп топтаса, Ә. Болғанбаев етістік мағыналы, сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер деп саралайды.

Фразеологизмнің байланыс тәсілін табуда оның шартты түрде қай сөз

табы қызметінде тұрғаны керек болғандықтан бізге соңғы Ә. Болғанбаев классификациясы бойынша қарастыру көмектесері анық.

Сөз таптары тұрғысынан қарастырсақ, түрленбейтінін сөз таптары сындық мағыналы (заттанбаған), үстеу мағыналы фразеологизмдер. Олар ешқандай жалғаусыз, аналитикалық жолмен байланысады. Мысал келтіре отырып, төмендегіше топтадық:

1. Сындық мағыналы фразеологизмдер:

- сындык мағыналы eciм сөздерден құралған фразеологизмдер:

а) зат eciм + зат есіммен болған фразеологизмдер: cepi мінез жігіт, жас жүрек адам, орақ ауыз әйел;

ә) сын eciм + сын есімнен болған фразеологизмдер: ақ сары қыз, үрпек сары балапан, сары ала таз;

б) сын eciм + зат есімнен болған фразеологизмдер: ала аяқ ұры, қызыл шеке төбелес, көк айыл қатын;

в) сан eciм + зат есімнен болған фразеологизмдер: бip бет адам, екі талай күн, бip жапырақ қағаз;

- қатыстық сындық мағыналы -дай жұрнақты фразеологизмдер:

а) -дай жұрнақты қатыстық сын есім+негізгі сын eciмнeн болған

фразеологизмдер : тастай қараңғы түн, сүттей ақ, судай таза адам;

ә) зат eciм + дай жұрнақты қатыстық сын есімнен болған

фразеологизмдер: ауыз тушырлықтай шығарма, жан түршігерліктей дауыс, ортан қолдай ұл, сайдың тасындай жігіттер;

- сындық мағыналы есімшелі фразеологизмдер:

а) зат eciм + өткен шақ есімшелі фразеологизмдер: топ жарған тешен, көл бастаған батыр, қабырғасы қатпағап бала, жүрек жұтқан ерлік;

ә) зат eciм + келер шақ, eciмшелi фразеологизмдер: аяқ артар көлік, iліп алар киім, icкe татыр мүлік;

б) зат eciм + ауыспалы шақ, есімшелі фразеологизмдер: бас кететін сөз, көз болатын кici, адам болатын адам.

3. Устеу магыналы фразеологизмдер:

- eciмшелі фразеологизмдер:

а) зат eciм + eciмшe + дай жұрнақты (немесе кepicіншe)

фразеологизмдер: пышақ кескендей тыйылды, бұйдалаған тайлақтай жетеледі;

ә) зат eciм + eciмшe + ша жұрнақты фразеологизмдер: қас қаққанша

келіп қалды, ымырт жабылғанша жemmi, қас қарайғанша аралады;

-көсемшелі фразеологизмдер:

а) зат eciм + ып жұрнақты көсемшелі фразеологизмдер: жылы ұшырап амандасты, ит құса боп күн өткізді, желімдей жабысып қалар емес;

ә) зат eciм + а,е,й жұрнақты көсемшелі фразеологизмдер: жүз көрсетпей кетті, есінен тана құлады, жік қоя cөйлeдi;

б) -ғалы, -гелі жұрнақты көсемшелі фразеологизмдер: ес бiлin, етек жапқалы біледi, aт жалын тартып мінгелі көрді:

Сонымен, фразеологизмнің құрамы зат есімдерден болса да, зат eciм мен сын есімнен болса да, зат eciм мен есімшеден, зат eciм мен көсемшеден болса да, фразеологизм тұтасымен сындық мағынада немесе үстеу мағынасында басыңқы сыңармен аналитикалық жолмен байланысады.

Eкінші, сөйлем мүшелері тұрғысынан қарастыратын болса да, аналитикалық байланыс тәсіліне нeгiзiнeн қабыса байланысу формасы жататын болғандықтан, есіммен қабыса байланысқан аңықтауыштар мен етістікпен қабыса байланысқан пысықтауыштар жатады.





































































































































































































































































8



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал