- Учителю
- Мен досыма смс жіберемін. Қайталау
Мен досыма смс жіберемін. Қайталау
Күні: 04.12.15 ж.
Сынып: 5 «б,в»
Сабақтың тақырыбы: Мен досыма смс жіберемін. Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың «Мен досыма e-mail жіберемін» тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы нақты білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: түрлі тапсырмаларды ойын түрінде өткізе отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: қамқорлыққа, сыйластыққа, жанашырлыққа және ұжым болып жұмыс істей алуға баулу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұхбат, бағдаршам, түсіндіру, талдау, сөздік жұмыс, шығармашылық жұмыс
Күтілетін нәтиже: Ережеге сүйене отырып, септік жалғауларын сөздерге дұрыс жалғай біледі. Сөйлемдер құра алады .Сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеу тілі дамиды. Жаңа сөздерді еске түсіре отырып сөздік қорын молайтады
Көрнекілік: кесте, интербелсенді тақта, стикер, маркерлер, плакат, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық ахуал.
1. - мұғаліммен амандасу; келген қонақтармен амандасу.
2. өзара бір-бірлеріне жылы лебіз таныту.
Кел, балалар, күлейік!
Күліп өмір сүрейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі - көңіл ажары!
ІІ. Ой қозғау. 1. «Электронды пошта»
2. Бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып алады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 49-бет. 3-тапсырма
-
Ұялы телефонды қазір әлемнің миллиардтаған тұрғыны пайдаланады.
-
Телефонның арқасында керек адамды сол сәтте тауып алып, сөйлесеміз.
-
Бүгінде бірнеше минуттың ішінде электронды поштамен хат алысып, факс жібере аламыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
«Моншақты тіз» тапсырмасын орындату арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.
-
Электронды пошта деген не?
-
Қай жылы пайда болды?
-
Ғаламтор деген не?
-
Ғаламтор арқасында не істей аламыз?
-
Электронды пошта ағылшынша қалай аталады?
-
Электронды поштаның ерекшелігі?
-
Электронды пошта арқылы нелерді жіберуге болады?
2. «Тізбекті доп» ойынында оқушыларға бір-бірлеріне допты лақтыра отырып, сөздерді айтады. Мысалы: Дос - сайт - техника
3. «Сыңарын тап» оқушылар жаңа сөздерді қайталап өтеді.
Интернет - ғаламтор
Письмо - хат
Скорость - жылдамдық
Информационный - ақпаратты
Похожий - ұқсас
Служба - қызмет
Передавать - тасымалдау
Новость - жаңалық
-
Грамматикалық тапсырма.
1-топ: "ғаламтор" сөзін септеу
2-топ: "хат" сөзін септеу
3-топ: "пошта" сөзін септеу
-
Сергіту сәті: «Атамекен» әнін орындап шығу.
-
«Кім жылдам?» - бұл тапсырмада оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып оқиды.
-
Электронды пошта арқылы ... хат жазамын.
-
Мен бүгін анама .... салдым.
-
Айнұр .... бейне материал жіберді.
-
Ғаламтордан .... оқыдым.
-
Электронды пошта көп жағынан кәдімгі ... ұқсас.
-
Біздің кабинетте комьютер бар.
Керекті сөздер: досыма, құттықтау суретін, әкесіне, жаңалықтар, поштаға, он бес.
Жауабы:
-
Электронды пошта арқылы досыма хат жазамын.
-
Мен бүгін анама құттықтау суретін салдым.
-
Айнұр әкесіне бейне материал жіберді.
-
Ғаламтордан жаңалықтар оқыдым.
-
Электронды пошта көп жағынан кәдімгі поштаға ұқсас.
-
Біздің кабинетте он бес комьютер бар.
-
Кестені толтыр.
-
Шығармашылық жұмыс. «Электронды пошта» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
ІҮ. Бекіту. Постер құрау
1-топ: "Электронды поштаның пайдасы"
2-топ: "Ғаламтор"
3-топ: "Электронды поштаның зияны"
Ү. Үйге тапсырма.
-
Ережені қайталау;
-
"Менің досым" тақырыбына әңгіме жазу.
ҮІ. Бағалау. Бағдаршам әдісі бойынша. Жиынтық бағалау.