- Учителю
- Урок на тему: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Урок на тему: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
</<span>Сынып |
8A |
Күні |
| |||||
Пән |
Қазақ тілі | |||||||
Тақырып |
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері | |||||||
Мақсаты:
|
білімділік - Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне қатысты оқушылар білімін нығайту, | |||||||
дамытушылық - топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, сын тұрғысынан ойлауға, салыстырмалы талдау жасауға үйрету, | ||||||||
тәрбиелік - ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, топтық жұмыстағы өзара сыйластыққа үйрету, | ||||||||
Сабақтың типі |
Аралас сабақ | |||||||
Сабақтың түрі |
Топтық түрдегі сабақ | |||||||
Көрнекілік |
Үлестірмелі материал: маркер, ашық сұрақ парағы, бағалау критерийлерінің парағы. | |||||||
Әдіс-тәсіл: |
|
Топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзара бағалау, диалогтік тәсіл. | ||||||
Күтілетін нәтиже |
|
Оқушылар өз ойларын жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдау арқылы өзара сыйластық ахуалды қалыптасады, бағалау критерийлері берілгендіктен оқушылар талапты алдын-ала біледі, ортақ қорытынды шығарады. | ||||||
Тапсырмалар |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті | ||||||
|
|
1.Ұйымдастыру 2. Қызығушылығын ояту: қызықтыру әдісімен сұрақтар 3. Жаттығулар орындау: 4 Ережелер сөйлейді Жаттығумен жұмыс Үй жұмысы Қалай орындау керектігін түсіндіру |
1.Топқа бөлінеді
2. «Миға шабуыл» (сұраққа жауап беру арқылы тақырыпқа назары ауады 3 Жаттығуды орындауды (сөйлемде бірыңғай бастауышты табады) 4 Ережелердің анықтамасын айтады 5 Жаттығу жұмысын жасау. . | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||||
Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды түгендеу 3. оқушыларды 4 топқа бөлу, топ атауын құрастыру, топ басшысын анықтау. | ||||||||
Үй жұмысын сұрау: Үйге берілген 60-жаттығуды сұрау «Миға шабуыл» әдісі: 1. Тұрлаусыз мүше дегеніміз не? 2. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не? 3. Оңашаланған айқындауышқа мысал айт. Қосарлы айқындауышқа мысал айт. | ||||||||
Жаңа тақырып: | ||||||||
Сөйлемдегі қызметі,тұлғасы,сұрақтары бірдей және бір ана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелерболады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де,тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше бола алады.
|
құрылысы | |||||||
Түйе,жылқы,өгіз көлік ретінде пайдаланылады. |
Бірыңғай бастауыш | |||||||
Арбаны арбаға жегеді, мінеді. |
Бірыңғай баяндауыш |
Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады.
Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады.Жалпылауыш сөздер ретінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және сан есімдер жұмсалады.
Мысалы: Үйге Әсия, шешем, мен үшеуміз ғана кірдік. Мінезі де,түрі де өзім.
Егер жалпылауыш сөзбірыңғай мүшелердің алдынан келсе, онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады.
Мысалы: Өнеркәсіпке керекті заттар мыналар: таскөмір, мұнай, газ,мыс, жез.
Топтық жұмыс. 62-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңдар.
2-тапсырма. «Сұрақ қою»
Әр топ қарсы топтарға бір жабық сұрақтан қояды. Сонда әр топ барлығы 3 сұрақ құрастырады. Сабақта осы тапсырма бойынша 6 сұрақ, 6 жауап қаралады. Сұрақты құру топтық жұмысына 2 минут беріледі.
Бағалау критерийлері үлестіріледі:
«сұрақ қою». Бағалау критерийлері
Топтың аты, балы
-
Сұрақ нақты, түсінікті, дұрыс құрастырылған болу керек.
-
Жауап қысқа да нұсқа болу керек.
Сұрақ қою, жауап беру жұмысына 3 минут беріледі.
Мысалы: Сөйлемнен толықтауышты тап
Кітаппен жұмыс 63-жаттығуды орындату
Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қай түрі екенін табу.
Кеспе қағаздағы тапсырманы орындау:
1.Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді( айқындауышты түрлеріне тауып, талдау)
2.Ауылға Біржан сал келді.
( сөйлемде қандай айқындауыш түрі кездеседі)
Бекіту тапсырмасы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері қандай түрге бөлінеді?
Жалпылауышқа мысал айт ?
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі байланысты мысал айт.
Топтық жұмыс.64-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып,қандай тұлғада тұратынын табыңдар.
Үйге тапсырма 65- жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді тауып, ерекшеліктерін анықтау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау :
Әр оқушы өзін бағалайды.
Бүгінгі тақырып бойынша өзін қаншалықты білгенін бағалау. Оған жұбы көмектесуге болады.
Жақсы білемін.
Орташа білемін
Нашар білемін
Сабақ соңында рефлексия