7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар (5класс)

Урок по казахскому языку на тему Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар (5класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 5 Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың үндестік заңы мен буын үндестігінен алған білімдерін бекітіп, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар жайлы мағлұмат беріп, дұрыс сөйлеу, жазуға баулу, іздендіре отырып, нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету

2. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру, анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беріп, мағынаны ажырата білу қабілеттіліктерін арттыру.

3. Бір-бірінің пікірін құрметтей алатын, Отанын сүйетін, шығармашылық қабілеті жоғары дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, экспресс тест, терме диктант, «Кім жылдам?» ойыны, «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Сабақтың әдісі: кластер әдісі, рефлексия, топтастыру

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үндестік заңы дегеніміз не? Үндестік заңы неше түрге бөлінеді? Буын үндестігі дегеніміз не?

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту: «Кім жылдам?» ойыны . Берілген сөздерге кқптік жалғауын жалғап айту.

ІҮ Қызығушылықтарын ояту

зерек жомарт

мейірбан





тәртіпті





көргенді ақылды

әзілқой

ҮІ Жаңа сабақ

Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:

  1. Көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен.

  2. -нікі, (-дікі,-тікі), -тай ,-тал, -дар,-еке,-тар. Мысалы:даланікі, әкетай, діндар.

  3. -бей, -би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -қана, -кез. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз.

  4. -ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина. Мысалы: Әуезов, Сейфуллин, Жұмағазина.

Жаттығумен жұмыс: 320-жаттығу. Мына сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.

Экспресс тест:

  1. Буын үндестігіне бағына жазылған сөздер қайсы?

А) Көкпар, алтыбақан

В) Жангүл, Серікбай

С) Қызмет, үкімет

Д) ережелерді, анықтама

Е) көріпкел, балгер

2. Буын үндестігі сақталмаған сөз қайсы?

А) сөздер, дыбыстар

В) халықтікі, халықпен

С) елдікі, менікі

Д) жұрттар, жұрты

Е) аспаз, асхана

3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосышалар қайсы?

А) мен, паз, ға

В) мен, гер, кеш

С) нікі, дікі, ның

Д) паз, ғор, ге

Е) м,ң,ңыз

4. Дұрыс жалғанған қосымшаны тап:

А) балалер

В) мерекете

С) қаламдар

Д) мектепде

Е) дәптерте

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:

А) қа-лам-д-ар

В) қа-лам-дар

С) қ-алам-дар

Д) қала-м-дар

Е) қа-ла-мдар

Терме диктант: Берілген сөздерге буын үндестігіне бағынып тұрған сөздерді теріп жаз: Кесеге, қонаққа, адаммен, әсемпаз, қорқыныш, өсімтал, анаммен, намыскер, Құнанбаев, шүмекке, аман-есен, алай-түлей, негіз, баспасөз, асығыс-үсігіс, кілемді, кереге.

Достық қасиеттеріне «Кластер» әдісін құра.













адалдық

сенімділік мәңгілік





























кешірімділік мейірбан татулық





Деңгейлік тапсырмамен жұмыс

ҮІІ Жаңа сабақты бекіту: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Әр оқушы әріптерді таңдап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден сөзбен жауап береді.

(А,Ә,Б;Е,Ж,К,Қ,М,Н,О,Р,С,Т,Ү,Ш)

  1. Қандай елде тұрасың?

  2. Қазақ тілі пәні ұнай ма?

  3. Досың кім

  4. Әліпбиді жатқа білесің бе

  5. Наурыз көжеге не қосылады?

  6. Бала оқытатын адам?

  7. Бір зат есімді ата.

  8. Аспанда не бар?

  9. Кім болғың келеді?

  10. Бос уақытыңда не істейсің?

ҮІІІ Сабақты қорытындылау: «Рефлексия» әдісі

Білемін



Білдім

Білгім келеді?





ІХ Үйге тапсырма беру: 319-жаттығу

Х Оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал