- Учителю
- ШЖМ білім сапасын көтеру мақсатындағы «Жыланды» ресурстық орталығын басқару
ШЖМ білім сапасын көтеру мақсатындағы «Жыланды» ресурстық орталығын басқару
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебі
мемлекеттік мекемесі
ШЖМ білім сапасын көтеру мақсатындағы
«Жыланды» ресурстық орталығын
басқару
(педагогикалық оқу)
Мектеп директоры
Бекжанов Бауыржан
Уалижанұлы.
Жыланды селосы, 2013 ж.
Жоспары.
І. Кіріспе бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Тірек мектебіндегі (ресурстық орталық) білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшелігі.
ә) Тірек мектебінің (РО) ресурстық қамтамасыз етілуі.
б) «Жыланды» ресурстық орталығының жұмысын ұйымдастыруды басқару.
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы білім беру сапасына деген көзқарас мүлде жаңаша сипат алды. Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің сатысына қосылу идеясын іске асырудың басты тетіктерінің бірі ретінде болашақ иесі - жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жан-жақты жағдай тудыру, білім берудің сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу, мектепті қазіргі заманғы озық технологиялармен қамтамасыз ету, кадрлар біліктілігін ұдайы арттырып отыру сияқты міндеттер күн тәртібіне енгізілді. Өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын көшпелі ел, ең алдымен ұрпақ тәрбиесіне, шәкірт біліміне ерекше назар аударады, қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше еселеп арта беретін бір байлық бар, ол - білім».
Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикасын, интелектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан қазіргі білім беруді дамытудағы басты мақсат - әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз ұлттың моделін қалыптастыру.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін әсіресе бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қиыншылықтары мол шалғайдағы ауыл мектептерінде, оның ішінде ауыл мектептерінің басым көпшілігін құрайтын (68,6) шағын жинақталған мектептерде (бұдан әрі -ШЖМ) нәтижеге бағдарланған құзыреттілікті білім беруге қол жеткізу мен оны дамыту - бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі болып отыр. 12 жылдық білім беруге өту кезеңінде мекеме басшыларын ШЖМ-тердегі білімділік үдерісті ұйымдастыруға қажет жағдайларды жасау толғандыруда.
Бүгін де ШЖМ-тер көптеген проблемаларды бастан кешіп отыр:
- материалдық-техникалық базасы төмен;
- қаржыландыру көзі жеткіліксіз;
- білікті педагогикалық кадрлар жоқтың қасы;
- ШЖМ арнайы дидактикалық базасы жасалмаған, бұл мектептегі оқытудың ерекшеліктері оқу-әдістемелік кешендер құрылымы мен мазмұнында ашылмайды,
- оқу жоспарлары дәстүрлі құрылым, дәстүрлі оқу бағдарламалары басым,
бұл оқушылар білімінің сапасын төмендетеді.
Бүгінгі таңда ШЖМ-тердегі білімділік үдерісті ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі бар. Бұл - оқу үдерісін дәстүрден тыс құру, ШЖМ-тердің ерекшелігін ескере отырып, ауыл жағдайындағы ШЖМ-терін сақтау мен дамытудың бір моделі - Тірек мектебі (ресурстық орталық) болып табылады. (бұдан әрі -ТМ).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 53-2 негізгі ұғымдарында (2011.24.10) және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында : «Тірек мектеп (РО) - базасында жақын маңдағы ШЖМ-тердің білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-тегі балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында, және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепінде білім алды, әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-терде оқыту, тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді,» - деп көрсетілген.
Ресурстық орталық - (бұдан әрі - РО) дегеніміз - бұл ШЖМ оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп салалы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие үрдісінің әрекеттерін бағыттап отыратын ауыл мектебі. Осындай ресурстық мектептер шартты түрде «магниттік» деп аталатын, өзінің маңына жақын орналасқан ШЖМ-тептерді біріктіріп, бірыңғай мақсат еткен және көздеген міндеттері бар тұтас білім беру жүйесін құрайды.
Магниттік мектеп - (бұдан әрі - ММ) бұл оқушы контингентімен аз қамтылған, біріктірілген сыныптары бар және РО-тың біртұтас жүйесіне енетін жалпы білім беретін мектеп.
РО-ның миссиясы: Ауылдық жердің барлық балаларына базалық және бейіндік оқыту мен тәрбиелеу негізінде олардың қабілеттерін, жеке бейімділік ерекшеліктерін ескеретін сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Мақсаты: Үздіксіз білім беру үшін біздің заманға қажетті, нақты арнайы білімдерді меңгерген\, ауқымды ақпараттарды қолдана білетін, бәскеге қабілетті, адамгершілігі мол, дені сау түлек дайындау.
РО-ның міндеттері - Ресурстық және магниттік мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын интеграциялау негізінде бірыңғай білім кеңістігін құру;
- оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай кестесін жасау;
- РО мектептерінің бірыңғай режімі;
- Кіріктірілген, бейінделген пәндер мен курстар жүргізу;
- Білім беруді жүзеге асыруды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету (аудиовизуалдық құралдар, дидактикалық материалдар, компьютерлер, бағдарламалар, үлгі қағаздар);
- Әртүрліліктерді біріктіру негізінде бірыңғай әдістемелік кеңес құру;
- Жалпы пікірлес педагогикалық ұжым, ғылыми-әдістемелік мәдениеттің белгілі бір деңгейін қалыптастыру;
- РО-ты басқару жүйесін құру;
- Жобаны жүзеге асыру бойынша материалдық-техникалық база құру;
РО - құрамына енетін білім мекемелерінің кадрлық, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік потенциалын бірікітіріп, ауылда толыққанды, базалық және бейіндік білім беруді қамтамасыз етеді.
Тірек мектебінің (РО) құрылымы оқытудың үш сатысынан тұрады: Бірінші саты - бастауыш саты (1 - 4; 1 - 5) дайындау.
Екінші саты - негізгі орта білім (5 - 9; 6 - 10) бейіналды.
Үшінші саты - жалпы орта білім (10 - 11; 11 - 12) бейінді мектеп.
Тірек мектебі (РО) - қажетті білім беру ресурстары арқылы ауылдық жердегі оқушылардың сапалы бейіналды дайындығын және бағдарлы оқытуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) маңызы бір мақсаты ретінде білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында тірек мектептерін (РО) құруда, Қарағанды облысының ресурстық орталықтары іс-тәжірибесінің ықпалы зор. Оған дәлел мектебіміздің мұғалімдері тәжірибе алмасу мақсатында 2011 жылдың 15-19 ақпан күндері Ақтөбе қаласында (12 жылдық білім беруге көшу жағдайында тірек мектеп-ресурстық орталықтың білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы республикалық семинар-тренингке, 21-22 қараша күндері Ақтөбе қаласындағы «Шағын жинақты мектеп: қазіргі жайы мен даму болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2012 жылдың 29 ақпан - 1 наурыз аралығында Атырау қаласындағы «Тірек мектептерінде (РО) оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы республикалық семинар-тренингке қатысып, Қарағандылық әріптестеріміздің озық тәжірибелерін бөліссек, 2012 жылдың 17-20 сәуір аралығында аудандық Үйлестіруші кеңестің төрайымы Б.Хасенованың жетекшілігімен бір топ мұғалімдер Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында болып, «Жезді» тірек мектебінің (РО) жұмысын көріп, іс-тәжірибелерін бөлісіп қайтты.
ШЖМ-тегі оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық проблемаларды шешудің маңызды бағыттарының бірі - жаңа педагогикалық технологияларды дайындау және оны енгізу болып табылады. Оның негізгі белгісіне педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің : оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, құралдарының, оның түрлерінің, оқу нәтижелерінің болжауға сәйкестігінің бейімдік дәрежесі жатады.
Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы №02-2/952 санды хаты мен Құрманғазы АБББ-нің 2010 жыл 18 қазан №1-722 санды бұйрығы негізінде мектебіміздің базасында әдістемелік мақсатта Ресурстық орталық құрылды. Орталыққа жақын маңдағы С.Мұханов, Ш.Уалиханов, Ж.Нәжімеденов атындағы және Қиғаш орта мектептері ШЖМ-тер ретінде тартылды.
Әдістемелік негіздегі ресурстық орталықтың мақсаты: ШЖМ-терде оқушыларға сапалы білім беру мен тәрбиелеу, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін шыңдауда әдістемелік-тәжірибелік көмектер ұйымдастырып, қазіргі білім берудің мақсатына сай бәсекеге қабілетті, іскер жеке тұлға қалыптастыру.
Міндеттер: - ШЖМ-тердің оқу-тәрбие жұмысын белсендіре, үйлестіру;
- РО-қа қарасты ШЖМ-дің оқу-тәрбие жұмыстарына жан-жақты талдау;
- білім сапасын арттыруда оқушы құзыреттілігін дамыту;
- білім сапасын арттыруда оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру;
- пед. кадрлар біліктілігін арттыруда семинар-тренингтер т.б. ұйымдастыру;
- қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламаларын дайындау;
- педагогикалық технологиялардың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, пайдалану;
- оқушы шығармашылығын дамыту, интеллектуалды шараларға тарту;
- РО және ШЖМ-тер үшін әдістемелік басылым, тест жинақтарын әзірлеу;
- материалдық-техникалық базаны нығайту, қаржыландыру көздерін табу.
РО-тың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда, тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздардың жоғары білімдісі - 40, арнаулы орта - 6, жоғары санатты - 9, бірінші санатты - 23, екінші санатты - 12, санатсызы - 2.
РО-тың даму жоспарына сәйкес ай сайын мектебімізде магниттік мектептер үшін әдістемелік күн белгіленіп, түрлі тақырыптардағы оқу-семинары, тренинг, дөңгелек үстел, панорамалық сабақ түрлерін талдау т.б. өткізіліп, зерделенді. Сонымен қатар ай сайын ШЖМ-дің өз базасында әдістемелік күндерді белгілеп, оқушы білімінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылып, әдістемелік күннің соңғы семинарында қорытындыланып отырды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Атырау ОБББ-ның 2012 жыл 29 тамыз №317 бұйрығы және Құрманғазы АБББ-нің 2012 жыл 6 қыркүйек №516 бұйрығы негізінде мектептің базасында «Жыланды» ресурстық орталығы құрылып, жақын маңдағы бұрын әдістемелік көмек беріліп келген төрт магниттік мектеп тартылды. РО пен ШЖМ-тер арасындағы оқу-тәрбие үрдісінің жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып жүргізу үшін Үйлестіру кеңесі құрылды. Орталық педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіліп, жүктеме сағаттары белгіленді. Оқу жылының басынан бері РО-тың тағайындаушы және оқу сессиялары өткізіліп, қазір ШЖМ-дің оқушылары сессияаралық кезеңінің тапсырмаларын орындауда. Мектебімізде құрылып, жұмыс жасап оң нәтиже беріп отырған РО білім беру үрдісіндегі желіні дамытуға негіз болып келеді. Педагогикалық оқуға ұсынылып отырған жұмыстың мазмұны - «Жыланды» ресурстық орталығының білім беру іс-әркетін ұйымдастыруы бойынша, практикалық тәжірибе негізінде осы сияқты білім беру мекемелері басшыларының жеке басқару механизмдерін жетілдіруде, тәжірибе алмасуға бағытталған.
І. «Жыланды» тірек мектебінің (РО) ресурстық жағынан
қамтамасыз етілуі.
Тірек мектебін (РО) құру және қалыптастыруда, алдымен оның қызметін құқықтық-нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. «Жыланды» тірек мектебінің ашылуы мен жұмыс жасауына қажетті құжаттарды әзірлеу біліктілігін дамыту мақсатында төмендегі мына ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды:
- білім беру мекемесінің құрылымына талдау;
- тірек мектебіне анықтама беру;
- РО-ты ашу туралы облыстық ББД-не өтініш беру;
- РО-ты ашу туралы бұйрық шығару;
- мектеп жарғысына толықтырулар енгізу;
- үйлестіру кеңесінің жұмысын жоспарлау;
- тірек мектебі жұмысының даму жоспарын жасау;
- бірыңғай оқу жоспарын әзірлеу;
- бірыңғай оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау.
- серіктестік ұжымдармен келісім шартқа отыру;
«Жыланды» тірек мектебінде (РО) қызмет ететін мұғалімдердің тарификациясының ерекшеліктерін меңгере отырып, РО жұмысына қажетті штаттық кестесін құру біліктілігін дамыту мақсатында білім беру үрдісі мамандармен қамтамасыз етілді.
Тірек мектебінің (РО) қызметі жалпы білім беретін мектепке тән емес қосымша қызметтерді жүзеге асырады:
-оқу-тәрбие үрдісін (ОТҮ) ұйымдастыру менеджері - РО білім беру үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың орынбасары (эдвайзер);
- тьютор - курс материалын жақсы білетін, пәннің, оқу материалының мағынасын, құндылығын және кәсіби маңыздылығын аша білетін ШЖМ мұғалімі;
- үйлестіруші мұғалім - нақты пәнді жүргізуге құқық беретін дипломы бар, тірек мектебінің пән мұғалімі. Арнайы білімі бар ШЖМ мұғалімі де «үйлестіруші-мұғалім» бола алады. Сонымен қатар орталықта оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына орай әдістемелік, тәрбиелік, психологиялық жұмыстардың үйлестірушілерімен қоса. мектеп дәрігері өз қызметтерін РО-тың Үйлестіруші кеңесінің әзірлеген біртұтас оқу жоспары негізінде жүзеге асырады. Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі тірек мектебінің (РО) оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бойынша сағат санына байланысты бекітіледі.
«Жыланды» тірек мектебінің (РО) жобалы түрдегі штаттық кестесі.
№
Жұмыс мазмұны
Д.Нұр
пейісова о/м
С.Мұқа
нов о/м
Ж.Нәжімеденов о/м
Ш.Уалиханов о/м
Қиғаш о/м
Барлығы
1.1
«Жыланды» ресурстық орталығының директоры
0,20
0,20
1.2
ОТҮ ұйымдастыру бойынша менеджері
1
1
1.3
ЖМ - ҚГ бағыттағы тьюторлар
0,20
0,20
0,20
0,20
0,80
1.4
Жобалау, зерттеу қызметінің үйлестірушісі
1
1.5
Қосымша білім беру мұғалімі
8
1
9
1.6
Әдістемелік жұмыс үйлестірушісі
0,20
0,20
1.7
Тәрбие орталығының жетекшісі
0,20
0,20
1.8
РО медико-психологиялық жұмысы
0,20
0,20
1.9
Мектеп дәрігері
0,20
0,20
Барлығы :
11
0,20
020
1,20
0,20
11,80
Тірек мектебін (РО) әлеуметтік әріптестік негізде басқару жүйесін моделдей білу дағдысын дамыту мақсатында «Жыланды» ресурстық орталығы корпоративтік басқару негізінде жұмыс жасап келеді. Ол әлеуметтік әріптестіктің орталықтағы мүмкіндігін кеңейтіп, оқушыларға бейінді оқытуды, сол сияқты қосымша білім беру жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Басқару жүйесінің басты мақсаты - педагог кадрлардың және орталықтың әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту арқылы білім беру сапасының артуын қамтамасыз ететін жағымды жағдай туғызу. Әлеуметтік әріптестік - бұл әртүрлі әлеуметтік топтар мен институттардың білім беру саласындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған біріккен корпоративтік іс-әрекеті, іс-қимылы. Әлеуметтік әріптестіктің механизмдері: ұжымдық келісім-шарт және контракттар,
әріптестік келіссөздер.
Мектептің, отбасының және ортаның өзара үйлесімді әрекет етуі ресурстық орталықтарды дамытудың міндетті шарты болып табылады. Педагогтар әр түрлі институттармен, отбасылармен, басқа білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары-мен, мәдени орталықтармен, тәртіп сақтау ұйымдарымен, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен т.б. әлеуметтік әріптестікке болуға бастамшылық танытып, оған белсенді қатысады. Әріптестік қарым-қатынас негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері ғана емес, сонымен бірге жергілікті деңгейде білім беру, мәдени және әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері де шешімін табады.Атап айтсақ, «Жыланды» ресурстық орталығы 2012-2013 оқу жылында аудан орталығындағы №3 кәсіптік -техникалық колледжбен, мұражаймен және Абай атындағы орта мектеп базасындағы «Нұртамшы» балалар қоғамдық бірлестігімен серіктестік келісімшарттар арқылы жұмыстар жүргізіп келеді.
Әріптестік қарым-қатынас негізінде құрылған өзара іс - қимыл төмендегідей маңызды мүмкіндіктер береді:
- қауымдастықтың инфрақұрылымын дамыту үшін алғышарттар жасақтау, бұл ауылдық жер үшін өте маңызды;
- тірек мектебінің (РО) білім беру үдерісін ұйымдастыру, іс-әрекетін жоспарлау және басқару үшін жергілікті қауымдастық мүшелерінің азаматтық бастамасын дамыту;
- РО мектептерін материалдық қолдау үшін бюджеттен тыс қосымша қаражатты және басқа да ресурстарды (қайырымдылық, демеушілік көмектер) тарту;
- тірек мектебі (РО) ұжымының кәсіби мүмкіндігін маңдағы қауымдастықтың мәдени дамуына пайдалану;
-РО-ның мәдени және спорттық-сауықтыру іс-әрекетін ұйымдастыру үшін мектеп ресурсын (құрал-жабдықтар, бөлмелер, жер телімдері) ұтымды пайдалану.
РО-ты Үйлестіру Кеңесі басқарады, оның құрамына мектеп басшылары, облыстық және аудандық білім беру бөлімдері, әлеуметтік әріптестер өкілдері енеді. Тірек мектебінің директоры Ережеге сәйкес тірек мектебіндегі (РО) білім беру үдерісін тікелей басқаруды жүзеге асырады. Тірек мектебінде директордың РО жұмысын ұйымдастыратын орынбасардың штаттық бірлігі қаралған.
Тірек мектебі (РО) қалыпты жұмыс жасауына қажетті материалдық-техникалық және қаржылық ресурстарды жоспарлау біліктілігін дамыту мақсатында орталықты қаржыландыру ерекше қиындықтарға толы, күрделі жұмыс. Бұл мәселені шешу үшін алдын-ала орындалуы қажет жұмыстарды анықтап алу керек:
- сессия кезінде тьютор-мұғалімдер мен балаларды әрі-бері тасымалдау, жататын орын мен тамақтану мәселелерін шешу;
-сессия аралық кезеңде оқушылар мен жеке жұмыс ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік кешен әзірлеу (жұмыс дәптер,электронды оқулық, формат т.б.);
- РО-ға қатысты мектептердің материалдық-техникалық базасын толықтыру;
- қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау;
- штаттық кестеге қосымша бірліктер енгізу (эдвайзер, тьютор, т.б.);
- қосымша оқу жабдықтарын сатып алу (интерактивті тақта, мультимедиалық кабинеттер, лингафон т.б.).
Қосымша қаржыландыру тірек мектептерінің (РО) құрамына кіретін білім беру ұйымдарының стандартты шығындары бойынша есептеледі. Жергілікті бюджет қаржыландыру жоспарына тірек мектеп (РО) қызметі үшін қаржы қаралуы тиіс. Ол болмаған жағдайда АБББ-і РО-ның оқу жылындағы шығындар сметасымен жергілікті маслихатқа жүгінуі тиіс.
Тірек мектебін (РО) ашу шығын сметасы.
№
Шығын атауы
Жалпы соммасы
Қаржыландыру көзі
1.
Балаларды алып келу, жатын орынмен қамтамасыз ету, тамақтандыруға қатысты шығындар
1.1
Жол шығыны (көлік шығын)
1.2
Жатын орын (орташа есеппен)
1.3
Тамақтандыру (орташа есеппен)
2
Сыныптан тыс және сабақтан тыс шараларды ұйымдастыруды шығын материалдарымен қамтамасыз ету
3
Штаттық бірліктер
Барлығы :
ІІ. Тірек мектебіндегі (РО) білім беру үдерісін
ұйымдастырудың ерекшеліктері.
«Тірек мектебіндегі (РО) білім беру үдерісі - бірыңғай оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады және үш сессияны (тағайындаушы, оқу, қорытынды), сессияаралық кезеңді қамтиды. Сессиялар кезеңінде тасымалданған оқушыларға оқу шеберханалары мен зертханаларында теориялық-практикалық оқу іс-әрекеті ұйымдастырылады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-терде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті тірек мектебі пән мұғалімдерінің қашықтықтан қолдауымен жүргізіледі.
Оқушылар тірек мектебіндегі (бұдан әрі - ТМ) сессияға жылына үш рет келіп, негізгі базалық пәндер бойынша оқу үрдісінде қиындық туғызатын мәселелерді игеруге құнды әдістемелік көмек алады, бейін аясында практикалық дағды меңгереді, дәрігерлік-психологиялық тексерістен өтеді, осы арқылы жалпы ақпараттық-мәдени ортасы кеңейе түседі. Сессияға келген оқушылардың жатақханаға орналасуына жағдай жасалып, төрт мезгіл тамақтанады. Олар үшін спорттық-сауықтыру, көркемдік-эстетикалық және мәдени, зияткерлік сипаттағы дамытушы сабақтар ұйымдастырылады.
ШЖМ
Нәжімеденов
20 км
ШЖМ Қиғаш
7 км
ШЖМ
Мұханов
3км
ШЖМ Уалиханов
15 км
Оқу жылының басында (қыркүйек) тағайындаушы сессия - ТМ-нің базасында өткізіледі. Ол ТМ ( РО) бірлескен отырысында әзірленген оқу үдерісінің кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Мектептегі тағайындаушы сессияға дейін «кіру» тестісі өткізіледі. Оның көмегімен оқушылардың пән бойынша білім мен бейімділігінің деңгейін анықтауға болады. Сессия кезінде «кіру» тестісінің нәтижелері ескеріліп, сессия жұмысы оқушы біліміндегі жетіспеушілікті толықтыруға бағытталады. Оқу үдерісі модульдық негізде құрылады, өйткені белгілі бір модульды өткеннен кейін оқу материалының игерілуі диагностикасын анықтауға мүмкіндік болады. Әрбір модульдан соң мұғалім әрбір оқушының
10-12 параметр бойынша білімділік дәрежесін (И.П.Капустин әдістемесі) айқындайды. Нәтижесінде оқушылардың қиындықтарының аймақтары анықталып, соның негізінде тьюторлар сессияаралық кезең жұмыстарын ұйымдастырады.
Оқу жылының қаңтар айында өткізілетін оқу сессиясы - оқушылардың оқып-үйренетін пәндердің практикалық бағытталуын тереңдетуді көздейді. Оқушыларға ұжымдық, топтық және жекеше жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Оқу сабақтарын ТМ мұғалімдері, кейде келісілген жағдайда магниттік мектептердің мұғалімдері де өткізеді. Химия, физика, биология пәндерінен зертханалық және практикалық, математикадан практикумдар, ал қоғамдық бағыттағы пәндерден тренингтер, жобалаушы іс-әрекеттер қолданылатын кіріктірілген сабақтар, таңдау курстары өткізіледі. Осы сессия нәтижелері бойынша білімділік деңгейі де анықталады, сессияаралық кезеңде оқу қиындықтарын болдырмауға қатысты кеңестер, жеке ұсыныстар беріледі.
Оқу жылының аяғында (сәуір) қорытынды сессия кезінде оқытуды жүзеге асырудың қорытындысы шығарылады, базалық пәндер мен таңдамалы курстар бойынша түйінді мәселелер айқындалады. Жекеленген пәндер бойынша сессияаралық кезеңде дайындаған ғылыми жобаларын қорғайды. ҰБТ мен ОЖСБ дайындық деңгейін алдын ала бағалау жүргізіліп, олардың өткізілу үдерісімен таныстырылады.
Әрбір сессияның құрамды бөлімі ретінде тәрбие жұмысына зор көңіл бөлінеді. Спорттық, көркемөнер, эстетикалық, танымдық сабақтар негізінде түстен кейін өткізіледі. Оқушы шығармашылығын дамытуда зертхана, шеберханалар жұмыс
істеп, өнімді шығармашылық іс-әрекеттері зерттеу мен жобалау жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерге басымдылық беріледі.
Сессияаралық мерзімде ТМ (РО) ақпараттық білім беру ортасын құрудың маңызы зор. Өз тәжірибемізге сүйенсек, «Жыланды» РО-да қашықтықтан оқыту негізінен қағазға басылған мәтін тапсырмалармен іске асырылуда, яғни ШЖМ оқушыларына алдын-ала әзірленген дидактикалық материалдармен оқытылуда. Оқушылардың бейінді пәндер, қолданбалы және таңдау курстары бойынша білім алуы, үйлестіруші-мұғалімнің жетекшілігімен және тьютор мұғалім көмегімен жүзеге асырылады.
Дегенмен білім беру үрдісінің сапасын арттыруда электрондық оқытуды қолданудың маңызы зор. Электрондық оқыту мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты әпсәтте өзгертіп, оқушының оқу материалын «онлайн» режимінде өздігінен белсенді игеруге бағыттайды. Ал физика, химия, биология пәндерінен виртуальді зертханалардың болуы, осы пәндерді меңгеруге қажетті оқу-құралдарының тапшылығын сездірмесі анық. Материалдық-техникалық базаның талапқа сай болуы ТМ-нің оқу-әдістемелік ақпараттық орталығынан қажетті құндылықтарды алуға мүмкіндік береді.
Магниттік мектептер
ТМ ( РО) базасындағы бейіналды дайындық мына шараларды қамтиды:
- мамандық таңдауда оқушыларға кеңес беру;
- дайындық жүріп жатырған мамандықтар бойынша аймақтағы мүмкіндіктерді ақпараттандыру (кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО);
- оқушылардың қызығушылықтары бойынша қалаған мамандықтарына психологиялық және тұлға типіндегі диагностика;
- «Мен - мамандық әлемінде» іскерлік ойын;
- әр пәнді оқып үйренудегі оқушы үлгерімінің мониторингі;
- оқушы қалауына қарай жеке кеңестер.
ТМ (РО) базасында бейіндік оқыту шеңберінде ШЖМ оқушылары оқу жоспарының вариативтік бөлімін меңгереді. Жеке сұраныстарды қанағаттан-дыруға бағытталған қолданбалы және таңдау курстары ұсынылады.
Қазіргі таңда педагогикалық мақсат - жас ұрпақтың алдына қойылған міндеттерді өз бетінше шеше алу қабілеттілігі болып табылатын «құзыреттілік тәсіл» жүзеге асырылады. Сондықтан РО-та оқушыларға пәндік және әлеуметтік жұмыстар, эксперименттік-зерттеу, жобалаушылық іс-әрекеттері, іскерлік және ұйымдастырушылық ойындар, сонымен қатар кеңестер мен портфолио бойынша өзіндік жұмыстар, мәтін жазу т.б. ұсынылады. Жобалау-зерттеу іс-әрекеті қолданбалы және таңдамалы курстар негізінде кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
ТМ (РО)жағдайында мына педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылады:
1. Оқу-әдістемелік жұмыстың үш өлшемді технологиясы. Игеру деңгейі (В.Беспалько, Ж.Қараев бойынша) 4 түрге бөлінеді: оқушылық, алгоритмдік, эвристикалық және шығармашылық.
2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ). Қолданудағы нәтижесі - білімнің сабақтасып өздігімен дамуы.
3. Оқытудың ұжымдық әдісі: ауыспалы құрамдағы жұптық жұмыс, мұнда әркім басқаны оқытады, басқадан үйренеді.
4. Оқу мен жазу арқылы СТО-ды дамыту. Оқушыға білімді өздігінен алуға, ойлауға, салыстырып талдауға және өз таңдауын жасауға ерік береді.
Мұғалім өзінің педагогикалық сабақ беру шеберлігінде көбірек сәйкес келетін технология мен әдіс-тәсілдерді таңдауға құқылы.
ІІІ. «Жыланды» ресурстық орталығының жұмысын
ұйымдастыруды басқару.
Мұғалімнің кәсіби өсуі - күнделікті педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асатындықтан мектептегі оқушылардың білім сапасын көтеру, мұғалімдердің біліктілігін, қызығушылығын, ұжымның бірлігін ұйымдастыра білу - басшының үлкен жоспарлы еңбегін қажет етеді.
Білім беруді дамытудың мемлкеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебіміздің базасында 2010 жылы құрылғаннан бері «Жыланды» ресурстық орталығы - өзіне қарасты магниттік С.Мұқанов атындағы, Ш.Уалиханов атындағы, Ж.Нәжімеденов атындағы және Қиғаш орта мектептерінің дамуына ерекше назар аударып келеді. «Ауыл өзегін құраушы» мәртебесі берілген ШЖМ-тері өз алдына қойылған міндеттерімен айрықша ерекшеленеді:
- әрбір оқушыға сапалы орта білім алудың бірдей мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту және әлеуметтендіру, кәсіптендіру жүйесін жасау. Осы мектептердің құрамындағы оқушылар санының аздығы, заттық-техникалық базаның әлсіздігі - тұлғалық- бағдарланған әдісті ескеретін және сапалы білім беруді қамтамасыз ететін бағдарлап оқытудың алғашқы дайындығын және кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан тірек мектебі (РО) негізінде ұйымдастырудың міндеттерін орындау үшін ресурстық орталық пен магниттік мектептердің күштерін біріктірдік.
РО мен ШЖМ-дің білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған сессиялық және сессияаралық қажетті құжаттарды дайындап жинақтадық:
- үйлестірушінің, педагог-тьютордың және педагог-эдвайзердің функционалдық міндеттері;
- тірек мектебі (РО) және ШЖМ-нің құжатнамалық үлгілік тізімі;
- оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың меңгеруіне күрделі тақырыптардың тізімдері, оны қашықтықтан кеңес беру сабақтарында пайдалану;
- тірек мектебі (РО) білім беру кешені туралы үлгілік қағидалар мен оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар;
- РО-қа қарасты магниттік мектептердің картасы мен маршруты;
- тірек мектебінің (РО) әдістемелік кеңесін құру, жұмыс жоспарын бекіту.
Ресурстық орталықты ашу кезінде оған қарасты мектептер басшыларының бірлескен жұмыс сипаты іске асырылды. Сессияларды өткізу барысында көптеген нәрсе есепке алынғанымен, ондағы кемшіліктердің анықталатынын көрсетті:
- тірек мектебі қызметі бойынша нормативтік құжаттардың болмауы;
- РО қызметіндегі қаражаттық механизмдердің толық реттелмеуі;
- жатақханаға балалардың сыйымдылығының сай келмеуі;
- тасымал көлігінің жетіспеуі;
- сессия кезінде РО және ШЖМ-дердегі мұғалімдердің еңбек ақысын төлеу жүйесінің толық шешілмеуі;
- РО-тың интернетке шығу мүмкіндігінің ауылда шектеулі болуы;
РО-қа арналған интеграцияланған оқу бағдарламасының болмауы.
Мұғалімдерді РО-тың жұмысын жүйелі жүргізу үшін курстық дайындаудан сатылап өткізу міндеті дұрыс жолға қойылып және тірек мектебінің білім беру кешенін ұйымдастырып, ШЖМ кәсіптендіру жүйесін дайындау мақсатында әдістемелік қолдауды қамтамасыз етіп келеміз.
Білім беруде РО-ты сапалы басқару үшін бірлесу принципі негізінде және әлеуметтік серіктерден құралатын, бірыңғай білім беру кеңістігіне кіретін Үйлестіру кеңесінің маңызы зор.Ол магниттік мектептер туралы сынып саны, оқушы саны, мұғалім саны, мұғалімдердің сапалық құрамы, білім сапасы, үлгерім, біріккен сынып, бірнеше пәнді қатар оқытатын мұғалім саны, пән бірлестіктері, шығармашылық топ, МАД және ШО туралы мәліметтер жинақтап, зерделеді.
Ресурстық орталықтағы әдістемелік жұмыс - кіші әдістемелік кеңесті құру жұмысымен басталды. Оны РО директорының орынбасары (эдвайзер) басқарып, жүргізеді. Құрамына ШЖМ директорлары, РО мен ШЖМ мұғалімдері (үйлестіруші-мұғалім), тьютор және мектеп психологтары енді. Кеңес құрамы РО директорының бұйрығымен бекітілді.
Кіші әдістемелік кеңес
Ресурстық орталықтағы мектеп директораларының орынбасарлары (эдвайзер)
Шағын жинақты мектеп
директорлары
Ресурстық орталық пен шағын жинақты мектеп мұғалімдері
Психологтар
Тьюторлар
Ресурстық орталық директорының бұйрығы
Кіші әдістемелік кеңестің атқарған міндеттеріне :
- РО дамыту бағдарламасын құру, жүзеге асыру, білім беру үдерісін бақылау,
- зерттеу, зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- бейіндік оқытуды жүзеге асыру;
- кадрлар біліктілігін арттыру.
Пән бірлестіктерінде координаторлар мен ШЖМ мұғалімдері:
- оқу жоспарының білім беру бағдарламасын құрады және жүзеге асырады;
- кіріктірілген білім беру кешенін ұйымдастырады.
Шығармашылық топ - әр оқушының алған біліміне байланысты әр оқушыға арнап диаграмма, өсу динамикасын құрайды.
Психологиялық орталықтың міндеті :
- ШЖМ-дің оқушыларының жаңа ортаға психологиялық бейімделуін;
- ұжымдық жұмыс дәстүрін үйретуге;
- топтағы жұмысты таңдауға;
- білім алушылардың әлеуметтік бейімделуі және өзін-өзі анықтау үрдісінің жүйелі жүруін қадағалайды.
Тьюторлар - әр оқушыға оқытудың жеке бағытын ұйымдастырады.
РО пен ШЖМ мұғалімдерінің біріккен жұмысының қорытындысы, нәтижесі, олқы тұстарын болдырмаудағы міндеттемелері педагогикалық кеңесте қаралады.
Кіші әдістемелік кеңес
Пән бірлестігі
Шығармашылық топ
Психологтар
Тьюторлар
Координатор
Ресурстық және шағын жинақты мектеп мұғалімдері
Ресурстық орталықтың педагогикалық кеңесі
РО-ғы кіші әдістемелік кеңес - магниттік мектептерге төмендегі әдістемелік-тәжірибелік көмек жұмыстарын жүзеге асырып келді:
Ресурстық орталықтағы әдістемелік жұмыстар
-
ресурстық мектеп құрамына кіретін мектептердің оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау.
-
пән мұғалімдерінің үздіксіз білімдерін жетілдіруді жүзеге асыруда оқу-әдістемелік тәжірибе алмасу семинарын ұйымдастыру.
-
магниттік мектептерде білім сапасын арттыруда пәндердің сапалы берілуіне басшылық жасау.
-
магниттік мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін жақсартуда әдістемелік күндер ұйымдастыру.
-
ММ үшін әдістемелік күн өткізу.
Магниттік мектеп мұғалімдерінің сұранысын анықтау
Сауалнама
Пікір алмасу
Диагностика
Жоспарға сәйкес айына бір рет РО-та ШЖМ мұғалімдері үшін әдістемелік күн белгіленіп, өзекті мәселелерге байланысты түрлі тақырыпта оқу семинары, тренинг, дөңгелек үстел, семинар-практикум т.б. ұйымдастырылды. Онда оқытудың жаңа технолгияларын қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында бейінді, сыныптарда пәндерді топтастыра отырып, сабақтар өткізіп, қорытындысы семинар-треининг түрінде зерделеніп отырды. ШЖМ-тер базасында да әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру- оқушы білімінің сапасын көтеруге, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде өз жемісін беріп келеді.
ШЖМ- терде жүргізіліп жатқан жұмыс түрлеріне:
- оқушыларды ҰБТ, ОЖСБ дайындаудың тиімді әдістері;
- жас мамандарға оқытудың ақпараттық технологияларын тиімді қолдану;
- зертханалық, сарамандық жұмыстарды жүргізу;
- оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу.
РО пен ШЖМ базасында өткізілген әдістемелік жұмыс нәтижелері қорытындыланып, талқыланады, жылдық жұмыстың мониторингі жасалады.
Магниттік мектептегі әдістемелік жұмыстар
РО-дағы әдістемелік күн
ММ-дағы ашық есік күні
ҰБТ-ға дайындалу жолдары
Қосымша білім
Қорытындылау
АБББ-нің үйлестіру кеңесі
Жаңа оқу жылына міндеттер
Пән бірлестігі отырысы (тоқсан сайын)
Кіші әдістемелік кеңес (жылына 4 рет)
Жылдық жұмыс қорытындысы
Байқау «Ең үздік шағын мектеп» басшысы
Мониторинг
Жан-жақты зерделеніп, ұйымдастырылған әдістемелік көмек жұмыстарының нәтижесінде РО-тың білім беру үдерісін жүргізуге қолайлы мүмкіндіктер қалыптасты. «Жыланды»РО-ның дамуына 2012-2015 жылдарға арналған жоспары жасалды.
Құрманғазы АБББ-нің 2012 жыл 12 қазан №578 санды «РО-тың күзгі сессиясын өткізу туралы» бұйрығының негізінде 17-20 қазан аралығында тірек мектебі жоспарға сәйкес күзгі тағайындаушы сессиясын өткізді. Сессияға келген ШЖМ - дің 30 оқушысы мектеп жанындағы жатақханаға орналастырып, төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп медбикесі оқушылардың денсаулығына, жеке бас тазалығына және ішкі гигиеналық талаптардың орындалуына мән беріп, тексерістен өткізді.
«Жыланды» РО-ның ашылу салтанатынан кейін, сабақ кестесіне сәйкес екі бағытта: жаратылыстану-математика және қоғамдық -гуманитарлық бағытта 10 сынып оқушыларына сабақтар өткізілді. Мектеп психологтары оқушылардың білім алуына қалыпты жағдай туғызу жұмыстарымен қатар сессияға кіру тестілерін жүргізді. Түскі тамақтан кейін қолданбалы курстармен түзету жұмыстары және сергіту, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында мәдени-көпшілік, сауықтыру шаралары жүргізілді. Сессияның соңында жүргізілген жұмыстарға, оқушы жетістігіне талдау жасалып, шығу тестісі жүргізілді. Оқушыларға сессияаралық тапсырмалармен қатар кеңестер берілді. Сессия сабақтары мен тәрбие шараларына белсене араласқан оқушылар сессияның жабылу салтанатында ерекше аталып, марапатталды.
Сессияаралық жұмыстарды жүзеге асыруда РО- тың үйлестіруші мұғалімдері мен ШЖМ-дің тьютор мұғалімдері өзара байланыста болып, оқушыларға қашықтықтан оқыту технологиясы мен кеңес сабақтарын берді.
АБББ-нің 2012 жылы 30 қараша №707 бұйрығы негізінде 4-8 желтоқсан күндері РО-тың қысқы сессиясы өткізіліп қорытыланды.
РО-тың қорытынды сессиясын сәуір айында өткізу жоспарланып, оқушылардың сессияаралық жұмыстарының орындалуы бақылануда. Күні бүгін 16 оқушы базалық пәндердің тапсырмаларымен қатар физика, химия, тарих, биология пәндері бойынша түрлі тақырыптағы ғылыми жобалар жұмыстарымен айналысуда. Жоспарға сәйкес оқушылар өз ізденістерін сессияда қорғап, шығармашылық - зерттеу жұмыстарын ортаға салады.
Ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастырудағы Үйлестіруші кеңестің төрайымы Б.Хасенқызы тірек мектебінің сабағына қатысуда.
Қорытынды.
Орыстың ұлы педагогы Ушинский: « Шағын мектеп мұғалімі, өз сабағында шағын оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі - сол мұғалімнің еңбегінің көрсеткіші» деп атап көрсеткендей «Жыланды» ресурстық орталығының магниттік мектептерге, алдымен әдістемелік-тәжірибелік көмек беру, тәжірибе алмасу, кейін бірлескен серіктестік негізде РО жұмысын ұйымдастыруды басқару нәтижесінде қандай межеге қол жеткіздік?
-
Кәсіптік, әріптестік ашық білім беру аясында оқытуды басқаруға;
-
Оқытудың оңтайлы мотивациясының қалыптасуы;
-
Мектепте және мектептен тыс білім нәтижесіндегі қажеттілік, сұраныс деңгейлерінің артуы;
-
ШЖМ мұғалімдері командада жұмыс жасап, серіктестікте болуға;
-
Мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен оқушылардың бейіндік шығармашылық дағдыларының шыңдалуы;
-
Мұғалімдердің ақпараттық, қашықтықтан оқыту технологияларын меңгеруі;
-
Оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта ұйымдастыру;
-
Жаңашылдық негізінде білім сапасының артуы;
-
РО жұмысын ұйымдастырудағы проблемалардың сатылап шешілуі.
Серіктестік негізде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде магниттік мектептердің білім сапа көрсеткіштері, мұғалімдердің кәсіби біліктілік санаттары, пәндік олимпиада,ҰБТ көрсеткіштері мен түлектердің ЖОО-на түсу жайы:
Сапа көрсеткіші
-
№
Мектебі
2009/2010
2010/2011
2011-2012
1
Ш.Уалиханов о/м
45,8
46,5
46,5
2
С.Мұханов о/м
46,2
47,4
52,2
3
Қиғаш о/м
48,9
51
52,8
4
Ж.Нәжімеденов о/м
49
52,5
52,8
Магниттік мектеп мұғалімдерінің біліктілік санаттары.
№
Мектебі
2009/2010
2010/2011
2011/2012
жоғ
І
ІІ
-
жоғ
І
ІІ
-
жоғ
І
ІІ
-
1
Ш.Уалиханов о/м
9
5
7
10
5
6
10
5
5
2
С.Мұханов о/м
10
8
8
11
7
8
11
7
8
3
Қиғаш о/м
1
9
11
20
1
11
11
18
1
13
10
17
4
Ж.Нәжімеденов о/м
9
3
10
11
3
8
12
4
5
Магниттік мектептердегі ҰБТ көрсеткіші.
№
Мектебі
ҰБТ
2010
2011
2012
1
Ш.Уалиханов о/м
62
99,2
2
С.Мұханов о/м
61
69
3
Қиғаш о/м
66,4
66,4
4
Ж.Нәжімеденов о/м
77,3
100,5
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»
2011.24.10. №487 қаулысымен қабылданған.
-
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010.07.12. №1118 Президенттің жарлығымен бекітілген.
-
«Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық құжаттар жинағы»
Алматы-2011 ж.
-
«Тірек мектептерінің (РО) білім бері қызметін жобалау» оқу құралы.
Қарағанды-2012ж.
-
«Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.
№4, №6.
-
«Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал.
№9, №11, №12
-
« 12 жылдық білім беру» журналы. 2011, 2012 ж.
-
«Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналы.
2009ж. №5 , 2010ж, №2 (38)
Қосымша 1
«Жыланды» ресурстық орталығының ашылу салтанатына
аудандық әкімшіліктің және ардагер ұстаздардың уәкілдері қатысты.
«ТМ-де оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру»
тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг.
«ШЖМ үшін ресурстық орталықтың білім беру процесін ұйымдастыру»
тақырыбындағы онлайн республикалық семинар - тренинг.
«Жыланды» ресурстық орталығының ашылу салтанатына
аудандық әкімшіліктің және ардагер ұстаздардың уәкілдері қатысты.
Тірек мектебінің ашылу салтанатын Құрманғазы АБББ-нің
меңгерушісі Б.Шурин ашып,ресустық орталықтың жұмысына
сәттілік тіледі.
«Жыланды» ресурстық орталығы Кіші әдістемелік кеңестің мүшелері.
Ресурстық орталыққа тартылған ШЖМ - дің оқушылары
алғашқы тағайындау сессиясында .
«Жыланды» ресурстық орталығында магниттік
мектептің оқушылары әрбір сабаққа қызығушылықпен қатысуда.
Оқушылардың бейіндік, шығармашылық қабілеттерін
шыңдауда топтық сайыстардың түрлері көптеп өткізіледі.
Оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері баланың
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттілігі мен белсенділігін арттырады.
ҚР Білім беру ісінің үздігі, жоғарғы санатты математика
пәнінің мұғалімі Г.Балекешева таңдау курсынан
сабақ өткізуде.
Серіктестік негіздегі ауыл мұражайының тірек мектебі
оқушылары үшін тарих беттерінен берер сыры мол.
Жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі Б.Зұлхарнаева
зертханалық жұмыс өткізуде.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында
мәдени - көпшілік сауықтыру шараларын өткізудің маңызы зор.
Әрбір сессияның жоспарға сәйкес жүргізілген
жұмыстарының қорытындысы ресурстық орталықтың педагогикалық кеңесінде талқыланады.