7


  • Учителю
  • Статья на тему: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын технологиясын тиімді пайдалану

Статья на тему: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын технологиясын тиімді пайдалану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font color="#000000">Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын технологиясын тиімді пайдалану





«Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, дәуірлеген заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала білім саласы екені бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі. Ұстаздың жүгін адал орындау біздің парызымыз. Ең алдымен мұғалімге керегі өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірбиелерді іскерлікпен пайдалану керек.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай бала өсер бала бола ма?» деген пікірімен бала өміріндегі ойыншығының маңыздылығына көз жеткізуге болады. Ойын түрлері көп. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактакалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор.Ойынның түрлері көп.Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалу тиіс.

Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі.

Ойын - бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Ұлы педагог В.А.Сухомолинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді.

Ойын түрлерін сабақтың тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Ойын түрлері сабақты қызықты өткізуге, оқушылардың сабаққа ынтамен қатысуына өз бетімен жұмыс істеуіне, өздігінен қорытынды жасауына жол ашады.

Ойын әрекеті оқу барсында төмендегідей қызметті атқарады:

Қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынандай түрлерге бөліп қарастырылады:

1.Тапқырлық ойындар;

2. Іздемдік ойындар;

3. Рөлдік ойындар;

4. Іскерлік ойындар.

1. Тапқырлық ойындар - оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырады. Мысалы: асық ойыны, «Қоржында не бар» ойыны, «Дыбыстық ойыны»; «Әліпбиді білесің бе?» ойыны.

«Қоржында не бар» ойыны (қоржында жатқан әріптерден сөз құрастыру керек)

«Дыбыстық ойыны» (1 минут ішінде 1-ші қатар «Ә» дыбысына, 2-ші қатар «Ұ» дыбысына, 3-ші қатар «Ә» дыбысына сөз құрастыру керек)

«Әліпбиді білесің бе?» ойынының шарты: қазақ әліпбиіндегі әріптердің реттік санын білу, сол бойынша жасырынған сөздерді, мақал-мәтелдерді шешу:

1 24





1 25 1 24 37





18 1 18





1 25 1 17 8 14 8 18

2. Ізденімдік ойындар - оқушыларды өздігінен ойлауға үйретеді. Мысалы: «Баламасын тап» ойыны, «Қандай сөздер жасырынған» ойыны, «Буынды тез тап» ойыны, «Бинго» ойыны.

«Баламасын тап» ойыны (1-ші қатардағы сөздерге 2-ші қатардан баламасын табу керек):

Жалқы -

Жалпы -

Деректі -

Туынды -

Дара -

Жанды -

Дерексіз -

Күрделі -

Негізгі -

Жансыз





Простые

Сложные

Непроизводные

Производны

Собственные

Нарицательные

Одушевленные

Неодушевленные

Конкретные

Абстрактные

«Қандай сөздер жасырынған» ойыны:

 РАЖАҚЫРЫЙД -

 ІРЕИД-

 ПҰШЫ КЕДІЛЕ-

 ҮЛГДІДЕЙ-

 БЫРЖАҢ УАДЫЖА-

 ДЫҚАЗА-

 ҚҰДЫЯ-

 ҰЗАРАДЫ

 ДЫНАОЯ

 ДІКЕЛ-



 ЖАРҚЫРАЙДЫ

 ЕРИДІ

 ҰШЫП КЕЛЕДІ

 ГҮЛДЕЙДІ

 ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

 ҚАЗАДЫ

 ҚҰЯДЫ

 ҰЗАРАДЫ-

 ОЯНАДЫ

 КЕЛДІ

«Буынды тез тап» ойыны ("қар" буынынан басталатын сөздерді жазу керек. Мысалы: қарлығаш, қарға, т.б.)

3. Рөлдік ойындар - оқушылардың шағармашылық ойлау, қабілетін дамытуға арналған ойын.

4. Іскерлік ойындар - оқушылардың түрлі жағдайда дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтік және монологтік үлгілерін жетілдіретін ойын түрі.

«Дос» тақырыбына сөз тіркестерін құра ойыны: (1-ші сөз сын есімнен 2-ші сөз зат есімнен болу керек. Мысалы:Жақсы дос)

 Сын есім + зат есім

 Сан есім + зат есім

 Зат есім + зат есім

 Есімдік + зат есім

 Зат есім + етістік

Сабақта дидактикалық ойын түрлерін пайдалануда бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт-,дәстүрге, тәрбиеге сай болуын ескеруміз керек. Мысалы: жамбы ату, асық ойыны.

Жазушылардың суреттерін көрсетіп, сол сурет туралы әңгіме құратуға, олардың шығармаларының атын атап, сипаттама бергізуге болады.

«Тез ойлан» ойыны үш буыны да ашық дауысты, үш дауыссыз дыбыс қайталансын. Ол қай сөз? - кереге,терезе.

Үш дыбысты сөз ойла. Оның дауыстысы жуан,ашық, еріндік болсын. Мысалы: қол, жол, мол.

Сынып оқушылары ішінен аты үндіден басталып, ашық, жуан, езулік дауысты дыбысқа аяқталсын.Роза, Лара, Майра.

Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз сабақты жанданырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Ойын бұл әрекет және белсенділік. Балалар шаршады-ау мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындары балалардың сабақты зейңн қойып тыңдауына, ақыл-ойын бір нәрсеге тұрақтандырып, саналы түрде білуге септігін тигізді.

Ойын элеметтері оқу үдерсін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланумен қатар, ұйымдастыру кезеңінде пайдалану тиімді.

Білім беру жүйесінде өмір талабы үш тілді білу, орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылған. Оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Бірыңғай жазу жұмыстары, жалаң сөз, жаттау оқушыларды жалықтырады. Ал ойын технологиясын қазақ тілі сабақтарында тиімді қолданудың нәтижесін келесі диаграммадан көрулеріңізге болады. Бқл өткен оқу жылындағы 5 «А» сыныптың қазақ тілінен әр тоқсан бойынша білім сапасының көрсеткіші.







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж

2. Бастауыш мектеп, 3, 2003, А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері»,

3. Қазақтілі (дидактикалық материалдар) Алматы кітап 2010ж.

Қазақ тілім - менің ұлттық мәртебем

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіата заңмен бекітілген соң, ХХІ ғасырдағы ел болашағының жарқын болуына, жаһандану дәуірінде қоғамның барлық салаларында дамушы саяси-экономикалық факторлардың жаршысы болып өз мүмкіндігін мойындатуына байланысты. Мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігі барған сайын ұлғайып, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналып келеді. Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп айтқан пікірі барша қазақ елінің нақты мақсаты болуға тиіс. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып қабылданғанына көп уақыт өтсе де, жұртшылық жүз пайыз қазақша сөйлеп кете қойған жоқ. Осыдан кейін, ақпарат беттерінде « әлемде әр екі апта сайын бір тіл жойылып кетеді екен. Қазақ тілінде жоғалтып аламыз-ау , » - деп күдіктенген тіл жанашырлары арасында қызу тартыстар әлі күнге дейін жүріп келеді.

Ұшқан құс бір шетінен екінші шетіне қанша мәрте бел суытып, әрең жететін дархан жері бар, жөргегінде Тәңірден бата алған қасиетті ана тілі бар, қазақ елінің иесі де , киесі де сол халық. Халық - құдайдан бір жасы кіші. Қазақ елі қара жаяу халық емес. Қазақ есігі мен жүрегінің тұсына қарауыл қоймайды, қонағын төріне шығарып сыйлайды, өзі төмен отырып тыңдайды. Көмейіне сөз ұялап, көңіліне ой балалаған арғы аталарымыз Әлім Сақтан cөзге шешен болып өскен.

Жыланның көзіндегі мейірімді ,

Қыранның көзіндегі мұңды .

Бұлбұлдың үніндегі сағынышты ,

Аққудың бойындағы қан ішерлікті ,

Қасқырдың жүрегіндегі имандықты түсіну, құстың қанатындағы таңбаны оқып , шыбынның ызыңын ұғу , жұмбақ әлемнен сыр шерту , бұл тек қана осы ұлы даланың киелі Маруанақыра билеріне ғана бұйырған болса , осы тылсым сырларды жеткізген де қазақтың тілі.

Қазақты Қазақ еткен мейірімді тілі,

Мейманды досы, мархаббатты төрі.

Мамыражай көңілі, бейбіт өмірі,

Шексіз пейілі, теңіздей сарқылмас өнері.

Еңбектегі өлермендігі, өшпейтін өсиеті .

Ұмытылмайтын қасиеті , арыстандай аңқаулығы, айбынды азаматтығы, азбайтын ары мен ұяты, тозбайтын жұраты!

Оларды білген Қазақтың асыл болар мұраты ,- деп Қаздауысты Қазыбек би толғанады. Қазақ тілі - елдің қазынасы. Тіл -көңілдің бұлағы, ой - қоңырауы. Екі сөзінің бірінен мақалы мен өсиеті қалмайды. Қазақ тілінің шырыны - бабалар өсиеті. Өлмейтін өсиетті естіген кеуде еріксіз тулайды. Ол қасиетті қазақ тілінің құдіреті. Суға салса, батпайтын, адуын ағысқа ақпайтын, мәңгілік мағынасы мен бояуын сақтайтын , саналы сүйсіне жаттайын сөз жәннаты. Өсиет - тамырын терең жайған киелі мама ағаш. Отқа жақса сөнбеген, жалынын таптаса, күлі сөйлеген , тасты балқытып, темірді илеген қызыл тіл. Тектілігі тұлғасын сомдаған, қуанышы-қайғысын қара өлеңмен толғаған, көктің сырын ұғып, шөптің тілін білген, шеніне қарай шапан киген ел.

Заманында Ескендір Зұлқарнайын айдаһардай ақырып келгенде, ұлы даланың ұрпақтарын ырқына көндіре алмай, жүні жығылып, қазақтың қарапайым болмысы мен көрегендігіне, қайсарлығы мен ептілігіне еріксіз тәнті болып:

Жыланды екі кессең, өледі,

Қазақты жеті кессең, өседі.

Қиналса да тектілігін сақтайтын,

Қырсаң, қынадай қаптайтын ел екен.

Айтып тауыса алмадым, -деп бекер айтпаған.

Кешегі киіз үйде туып, жез самаурынның исі сіңген, қаймақ қатқан шайын ішіп, таңдап тұлпар мінген қазақтың бүгінгі ұрпағы, ұясын ұшпаққа салғаны анық. Маңдайына жаһандану дәуірінің бағы бұйырып, жайлы жатын, қарыны тоқ, киімі бүтін, ұйқысы тыныш, жоқшылықтың дәмін сезбеген, білімді тегін алса да, аяғының астынан арыны көрмейтін, өткенін біле бермейтін буын қалыптасты. Бірақ, бойында ұлттық рух, таза қаны бар ұрпаққа үрке қарап, кінә арту әбестік. Бұл өзіміз жіберген ұлттық тәрбиенің осалдығы екенін мойындауымыз керек. Әр бір дүниеге келген қазақ баласы- қазақша сөйлеп бел тіктемей, өзге ұлттың өкілдері мемлекеттік тілдің қадірін ұғынбай , ішкен судың, татқан дәмнің , туған жердің салмағын ұғына алмайды.

Абылай хан:

Жүктің ауырын тіл көтерер ,

Ынтымағы жоқ елде.

Дуалы ауызды пір көтерер .

Жаман биенің атын ,

Тұяғы желді кер көтерер .

Өшкен өсиетті ,

Оралмас қасиетті ,

Әруағы отты тіл көтерер ,-депті. Қазақтың тіліндей әлемде бай тіл жоқ.

Оның терең астары мен құндылығына қаныққан көңіл марқайып қалады.

Қазақтың тілі - шексіз мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы өңбейді, әлемдік тілдермен теңестіре қалса, ноқтасын бермейтін ұлы тіл. Қазақ тілі- ұлтымыздың мақтанышы, елдің айнасы. Ұлтымыздың асыл қасиеті мен тектілігін дәріптеп, жеткізуші де ана тілі. Тілдің беделі бір күнде қалыптаспайды. Тіл беделі -ұлт мерейі. Қазақ елі-әлемде жалғыз ғана ел. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: « Ана тілінен артық қазақ үшін, бұл дүние де қымбат не бар екен!»-деген болатын. Қандай тауып айтылған ұлағат ! Ел басыны Алла тарыдай етіп жаратады, таудай етіп алу халқының қолында, қайтпас бақ, атан тарта алмас әруақ, ердің еріне қонады. Әр бір от басы - өз алдына бір кіші мемлекет. Адам өз ұрпағы үшін өмір сүреді, ұрпағымен мың жасайды. Әр жас тұлға тәрбиені алдымен от басынан алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің » деп ұлағатты ой саптау да, уыз тәрбиенің ықпалының құнын байыптап береді. Жас бөбектер кеудесін тіктемей жатып , туған тілімен сусындаса , сол тілдің арқасында елдің тарихын, шежіресін ,сөз киесін түсініп, ұлттық құндылықтардың бәрін есітіп, көңіліне тоқып өседі. Сондай ортада есейген тұлға , өз тілінің де, өзге тілдің де бағын аша біледі. Өзін жарылқаған ұрпақтың өзегі талмайды, сүйегі қатқанда алған тәрбиенің сіңімі болмайды.

Қазақтың тілі -тектіліктің тұғыры, ол ұлттық намыс пен рухтың қайнар көзі. Өз тілін білмеген ұрпақ , алыстан бақыт тапқанмен , түптің түбінде өз кемшілігі үшін өкінетін болады. Өйткені, көп нәрсенің байыбына барып зерделей алмайды. «Ана тілін ұмытқан, ана сүтімен аяқ жуар. Туған еліңді тастама, алтын бесігіңді аттама. Қандай бір елге барсаң да,

опасызға орын жоқ, төрін сыйлап кім береді? - десе, енді бір сөзінде :

Әділін сұраса , ақиқатын айт,

Дініңді сұраса , шариғатын айт.

Еліңді сұраса, тарихатын айт. Бұл үшеуін білмесең, тамыры жоқ тас екенсің , әркімнің аузынан қалған қағидасын айт!-деп сыпыра шежіреші Байғұтұлы Әлиасқар атамыз айтқан . Ана тілді жетік меңгермеген ұрпақ, қазақы мінездің қадірін аяқ асты етеді. Мұның өзі ел ішіндегі мысық тілеулес топтардың бел алуына ықпал етеді. Өз ағасын ағаламаған , кісі ағасын бағаламайды. Ұрпақтың өмірлік танымы түбегейлі өзгеріп, адасқанын аңғармай қалатын тұсы осы. Туған елінің , өскен ортаның тектілігіне көзін жеткізе білген жан, ешқашан аңғалдыққа жол бермеген болар еді. Ата тарихты айызы қанып жетік білген қаны таза әр қазақ , « Мен қазақ болып туғаныма қуанамын »,-деп мақтанышпен жар салып жатса, шіркін! Қазақ тілі дәл сондай сезімге лайықты тіл! Менің жүрегім үнемі осындай мақтанышпен соғады. Әр қазақ жалғызым деп ана тілін аяласа, елдің мәртебесі асқақтап, өсері көбейеді, ұрпақтың жұлдызы биікте маздамайды. « Аруана ботасын ерітеді, ботасы өскен соң , анасын ерітеді»,-деп анасы көкжал, алмас қылыш Әйтеке би бабам бекер айтпаған. Келер ұрпақ туған тілінің мерейін көтеру үшін, алдымен қоғам мектептегі оқулықтардың құндылығын арттыру қажет. Бір ғана қазақ тілі оқулығын ғана алайық. Кеңес дәуіріндегі оқулықтың сапасымен, қазіргі қазақ тілін салыстырсақ, оқулықтар да тіл ережелері толық емес, оқушының қабылдауына да ауыр тиеді. Сынақ хаттар , шығармалар жазуға да сағаттар аз беріледі. Төл тілін білмеген, өз ойын еркін жаза алмаған оқушы , басқа пәндерді жақсы қабылдай қоюы екі талай. Сондықтан , бәрін мектеп партасынан бастау , ата-ананың балаға деген жауапкершілігін арттыру , ұстаздың статусын көтеру мәселесін қайта қарайтын уақыт жеткен сыңайлы. Біздегі бір кемшілік, жас ұрпаққа берілетін патриоттық тәрбиеде бір жүйеге түспеген. Осы саланы қайта ширату арқылы жастардың патриоттық рухын көтеруге болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді, - деп айтылған болатын. Көп ұлтты қазақ елінде бұл ұрпақ болашағы үшін аса қажетті бастама. Мәңгілік ел болуды мұрат еткен елбасымыз келер күнге көрегендікпен болжам жасайды. Ұрпақтың сауаттылығы мен парасаттылығы , қазақ елінің ертеңіне

шексіз пайдасын тигізетінін күмән келтірмейді. Бұл қазақ тілінің әлемдік қарым -қатынас тіліне айналуына себепші болса игі. Осы орайда,көреген атамыз Әлиасқар болжамында : « Болашақ Қазақ елі - мәңгілік елге, қазақтың тілі- әлемдік тілге айналады. Қазақтың елін жау ала алмайды. Аспаннан біздің далаға үш киелі жұлдыздың сәулесі түсіп тұрады. Сол сәуледен жер бетіндегі тірілер түгілі, әруақтарда жылынып жатады. Көкте сол үш жұлдыз тұрғанда , туған далаға Тәңір мейірін төгеді. Қазақты жау ала алмайды. Ойы ұшқыр қазақты тек қана көз алады »,- деген екен. Болжамды ойды -болашақ көрсетеді. Тегіміздің тегін еместігі, тіліміздің өшпейтіні ақиқат.

Тіл өшеді демеңдер, тіл өлмейді,

Көштен қалмай у жұтып жүрер мейлі.

Тілім бар да дария кеуделердің,

Көмейінен төгілген жыр өлмейді.

Білесің де, қадірін сүйесің де,

Куә болған ғасырлар күресінде.

Ана тілім иесі бұл даланың,

Келе жатқан көтеріп киесінде.

Жоғалмаған талай жұт бас сұққанда,

Аман қалған топан су, аштықтан да.

Айдаудан да оралды ерлік жасап,

Қайраттыны қиындық жасытқан ба?

Кіндігінен ел өрген аналарым,

Туған тілге табынтқан балаларын.

Қарашықтай қастерлеп қанша ғасыр,

Бізге қорғап жеткізді бабаларым.

Тіл өледі демеңдер, ол өлмейді,

Олқы тұсын болашақ түгелдейді.

Тілеулесі даламның әруақтар,

Туған тілді құрдымға жібермейді.

Қанат сыйлар ойы кең армандыға,

Тұғырына қондырар тарланды да.

Тәубасына келтіріп тойғанды да,

Омырауына от құяр толғандыра.

Тектілердің намысын қайрамасын,

Желіккеннің жығады сайға басын.

Мынау ұлы даланың қазынасы ,

Киелі тілмен ешкім ойнамасын.





















































АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ



Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытушының билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін оқытушы емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын студент екендігі, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.

Осыған байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

Осындай өзгерістерден кейін көп жылдардан бері қалыптасқан сабақ беру әдістері, оның ішінде, студенттерге дайын білімді бере салу, ұсынылған тапсырманы орындату, бір сарынды тапсырмалар жүйесі сияқты жұмыс түрлері өз актуалдығын жоғалтты.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт студенттеріне қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:

- жағымды психологиялық орта жасау;

- студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;

- ақпараттық технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;

-ақпараттық- технолгиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;

- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету;

- кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу;

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;

- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;

- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;

- студенттердің бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;

- студенттердің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;

- студенттерге өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін орта құру;

Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:

- сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;

- негізгі мәселені бөле көрсетуі;

- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;

- студенттермен тең құқылы түрде қарым-қатынас жасай білу;

- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;

- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;

- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;

- жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану;

- сабақта ақпараттық-технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;

- студенттермен жеке жұмыстар жүргізу үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;

- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

- осы нәтижеге жеткізетін -сабақтың жүйелігі.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық- технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақпараттық-технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып отыр.

Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда - студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технология жалпы компьютерлендіру үрдісінен тысқары қалған жоқ. Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық.. Мұндайсабақтарстуденттердібасқаәлемге, ақпараттарәлеміне, тартуарқылы соләлемдіөзкөзіменкөруге, көргенінкурстастарынажеткізубарысындатілдамыту мүкіндігінеиеболады.

Сабақтыинтернетжелісінеқосылғанкомпьютерарқылыбасқару - қазақшасөйлеугеүйренудіңтиімділігінарттырып, студенттіңойлауқызметінбелсендіреді. Компьютердіқазақтілісабағындапайдаланудың негізгімақсатыныңбірі - Қазақрадиосы, Шалқарбағдарламасыментеледидарматериалдарынсабақтатиімдіпайдалануд ұйымдастыруарқылы, дәстүрліоқытушы → дәрісхана →студент жүйесініңорнына студент → компьютер→комьютерлікоқытубағдарлмалары → оқытушы жүйесін енгізу, оқыту үрдісін, оқытушы мен студент рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді.

Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждемесаласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.

Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеуәрекетініңтөрттүрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) депайдалануғаболатыныбелгілі. Яғни, ақпараттық технология - оқу орындарында білім жетілдіруші құрал.

Мысалы: бастауыш топтарда - интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін студенттердің өзіне беруге болады. Студент материалды іздеу барысында әртүрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда -жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасу және Қазақ радиосынан: «Бала тілі - бал», «Атадан қалған асыл сөз», «Інжу-маржан», «Даланың дана арулары», Кешкі ертегі айдарларымен берілген материалдарды тіл дамыту жұмыстарына пайдаланамыз т.б. Осы материалдар көмегімен төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.

Мысалы: 1. «Ассоциация және болжам»

Студенттер топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз?

2. «Сұрақ-жауап»

Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады.

3. «Мәтінді тыңдап, аяқта»

Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.

4. «Мен диктормын»

Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп, (мүмкіндігінше жаттап алады) сөйлейді.

5. «Мен музыкамен көркемдеушімін»

Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді.

6. «Мен көркемдік жетекшімін»

Мәтіннің мазмұны мен әуеніне сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді.

Интернет арқылы жалғастырушы топтармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді түрі ретінде соңғы кезде студенттердің өз беттерінше дайындап жүрген - комикс жасау жұмыстарына толығырақ тоқтала кетейік. Комикс дегеніміз - әр түрлі сюжетті суреттер арқылы белгілі оқиғаға студенттердің өздері құрастырған әңгімелері. Әңгіменіңортақтақырыбынстуденттерменақылдасаотырып, бірлесіптаңдауғаданемесестуденттердіңөзбетіментаңдауынадаболады.

Комиксжасау жолдары:

1. интернеттегі «Paint» бағдарламасыменсалғансуреттерініңкөмегімендайындайды;

2. дайынаннимациялардыпайдаланады;

3. мультфильмдердіпайдаланады;

4. суреттергетүсіріп, түсіріілгенсуреттердіпайдаланады;

Комиксжасауарқылыстуденттердің - шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттеріқалыптасады; ассоцативтікөрісікеңейеді; қазақшасөйлеужәнежазу (сюжеттегірөлдердіңсөздерінжазуарқылы) қабілеттерідамиды, студенттіңқазақтілінедегенқызығушылығыжәнебелсенділігіартады.

Жоғарыдеңгейдестуденттердің«Отандықөнім», «Елтынысы», «Қазақғылымы» айдармен берілетінаудио-бейнемәтіндербойыншатүрлішығармашылықжұмыстарұсынылады.Жоғарыдаберілгенжұмыстүрлерініңнәтижеліболуы - дәрісханадажағымдыахуалдыңқалыптасуыменоқытушыменстуденттіңарасындағысыйластық, түсіністіккетікелейбайланысты.

- интернетжелісінеқосылғанкомпьютершексізақпаратәлеміндеенугежәнеақпараттыжүйелітүрдеталдап, сараптауғамүмкіндікбереді. Ақпараттыалудағыжоғарыжылдамдықадамныңақпараттықмәдениетініңүнеміөсуінежағдайжасайды.

- компьютерадамныңзерттеу - танымдықәрекетініңәмбебапқұралыретіндеерекшелінеді.

- Өзгеқұралдарданкомпьютердіңерекшелігі - оныңқатысымдыққұралболабілуі. Яғнистудентоларқылықатысымныңбарлықтүрлерінжүзегеасыраалады. Бұл - мәтіндердіоқу, сұхбатжасау, жазу, тыңдауәрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

Қорыта келе айтарымыз, ақпараттық-технология

1. оқуматериалынтереңтүсінуге;

2. оқумотивациясыныңартуына;

3. алғанбілімніңұзақуақытестесақталуына;

4. білімберугежұмсалатынуақыттыңазаюынаықпалетеді.

Оқып үйренбесең өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді, деп ойшыл демокрит айтқандай тәрбие құралы білім бұлағы болған қазақ тілімізді жаңа заман талабына сай меңгерту оқытушыларымыздың басты міндеті болып табылады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал