7


6 сынып Сын есімнің түрленуі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:

Сын есімнің түрленуі



Мақсаты:

Білімділік -- сын есімнің түрленуінін оқушыларға түсіндіру, сөйлемдегі қызметін жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы пысықтау, сын есімнің мағыналық ерекшелігін сөйлем ішінде талдау.

Дамытушылық --- сөйлем талдау қабілеттерін дамыту , сөйлем мүшесін таба білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік --- оқушыларды мәдениетті сөйлей білуге,сауатты жаза білуге тәрбиелеу.





Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай біледі.

Топта жұмыс жасауға қалыптасады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл.Ойқозғау. Ойлан, бірік, бөліс.Ойтолғау.

Көрнекілігі

Маркерлер, кеспе қағаздар, тақта, оқулық,т.б.

Ұйымдастыру кезеңі





Оқушылармен амандасу.

Бір-біріне сәттілік тілеу.



Оқушылардың мұндағы мақсаты ұйымшылдықа үйрену.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу



Қызығушылық

тарын ояту

Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар



Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Сөйлем туралы түсініктерін ұштау, алған білімдерін қайталау.

Сөйлем құрау.

Мақал- мәтел айту.

Оқушылар берген тапсырманы орындайды.

Түсіну

Ойқозғау сратегиясы



Сын есімнің түрленуі

Өткен тақырыпты толық меңгеріп, жаңа тақырыпқа қадам.

Зат есімнің түрленуі дегеніміз не?

Зат есімнің көптік жалғауларын ата?

Оқушы сөзін үш жақта жікте? Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

Септік жалғауларын ата.

Сын есім дегеніміз не?

Сын есім тұлғасы мен құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Сын есімнің мағыналық түрлерін ата?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағанасын ашу, түсіні білу



Қолдану

Мағананы тану арқылы

Сын есімнің шырай формасына енуі оның түрленуі деп аталады.Заттың сапалық сыны әр кез бір дәрежеде бола бермейді.Сапалық сынның белгілері бірде тым басым,артық болса,бірде бәсең болуы мүмкін.

Біртектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық якемдігін ,әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды.

Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:

Салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай.

Шырайдың жасалуының екі түрлі ерекшелігі бар.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Сергіту сәті

«Орамал тастамақ»

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.



Талдау

"С.К.Т"

арқылы тақырыпты талдау

Жаттығу талдау.

45-жаттығу.(Өздік диктант)

47-жаттығу.Қарамен жазылған сөздерді байланысып тұрған сөздерімен бірге теріп жазу,мағынасын ашып,таладау.

Батырлар сөзіне С.К.Т жасау.

Жыртқыш

1. Бұл екі құрамнан тұрады жырт-қыш

2. Тұлғасына қарай туынды. (жырт - түбір сөз, -қыш сөз тудырушы жұрнақ жалғанған)

3.Құрылысына қарай - дара.(Бір ғана сындық белгіні білдіреді.)

4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы - аңға,аңның тағылық қасиетіне берілген атау;

6. Грамматикалық мағынасы - сын есім.(қандай деген сұраққа жауап береді)

7.Жыртқыш - қандай? деген сұраққа жауап береді.

8. Мағынасына қарай: қатыстық сын есім, жырт деген етістік сөзге -қыш сөз дудырушы жұрнағы жалғану арқылы жасалған.

Сын есімдер : тұлғасына қарай -негізгі, туынды; құрамына қарай -дара, күрделі; мағынасына қарай - сапалық, қатыстық болып бөлінеді.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Тапсырмаларын бір -біріне көрсету арқылы ой бөліседі, талдайды

Жинақтау

Сұрақ-жауап

Пысықтауға арналған сұрақтармен жұмыс

Әр топ өзара бір-біріне сұрақтар қояды

Бағалау

Қорытындылау

Оқушыларды бағалау



Рефлексия

Үй жұмысы



Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?



46-жаттығу.

Ұсынылған кеспе қағаздарын толтыру







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал