7


  • Учителю
  • Еліктеу сөздердің түрлері (6 сынып)

Еліктеу сөздердің түрлері (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың атауы

Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер.



Сілтеме

6-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Мұғалімдерге арналған нұқаулық, 41-49-б.

А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері,2013



Мақсаты

Еліктеу сөздің еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер деген түрлері бар екенін білдіру. Еліктеуіш сөздердің дыбысқа еліктеуден пайда болатынын ұқтыру.



Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Еліктеу сөздің еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер деген түрлері бар екенін біледі. Еліктеуіш сөздердің дыбысқа еліктеуден пайда болатынын ұғады. Өз ойларын еркін жеткізеді. Өздері ереже шығара алады. Алған білімін өмірмен байланыстыра алады. Оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды.



Негізгі идея

Топқа бөлу, сыни ойлану, тәжірибе жасау, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру



Сабақта қолданылатын материалдар

Постерлер , презентация, кестелер,

интербелсенді тақта



Оқу әдістері

Сыни тұрғыдан ойлау

Диалог әдісі

Сұрақ- жауап әдісі

АКТ ны қолдану

Тілдік талдау

Топтық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Көзбен көретін айғақтар бойынша сыни ойлау

Негізгі түсіндірулер (термин)

Кестелермен жұмыс

Тапсырма көздері

Флипчарт, дәптермен жұмыс, оқулықпен жұмыс

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру

1.Ұйымдастыру кезеңі.









уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

3 мин







Сәлемдесу.

І.Психологиялық ахуал

Оқушылар жұптасып тұрады. Бір біріне қарап мынадай өлең оқиды.

Армысың, көк аспан!

Армысың, алтын күн!

Армысың, Жер-Ана!

Армысың жан досым!

Міне,менің қолым бос,

Жүрегіңе жылу қос.

Жылы лебіз жазылған түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлу.



Өз ойларын айту ,топқа бөліну







II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Ақыл қалпағы» ойынын ойнату















Мағынаны ажырату





















Сергіту сәті





Постер жасау







Оқулықпен жұмыс

10 мин

















10 мин























2 мин





10 мин







5 мин









Әр топқа өткен тақырыппен байланысты 2 сұрақтан дайындату. Оларды ақыл қалпағына салып, араластырып қайтадан топтарға беру.









Үш топқа үш түрлі зат беремін (шар, балға, су құйылған ыдыс пен стақан). Кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар берілген заттармен тәжірибе жасап, кеспе қағазда берілген сөйлемді көрініспен көрсетуі керек.



-Балалар еліктеу сөздер қалай жасалады екен?



Экранға қарап «Қызыл өрік» әуеніне би билету



Еліктеу сөздің түрлеріне қатысты постер жасау, оны қорғау



322-жаттығуды орындату













Оқушылар топ мүшелерімен ақылдаса отырып, екі сұрақ дайындайды. Дайындаған сұрақтарын ақыл қалпағына салады. Ақыл қалпағынан топ басшылары екі сұрақ таңдап алады. Сұрақты топ ішінде талқылап, топ мүшелерінің біреуі ақыл қалпағын басына киіп жауап береді.



Оқушылар берілген заттарды пайдаланып, тәжірибе жасайды. Кеспе қағазда берілген сөйлемді көріністейді. Тәжірибе жасағанда қандай дыбыс шықты, көрініс жасағанда да дыбыс шықты ма? Оқушылар екі жағдайды салыстыра отырып, еліктеу сөздердің екі түрлі болатынын анықтайды.

-Еліктеу сөздер дыбысқа еліктеуден және іс-қимыл, қозғалыс кезінде бейнеге еліктеуден пайда болады.







Оқушылар тақырыпқа байланысты постер жасап, өздері қорғайды.





Оқушылар жаттығуды дәптерде орындайды. Еліктеу сөздерді дара және күрделі түрлеріне қарай екі топқа бөліп жазады.



V Бағалау (топтық, бір - бірін бағалау )



2 мин

Топаралық бағалауды бақылау.

Алдын ала таратылған бағалау парағын толтыру

VI Рефлексия 2 мин «Екі жұлдыз бір тілек»

VII Үйге тапсырма 1 мин 323-жаттығу, еліктеу сөздерді қатыстырып 2-3 мақал-мәтел жазып келу

























</





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал