7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілінен 'сабақ жоспары'

ҚАзақ тілінен 'сабақ жоспары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: қазақ әдебиет

Мұғалімі:

Мерзімі:27.10.15

Сыныбы: 8А

Сабақтың тақырыбы:

Сәйф Сарай «Түрікше Гүлстан»

Жалпы сабақтың мақсаты:

Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуында басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына сіңіру.

Дамытушылық: әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.

ойлау жүйесін жетілдіру.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеймін

Жұмыс түрлері:

Жеке,топтық, жұптық


Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Кеспе қағаздар

І Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет :

сұрақ-жауап,әңгімелесу,оқулықпен жұмыс


І. Ой қозғау.

Сынып оқушылары топпен жұмыс істейді.Үйге берілген тапсырма Рабғузидің қиссалары. 4 топқа төрт әңгімесі тапсырылады.Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап,бір оқушы түйінді ойды айтады.

Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып,толықтырып отырады.Оқушылар жауабы бағаланады.

Әңгімені толық талдап болған соң,жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «тест-интервью» жүргізіледі.

Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» шығармасынан қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?

Жауабы


а)

ә)

б)

в)

г)

ғ)

Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?

Жауабы


а)

ә)

б)

в)

г)

ғ)





Екі-үш оқушының жазғаны тыңдалады.Басқа оқушылардікі жиналып алынады.

Бұл тақырып ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қысқаша қайталап өтеміз.


Жүсіп Баласағұни Ахмет Иассауи Қорқыт

Адамгершілік, ізгілік,оқу-білім, қанағатшылдық

Рабғузи әл Фараби


Махмұт Қашқари Сәйф Сараи


«Ұлылар шығармаларындағы үндестік не?» деген сұрақ қойылады.

Оқушылар қысқаша тоқталып өтеді. «Адамгершілік», «ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу-білім», «қанағатшылдық» екені айтылады

ІІ. Мағынаны ажырату. (кубизм стратегиясы арқылы


Алтын Орда әдебиетінің тарихымен,Алтын Орда мемлекетінің қалай құрылғандығы жайлы оқушылар алдыңғы сабақта толық танысқандықтан Сәйф Сараи өмірі,шығармашылығы бірден таныстырылады.

«Түрікше Гүлстан» кітабындағы негізгі тақырып туралы айтылады. Кітапқа қысқа әңгімелер,нақыл,мақал-мәтелдер,кіргізілгендігі айтылады.Оқушылар жалпы кітап туралы мағлұмат алған соң,әңгімелері талданады.

Кез-келген топтан бір оқушы дауыстап,мәнерлеп оқиды.Оқушылар топ ішінде өзара талдайды. Бір оқушы шығып,өз ойын айтады,басқа топтар да өз пікірлерін қосып отырады.


Әңгімелер бойынша мынадай сұрақтар қоямын.

  • Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?

  • «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Ұзын бойлы ақымақтан,қысқа бойлы ақылды артық» дегеннің мәнісі не?

  • Наушаруанның «Әуелде зұлымдық аз еді,кейін әркім аз-аздап қосқанда, көбейіп кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?

  • Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?

  • Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па? Тәж Махал,Айша бибі,Арыстан баб ескерткіштері ше?

  • Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?


ІІІ. Ой толғаныс.

Рефлексия. «Менің бүгінгі сабақтан түйгенім».

ІV. Үйге тапсырма

Кім көбірек біледі дегенді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға тырысу керек.


Адамгершілік - ұлы қасиет» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал