7


  • Учителю
  • 'Отан сүйген ұланбыз' (3 класс)

'Отан сүйген ұланбыз' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №52 негізгі мектеп

Мерзiм 24.10.15ж

Мұғалiм Өтемісова Ботакөз

Класс 3 «а», «ә» Оқушылар саны

Тақырып: №8 Отан сүйген ұланбыз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, құрметтеу, жанашырлық,


Сабақ мақсаты: Отан сүйген ұланбыз сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру.

Міндеттері:

-Оқушыларды отанға, адамдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу

- оқушылардың құрметтей білу сезімдерін дамыту

- бүкіл адамзатқа жанашырлық танытуға тәрбиелеу;

Ресурстар:

Оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т.

2.Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Одан соң нұр аяқтарыңызға одан әрі аузыңызға, тіліңізге, құлақтарыңызға, көздеріңізге де жетті. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

7-сабақ. 31-32-беттегі Ж.Жабаевтын «Туысқан ел» өлеңін жаттап келу.

1. Бірлігі жарасқан халықпыз дегенді қалай түсінесіңдер?

2. «Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер?

3. Не үшін «Қазақстан бақытты ел» деп ойлайсындар?

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.


Сабақ барысын талқылау:



2 минут

4.Дәйексөз

Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ. Б.Момышұлы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту. Дәптерге жазып алу


5. Мұғалімнің сыйы.

Бейнеролик . «Көртышқан мен қарлығаш»

1.Қарлығаш қандай жағдайға тап болды?

2.Қарлығашқа не кезікті?

3.Көртышқан қандай қамқорлық жасады?



1.Бөгде адамға жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласың?

2.Шындық адамды қандай нәрсеге жетелейді?

3.Өзің біреуге сыйластық ,құрмет көрсетесіз бе?


6. Шығармашылық жұмыс 3 қатарға

қамқорлық, құрметтеу, жанашырлық туралы әңгіме жазу.

Әр қатарға отан туралы мақал айтқызып, жаздыру.

1.Отан үшін отқа түс күймейсің.

2.Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.

3.Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

4.Отанда опасызға орын жоқ.

5.Жаман елге жапалақта қожа.

6.Ел бақыты ер қолында.

7.Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

8.Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды.

9.Парыз сезімі, адамгершілік-жеке басының,ұлттың, Отанның мақтанышы.

10.Атамекен жері үшін,

Қасиетті елі үшін,

Болмай қалар кім батыр.

11. Опасызда Отан жоқ.

12.Өсер елдің баласы әкеденде асып түсер.


7.Топпен ән айту. Р.Әлқожаның әні :

Атамекен

Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп,
Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа
Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп.
Қайырмасы:
О, менің атамекен нық тұрағым ,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын !
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түстес
Көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет



Мен сендік азаматтық сертімменен
Дауысыңа дауыс қосам шертілмеген .
Мен сенің серпілмеген күніңе де
Қараймын кереметтей серпінменен .
Қайырмасы:
О, менің атамекен нық тұрағым ,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын !
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте
Көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет

Бәрін де мендегінің анамша ұғып ,
Тұрсың ба болашағыма алаңшы үміт .
Мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын
Кететін сенен шығып , саған сіңіп .

Қайырмасы:


8.Үй тапсырмасы

8-сабақ. 35-беттегі Біздің Мәншүк мәтінін оқып келу. Е.Естаев


9.Сабақтың қортынды минуты.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал