7


  • Учителю
  • 'Мақал-мәтелдер' урок казахской литературы 5 класс

'Мақал-мәтелдер' урок казахской литературы 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мақал - мәтелдер туралы түсінік беру.

Мақал - мәтелдердің түрлері, ерекшеліктері туралы

түсіндіру. Теориялық материалды дұрыс пайдалануға

үйрету. Мәтінді мазмұндай білу, баяндау дағдыларын

дамыту, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін

дамыту. Халық мұрасын аялауға баулу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ

Кіріспе сөз:

Қазақ халқының мақал - мәтелдері өзінің мазмұнындағы терең мағынасымен, логикалық байламы және ерекше әсемдігімен ерте кезден - ақ ғалымдар мен халық ауыз әдебиетін жинаушылардың назарын аударып отырған.

Мақал мәтелдерді таныстыруда оқулықта берілген мәтінге сүйіне отырып, олардың фольклордық ертеде қалыптасқан түрі екендігіне, халық өмірінің, тұрмысының барлық саласын қамтығандығына, көркемдік сипатына тоқталу.

Күнделікті өмірінде мақал - мәтелдердің үлкен орын алатындығын, олардың негізінде бір оқиға, не бір пікір жататындығы, мақал - мәтелдердің өзгеріп, өңделіп жетіліп отратындығын білдіреді.



Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды айтылады.

Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап құсқай салу түрінде айтылады.


1. Оқулық мәтінімен жұмыс. Мәтінді зейін қойып мұқиятоқу.

2. Мәтін бойынша берілген сөздікпен жұмыс.

Оқулыққы енгізілгін мақал мәтелдерді оқып, түсіндіре отырып, олардың ортақ мағынасын ашып, қайсысы болса да адамның жақсы, жаман қасиеттерін, мінезі жөніндегі халықтың ұғымын, көзқарасын көрсетеді деген пікірді жеткізу.

Осыдан кейін берілген мақал - мәтелдердің жее оқушыларға оқытып, мағынасын айтқызып, қандай ойды білдіретіндігіне тоқталу. Қазақ мақал - мәтелдерінің адамды жаманшылықтан жирендіріп, оны жақсылыққа, сабырлыққа, еңбекке, білімге үндеп отратындығын байқату.


4. Оқулықта берілген тапсырмалар балаларды тақырыпқа қызықтырып, шығармашылық бағытында жұмыс істеуге ынталандыру.


Тыйым сөздерді оқып, түсініп, назар аудару.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Мақал мен мәтел дегеніміз не?

  2. Мақал - мәтелдердің басқа әдеби шығармалардан айырмашылығы қандай?

  3. Мақал - мәтелдердің тақырыптары қандай болып келеді?

  4. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?

5. Сабақты қорытындылау. Бағалау

6. Үй тапсырмасы: Ұнаған мақал - мәтелдерді жаттау

Мақал - мәтелдер сайысына дайындалу.

2 - сабақ


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру.


Көрнекілігі: интерақтивті тақта


3. Сыныпты төрт топқа бөлу.

Топтың арасында сайыс өткізу.


1 - тапсырма «Мақал - мәтелдердің тақырыптары»

Әр топтан бір - бірден оқушы шығып өз сөздерін тақтаға жазады.

1 - ұпайдан беріледі


2 - тапсырма.

Мақал - мәтелдер сайысы.

Әр топ кезекпен бір - бірден жатқа мақал - мәтелдер айтады (бір - бірін қайталамай). Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.


3 - тапсырма. Мақалдарды аяқтау.

Туған жердей .... .

Туған елдей .....


Елінен безген .....

Көлінен безген ....


Ел - елдің бәрі....

Өз елдің бәрінен ...


Еліңді сүйсең, ......


4 - тапсырма. Мақалды дұрыс құрастыру.


  • 1. ОТАН ДА ЫСТЫҚ


  • 2. Туған жердің де ЫСТЫҚ, де ЫСТЫҚ


  • 3. Тіл өткір


  • 4. Тіл көңілдің


5 - тапсырма. Берілген мақалдардың тақырыптарын айту.


Жаңа дос келгенде, Ескі достың көзінен жас шығады


Әдепті бала - арлы бала

Әдепсіз бала - сорлы бала


Көп сөз - көмір,

Аз сөз - алтын


Ақыл азбайды

Білім тозбайды


6 - тапсырма. Ребустарды шешу.


7. Топтардың ұпайларын санап, жеңімпаздарды анықтау.


8. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

9. Үй тапсырмасы: Ребус құрастыру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал