7


  • Учителю
  • Жуан және жіңішке дауыстылар (7-сынып)

Жуан және жіңішке дауыстылар (7-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пәні Қазақ тілі
6-сынып.13.10.2014ж

Тақырыбы Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар



Сабақтың мақсаты Оқушылардың фонетика бойынша алған білімдерін тереңірек тиімді жолмен ұғындыру;

Сабақтың міндеттері: Дауысты дыбыстардың айтылу ерекшелігін ұғындыру; адамгершілікке шақыру; шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру

Оқытудың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ- жауап, іздендіру жұмыстары

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Көрнекілігі: кеспе қағаз, сызба, жұлдызша

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын тексеру



ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

Жүгіртпе сұрақтар:

1. Фонетика нені зерттейді?

2. Әріп деген не?

3. Әліпби деген не?

4. Неше дыбыс бар? (37) Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?

5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? Оларды ата?



«Бір сөзбен айт» тренингі

(Шапшаң, тапқыр болуға жетелейді)

Оқушыларға әріптер жазылған парақтар таратылады. А,Ә... әріптерінен басталатын адам бойында кездесететін жақсы қасиеттерді атаймыз.



IІІ. Жаңа сабақ

1. Тақырыбын тақтаға жазып қою.

Дауысты дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай еркін шығады.

(Суреттен дауыс жолдарын көрсету)

№2 кесте бойынша дауысты дыбыстармен таныстыру

а, ә, е, э, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, и.

а) төл дауыстылар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, у, ы, і.

ә) Қазақтың төл сөздерінде и,у жазылғанымен олар дербес естілмейді.

Мысалы: ит- ійт, су- сұу, сурет- сүурет;

б) Дауысты дыбыстар тек үннен ғана тұрады.

в) Дауысты дыбыстар буын құрайды.

А- на, а-қыл, мек-теп, ә-же, т.б.

№3 кесте бойынша дауысты дыбыстар жасалуына қарай бөлінеді.

Тілдің қатысуына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.

Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, е,э, і, и, у.

а) Қазақтың байырғы төл сөздерінде дауысты дыбыстар бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді.

Мысалы: Жолдау. Үнемдеу. Өндіріс. т.б.

ә) Кірме сөздерде бұл заңдылық сақталмайды.

Мысалы: емтихан, тарих, фонетика т.б.

Тақтамен жұмыс. 240-жаттығуды жазбаша орындау. Жұмбақтың жауаптарындағы дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

(Шешуі: жұмыртқа, жылқы, жарқанат)

Кеспе қағаздармен жұмыс. 241-жаттығу



Топтық жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіру

1-топ 1 абзацты орындау

2-топ 2 абзацты орындау

3-топ 3 абзацты орындау



Сергіту сәті. «Болайықшы осындай» әнін орындау



Оқулықпен жұмыс. 243-жаттығу. Төмендегі жұмбақтардың шешуі қай әріптер екенін табу



Шығармашылық жұмыс «Фонетика жыр жолында»

(Өлең құрастыру)



IV. Сабақты бекіту

Лездеме сұрақтар (уақыты 2 минут )

1-топ: Дауысты дыбыстардан басталатын ұлттық спорт ойындарын ата

2-топ: Айтылуы жағынан бір-бірімен ұйқасатын бірнеше сөз теріп жаз

3-топ: А дыбысынан басталып, осы дыбысқа аяқталатын 10 сөз жаз



V. Бағалау



VІ. Үйге тапсырма: «Қыс қызығы» тақырыбында эссе жазу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал