- Учителю
- Конкурс по казахскому языку для 7 классов в русских школах
Конкурс по казахскому языку для 7 классов в русских школах
Қазақ тілінің білгірі
Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау.
Сайысқа үш кластан алынған 3 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.
«Қазақ тілінің білгірі» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Топты таныстыру, осы сайысқа түсудегі мақсаты. Әділ қазылар алқасы.
2 кезең. «Менің елім - Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу. Өлең оқу.
3 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
4 кезең. «Елші» деп аталады. Бұл кезеңде мәтінді оқып, екінші тілде аудармасы мен мазмұнын айту.
5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
6 кезең. «Сен не істейсің?» деп аталады.
7 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
І топтың сұрақтары:
-
А.Байтұрсынов кім?
-
Неміс елінде айтылатын қазақ әнінің авторы кім?
-
Қазақ тілінде неше септік бар?
-
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің толық аты-жөні кім?
-
Жүз жасаған ақын?
-
«Шаһар» сөзінің синонимі?
-
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-
Тұрлаусыз мүшелерді ата?
-
М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
-
Әл-Фарабиді неліктен «Екінші Ұстаз» деп атаған?
-
Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
-
«Ақылды» сөзінің түбірі?
-
Абайдың қанша қарасөзі бар?
-
Ата Заң күні қашан?
-
Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?
ІІ топтың сұрақтары:
-
«Бес Арыс» деген кімдер?
-
Жалғаудың неше түрі бар?
-
Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
-
Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
-
Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
-
Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?
-
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман?
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
«Көксерек» әңгімесін кім жазған?
-
Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
-
«Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
-
Білім және Ғылым Министрі кім?
-
Қазақстан жерінен өткен жол.
-
«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
-
Әнұранның авторларын атап бер.
ІІІ топтың сұрақтары:
-
Бір жылда туып, бір жылда қайтыс болған үш бәйтерек кімдер?
-
Қазақстанда зиялы қауымды қуғындау қай жылы басталды?
-
Қазақ халқының тұңғыш романисі?
-
«Оян қазақ» кімнің шығармасы?
-
Түркістан қазақ халқының қандай қаласы?
-
Жаза алмайтын атақты ақын кім?
-
Шоқанды не үшін «сегіз қырлы» дейміз?
-
Абайдың туған жылы.
-
Абайдың қандай өлеңдері бар?
-
ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала?
-
Құлагер кімнің аты?
-
ҚР-ның рәміздерін ата.
-
Әл-Фараби өмірге келген қала.
-
«Домбыра» өлеңін кім жазған?
-
Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны.
4 кезең. «Елші» Мәтінді оқып, аударыңдар.
Сотни тысяч слов в нашем языке, он на первое место я бы поставил три слов: хлеб, труд народ. Эти три корня, на которых держится наше государство. Это самое сущность нашего строя. И эти корни так прочнопереплелись, что ни разровать их, ни разделить никогда. Кто не знает, что такое хлеб и труд, перестает быть сыном своего народа.
5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»
Сұрақтар: І топқа
-
Нағашы деген кім?
-
Құдайы тамақ беру деген не?
-
Ұлттық киімдерді атап бер.
-
Бет ашар туралы не білесің?
-
сырға салу деген не?
-
Ұлттық ойындарды атап бер.
ІІ топқа
-
Айт мейрамы туралы не білесің?
-
Құда, құдағи дегендер кімдер?
-
Ұлттық тағамдарды ата?
-
Шілдехана деген не?
-
Қымыз қалай жасалады?
-
Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
ІІІ топқа
-
Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Құда шақыру деген не?
-
Ақсүйек қандай ойын?
-
Тұсау кесу деген не?
-
Қандай туыстық атауларды білесің?
-
Ораза деген не?
6 кезең. «Сен не істейсің?»
1. Жаңа сойылған қойдың еті, ішек, тұз, сарымсақ, ағаш пен жіп, пышақ сияқты заттар пайдаланып, сен не істер едің?
2. Майда еттартқыштан өткізілген ет, оқтай-тақтай, жуа, ұн, су, май сияқты заттарды пайдаланып, сен не істер едің?
3. Ет, жуа, ұн, тұз, су, леген, тақтай, пышақ болғанда, сен не істер едің?
7 кезең. «Тапқырлық»
Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
-
Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
-
Бал тамған тілден ... (у тамған).
-
Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).
-
Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
-
Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)
-
Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).
-
Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).
-
Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
-
Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
-
Тіл қылыштан ... (өткір).
-
Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
-
Тілден артық ... (қазына жоқ).
-
Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).
-
Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).
-
Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).
-
Өнер алды - ... (қызыл тіл).
-
Айтылған сөз - ... (атылған оқ).
-
Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).
-
Басқа пәле - ... (тілден).
-
Білім кілті - ... (тіл).
-
Тілге құрмет - ... (елге құрмет).
«Қазақ тілінің білгірі» атты сайысымыздың соңы ән мен күйге, биге айналады. Жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар тапсырылады.