7


  • Учителю
  • Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: «Барсакелмес қорығы»

Сабақтың мақсаты: Қорықтардың қажеттілігін анықтау.

Сабақтытң міндеттері:

  1. «Барсакелмес» қорығы туралы БББ кестесін толтыру арқылы мәліметтер алады; оның орналасқан жері, жағдайы, құрылған жылы, мақсаты туралы, мекендейтін жануарлар, құстар, өсімдіктер туралы;

  2. Оқушылар өздерінің оқу, түсіну дағдысын арттыра түседі; сөздік қорын кеңейтеді; сабақтас құрмалас сөйлемдеді қайталайды; аудару мүмкіндігін байқайды;

  3. Тәртіп, силастық, көмек деген түсініктерін дұрыс қолдануға үйренеді; жер, тьабиғат, қоғамның құндылығын түсінуге тырысады; адамзаматтың өмірі табиғатпен тығыз байланысты екенін анықтайды; қорықтардың қажеттілігін дәлелдейді.

Сабабқтың түрі: интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткізілген дәстүрлі сабақ түрі. Сын тұрғысынан жазу мен ойлау әдісі бойынша ЦД О «Сорос Қазақстан».

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, «БББ» кестесі, қима қағаздар, географиялық карта, а-4 парағы, түрлі-түсті қағаздар, бағалау парағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «БББ» әдісі, оқу, аудирование, мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс, 5 жол өлең, Венн диаграммасы, ой-толғау(эссе), жеке, жалпылама сұрау.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, биология, экология.

Бағалау: бағалау парақтары арқылы.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

  2. Үй тапсырмасын тексеру 10 мир

  3. Жаңа сабаққа кіріспе (БББ кестесін толтыру) 5 мин

  4. Жаңа тақырыпты талдау, түсіндіру(слайдтар арқылы) 15 мин

  5. Бекіту-жазба жұмыстарын орындау(актив студио арқылы) 10 мин

  6. Үй жұмысын беру 2 мин

  7. Бағалау 2 мин

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.

Қазақстанның қандай қорықтарын білесіңдер? (2 слайд)





Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.

Қазір әр топ тақтаға шығып, карта бойынша үй жұмысын қорғайды. Ал басқа тыңдаушы топ оқушылары тыңдап отырып, бағалауды және сұрақ болған жағдайда сұрақтарын дайындауды ұмытпайды. Соңынан бағалау парағын толтырып, коментари беруге дайындалады.

Енді осы тақырыпты жалғасытыра отырып, «Барсакелмес» жаңа тақырыпты қарастырамыз. Қорық туралы мәлімет аламыз, басқа қорықтардан қандай өзгешелігі бар екндігін анықтаймыз.

Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып қойыңдар. Тақырып «Барсакелмес» қорығы.

Бірінші тапсырма

Екінші тапсырма:

Мына кестенің бірінші бөлігін толтырдық. Енді екінші бөлігін толтыруымыз керек. Ол үшін жаңа тақырыпты бірге қарастырамыз, керек деген мағлұматты дәптерге жазып

отырыңдар





3слайд Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.



Мынау Барсакелмес қорығының қысқаша мінездемесі. Ал мынау сол қорықтың таңбасы. Нек деп жазылған? «Мемлекеттік табиғи» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Бейімделу, арал деген сөздерді жазып аламыз.

Бейімделу-приспосабливатся

Арал-остров

4 слайд:

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.

Қорықтың табиғаты жалпы осындай. Өздерің көрген басқа қорықтардан қандай айырмашылығы бар? Алдарыңда жатқан парақтарға Венн диагшраммасын толтырыңдар.

5 слайд.

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.



Ал енді мына суреттерге көңіл бөліңдер. Бұл қорықтың табиғаты туралы суретті әңгіме. Не түсіндіңдер? Жауап бермес бұрын мына сөздерді қалай түсінесіңдер, соны анықтап алайық. Құм жоталар-6 сурет, сортаң шөл- 3-5 сурет, сөздіктеріңе жазып алыңдар.

Мына суреттерге қарап аралдың барлығы құм жоталар мен сортаң шөл деген ұғым туындамау керек. Әдемі жерлері де бар.











6 слайд.

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.









Бұл қорық болғаннан кейін онда жануарлардың сирек кездесетін түрлері мекендейді. Қорықтың міндеті қандай? Онда жануарларды не істейді? (қорғайды, сақтайды, зерттейді) Суретке қарап бұл қандай жануарлар екенін анықтай аласыңдар ма? Сөздікке жазып алыңдар.

Қарақұйрық- джайран.

Ақбөкен-сайгак

Құлан-кулан

Қазіргі кезде құландарды сақтап қалу үшін басқа қорықтарға fescnshfls7

7 слайдБарсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.



Мына суреттердегі жануарлардың аттары қызылмен жазылған. Неге деп ойлайсыңдар? (Қызыл кітапқа енгізілген)

8 слайд

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.

Мына өсімдіктер де қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездеседі, бірақ олар аралда бар.

9 слайд.

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.



Мына құстар өте әдемі құстар. Аттары әр түрлі түспен жазылған неге деп ойлайысыңдар? Оның мынандай сыры бар. Бұйра, алқызыл бірқазан, аққулар бұрын қорықта мекендейтін, ал қазіргі кезде олар аралға өте сирек келеді. Ал зуек пен рябок әлі де мекендейді.

Осы аталған аңдар, құстар, өсімдіктер барлығы дерлік қызыл кітапқа енгізіглен. ҚҰландар басқа қорықтарға көшірілген. Құстар аралға келмейтін болды. Неге? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар? Осы сұраққа ойланып жауап беріңдерші.



10 слайд.

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.

Арал теңізінін тартылуы себебінен экосистемасы өзгерді. Ішетін тұщы су қалмады. Сондықтан жануарлар көше бастады және де оларды сақтап қалу мақсатында көшіре бастады.

«Арал теңізі» сөз тіркесіне 5 жол өлең құраңдар.

1,2 слайдтағы (флип чарт) бірінші топтың тапсырмалары. Берілген сөздермен дұрыс сөйлем құраңдар. «Барсакелмес», бірнеше түрі, қызыл, қорығында, енген, жануарлардың, кітапқа, бар. (море+І.с.) суының тартылуына (связи) сол (остров+Б.с.) құстардың кейбіреуі (не прилетают).

Екінші топтың тапсырмасы. Екі жай сөйлемнен бір сабақтас бағыныңқы құрмалас сөйлем құраңдар.

Қорықта сирек кездесетін жануарлардың саны азайып бара жатыр. Оларды шөлді далада өсіруге бағытталған жан-жақты жұмыс жүргізетін арнаулы топ бар.

Үшінші топтың тапсырмасы.

Берілген сөйлемдерден екі түрлі құрмалас сөйлем құраңдар.

«Барсакелмес» қорығының табиғаты өзгерді. Арал теңізінің қасында орналасқан.

Төртінші топтың тапсырмасы.

Сөйлемді аяқтаңдар.

Қорықта құландардың саны азая түсті,...



Қазақ тіліне аудар. Чтобы сохранить куланов, их перевезли в другие заповедники.

Төрт топ жұмысын аяқтап болғаннан кейін тақтаға шығып орындайдыы қалған топ оқушылары тексереді, дәптерлеріне жазып алады.

Неліктен біз бүгін Арал теңізі туралы әңгіме қозғап отырмыз? Өйткені арал осы аталмыш теңізде орналасқан. Сондықтан Барсакелмес аралы құрлыққа қосылып жартылай арал болып қалды.(картамен жұмыс). «Қазірдің өзінде шет ел ғалымдары осы жерде үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», дейді қорық директоры. (газеттен үзінді). Бұл табиғи апат қаншама зиян әкелді? Ал адамдардың өздері қолдан жасаған жасанды апаттарқаншама көп. Алысқа бармай, өзіміздің қарағайлы орманды алсақ та жетіп жатыр. Оған не болды? Білеміз бе? Олар бізге, жергілікті тұрғындарға қандай зиян әкелді? Осы сұрақтың жауабына бәріміз ойлануымыз керек деп ойлаймын.

11 слайд.

Барсакелмес қорығы сабақтың әдістемелік жоспары.



Ал енді мына суретке көңіл бөліңдер. Осы суретпен біз өзіміздің сабағымызды аяқтаймыз, сабақтың қорытындысы деп айтуға келе ме? Табиғат адамзаттан не күтеді? Әрине, көмек. Осы суретке қарап әр топ үйде өз слогандарын құрап келсін. Және «Табиғат және адамзат», «Барсакелместің құпиясы», «Көмек күткен табиғат» т.б. тақырыптарда эссе- ой толғаныс жазып келесіңдер. Ал қазір сабақтың басында толтырған кестенің үшінші бөлігі бойынша «нені білгіміз келеді?» -соны топ мүшелері оқып жіберсе, ал жауап бере алам дегендер болса жауапты тындайық. Ал енді ізденісті қажет ететін сұрақтар болса бірге жауап іздейміз.



Бағалау: Бағалау парағы бойынша.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал