- Учителю
- Глоссарий основных терминов по предмету 'Қаржылық менеджмент'
Глоссарий основных терминов по предмету 'Қаржылық менеджмент'
Глоссарий «Қаржылық менеджмент»
Акциз - тауар немесе қызмет көрсету бағасына кіретін жанама салықтың түрі.
Аренда (жалға алу) - мүліктің жедел, өтелетін иелікке, пайдалануға берілуі. Мүлік жалға берушімен жалға алушыға арнайы жалға алу келісім-шарты негізінде беріледі.
Банк - ақша қаражатын шоғырлаушы және соның негізінде өз клиенттеріне несие беруші, ақша есеп берулері мен басқа да операцияларды жүргізуші несиелік-қаржылық ұйым.
Биржа - құнды қағаздар (биржалық қор), тауарлар (тауарлар биржасы), шетел валютасы (валюта биржасы) сатылатын нарық түрі.
Валюта - мемлекеттің айналымдағы ақша бірлігі.
Мемлекеттің сыртқы қарызы - шетел азаматтарына, кәсіпорындарға басқа да мемлекеттерге деген мемлекеттік қарыз.
Сыртқы сауда-саттық - мемлекеттің басқа да мемлекеттермен сауда-саттығы, тауарлардың енгізілуі мен сыртқа шығарылуын қарастырады.
Мемлекеттік меншік -меншік иесі ретінде мемлекеттің тұруын қарастыратын (органдары тұлғасында) меншік формасы.
Девальвация - валюта курсының ресми төмендеуі.
Табыс - уақыт бірлігінде келіп түскен ақша немесе түсім. Табыстың төрт негізгі формасы белгілі: рента, еңбек ақы, пайда және пайыз.
Еңбек ақы - жалданушы жұмысшымен алынатын ақшалай немесе натуралды түрдегі пайда.
Импорт - шетелде өндірілген тауардың (сырттан) елге енгізілуі.
Инвестициялау - өндіріс үрдісі және тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру үшін, оларды тұтынушыға жеткізуге қажетті өндіріс құралдарын жинақтау. Қаражатты құнды қағаздарға құю.
Инвестиция - өндіріс шығындары және өндіріс құралдарын жинақтау мен материалдық қорды өсіру; экономикадағы капиталдың ұлғаюы.
Инновация - ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ететін қаражаттың экономикаға салыну үрдісі.
Инфляция - бағаның өсуі кезінде пайда болатын сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы; экономикадағы бағаның жалпы деңгейінің өсуі және ақша айналым жолдарының толуы. Сұраныс және ұсыныс инфляцияларын, біркелкі, шоқырақтаушы, және гиперинфляцияларды айырымыз.
Лизинг - негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға беру. Лизинг компаниялары құралдарды жалға беру үшін оларды көптеп сатып алады.
Лицензия - белгілі экономикалық қызмет жүргізуге үкіметтің мемлекеттік және жергілікті органдарымен берілетін рұқсаты.
Салық - заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
Ғылыми- технологиялық прогресс - ғылым және техника жетістіктерімен енгізілетін базаның қызмет сферасы мен барлық кәсіпорын жақтарының үздіксіз жетілдірілуі.
Ноу-хау - өндірісті ұйымдастыру мен тауарларды реализациялау үшін қолданылатын ғылыми-иехникалық және экономикалық білімдермен қоса, өндірістік және шаруашылық тәжірибе, арнайы дағды.
Кәсіпкер - табыс алу үшін тәуекел мен қорқынышқа баратын нарық қатынастарының жеке субъектісі.
Кәсіпкерлік қызмет - табыс алуға бағытталған азаматтардың дербес инциативалық қызметі.Табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қосу кәсіпкерлік қызметтің басты мәні болып табылады.
Резидент - белгілі бір елде тұрақты орналасқан заңды ұйым немесе жеке адам; салық салу және реттеу режимі резиденттерге де толық дәрежеде қатысты.
Меншік - мүлікті қолдану және басқару, иемдену категориясы;мүлікті иемдену,қолдану себептердегі экономикалық қатынастар жүйесі.
Субвенция - қаржылық көмек формасы, экономика, аймақ, кәсіпорын жеке салалары немесе оның иесі үшін жәрдем.
Кеден баж салығы- мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алатын ақшалай алым.
Тариф - бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа көрсетілетін өндірістік сипаттағы түрлі қызметтер үшін төленетін ақы.
Тендер - тауарларды жеткізу немесе мердігерлерге белгілі бір жұмыстарды орындау жөнінде тапсырыс берудің ерекше нысаны, бұл нысан сауда-саттықты ұйымдастырушылар үшін мәміленің неғұрлым тиімді коммерциялық немесе басқа да шарттарын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жеткізушілерден немесе мердігерлерден ұсыныстар алуды көздейді.