- Учителю
- Сабақ жоспары Т.Ахтанов Шырағың сөнбесін (11 класс)
Сабақ жоспары Т.Ахтанов Шырағың сөнбесін (11 класс)
Пәні |
Қазақ әдебиеті |
11 а сынып |
03.02.2015ж |
Тақырыбы: |
Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» |
Міндеті
-
Үзінді мазмұны арқылы қаһарлы жылдардағы ел тарихын таныту
-
Романдағы кейіпкерлер бейнесін талдату
-
Кейіпкерлердің ішкі сезімін сезінуге жетелеу
-
Әдебиет теориясы арықылы жазушының тіл шеберлігін анықтау
-
Өзіндік ой қорыту
Күтілетін нәтиже
-
Ахтановтың өмірі, шығармашылығы туралы біледі
-
«Шырағың сөнбесін» романынан берілген үзіндінің мазмұнын біледі, тақырыбы мен идеясын түсінеді
-
Романдағы кейіпкерлер бейнесін талдау жасайды
-
Кейіпкер рөліне ену арқылы оның ішкі ойын сезінеді
-
Әдебиет теориясы арықыл жазушының тіл шеберлігіне талдау жасайды
-
Өзіндік ой қорытады
әдіс -тәсілдер
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
/3 мин/
Үй тапсырмасын сұрау
ББЖӘТ: психологиялық дайындық «Подиум» тренингі
ОҮБ: табыс өлшемдерін таныстырады, бағалау парақтарын үлестіреді.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтары бойынша сабаққа қандай көңіл-күймен келіп отырғанын айтады. Алдымен «Көңіл -күйім жақсы» дегендер,кейін «төмен» дегендер қол көтереді. Көңіл-күйі төмен оқушыларды алға шығарып, бірнеше оқушы комплимент айтады.
Бағалаудың табыс өлшемдерімен таныс болады
Бағалау критерийлері мен парағы
СТОҮ: Шатастырылған баулар
-
С.Мәуленов өлеңдері
-
«Шырағың сөнбесін» үзінді оқу
Оқушылар С.Мәуленов өлеңдерінен үзінділері мен атаулары орындары ауысытырылып орналастырылған тапсырманы сәйкестендіреді.
Критериалды бағалау
Қосымша №1
Қызығушылықты ояту
АКТ: ҰОС бастауы туралы деректі фильмнен үзінді көрсетеді.
-
ҰОС қазақ халқына тигізген зардабы қандай болды?
-
Сондай ҰОС жылдарындағы ел басына түскен , әйел басына түскен қиын тағдырды суреттейтін туындының бірі Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы
Деректі фильмнен көрген үзінді бойынша өз ойларынт топшылайды.
Қазақ жеріне ҰОС жылдары әкелген қасірет пен қиындықтар туралы қысқаша түсініктерін жеткізеді.
Мадақтау арқылы формативті бағалау
ҰОС жылдары туралы деректі фильм
Мағынаны тану
ББЖӘТ: топтық жұмыс
1-топ -Т.Ахтановтың өмірі, шығармашылығы
2-топ -Романнан үзінді бойынша жоспар құру
3-топ -Үзіндінің тақырыбы, идеясын ашу
Критериалды жиынтық және формативті бағалау
А3
Оқулық
ББЖӘТ: жұптық жұмыс
СТОҮ: Концептуалдық кесте, Венн диаграммасы
1-жұп -Романдағы қазақы салт-дәстүр көрінісі
2-3 -жұп -Кейіркерлер бейнесі (Концептуалдық кесте)
4-жұп -Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі (әдебиет теориясы)
5-жұп -Салыстыру. Қасымбек пен Нәзира замандастарының махаббат туралы түсінігі - Қазіргі жастардың махаббат туралы түсінігі (Венн диаграммасы)
6- жұп -«Романның «Шырағың сөнбесін» аталу себебі неде?» («шырақ» сөзінің мәнін ашу)
Критериалды жиынтық және формативті бағалау
Концептуалдық кесте
СТОҮ: жуан-жіңішке сұрақтар
Шығарма бойынша жұпта 2 жуан, 1 жіңішке сұрақ дайындайды, жауап береді.
Критериалды бағалау
Ой толғаныс
СТОҮ: РАФТ
Роль: Нәзира
Аудитория: адамзат баласы
Форма: үндеу
Тақырып: «Ошағымның сөндірмеші шырағын »
Критериалды жиынтық, формативті бағалау
Бағалау
Критерий арқылы өзін-өзі жиынтық бағалау
Бағалау парағы
Үй тапсырмасы
/1мин/
ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар
СТОҮ: эссе
А,В,С деңгейі: Ә.Нұрпейісов өмірі, шығармашылығы, «Соңғы парыз» романынан үзіндіні оқу.
В,С деңгейі: эссе « Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi» (ҰОС мен бүгінгі бейбіт заманда жүріп жатқан қиыр шығыстағы соғыс туралы байланыстыра ой қорыту)
Кері байланыс
ББЖӘТ: рефлексия
Түйгенім Әлі де білгім Еш нәрсе
көп келеді ұқпадым
Тақтаға смайликтер бейнеленген плакат іледі. Стикерлерді жапсыруды ұсынады.
Оқушылар сабақтан алған білімі туралы ой жинақтай отырып, стикерлерді қажет деп есептеген орынға жапсырады.
Рефлексияға арналған плакат
Мұғалімнің жазбалары
Қосымша №1
«Шатастырылған баулар»
Туған жердің шаңдатып төсін бүгін,
Айлы түнде шарлаймын Тосын құмын.
Өткелінен аттаймын Қарғалының
Толқынына жанымның қосып жырын.
Қаратау
Алыстан шақырған,
Қаратау аспандай.
Асыр сап атылған,
Төсімен мың бұлақ.
Ізгілік
Сонау Тұран ойпатынан бас алып,
Өзен болып айрыларда жас ағып.
Торғай бір күн таңмен бірге аттанған
Ұзатылған қыз сияқты жасанып.
Шөңге
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр,
Торғай қақпасы
Өзендер суын ұсынып,
Таратар нұрын күн бөліп.
Жаныңды орман түсініп,
Сыйлайды барсаң гүл беріп.
Сөз шебері З.Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім?» - десе, мен: «Үлкен үшеу: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» дер едім», - деп бағалаған;
Соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман, келіссеңіз де, келіспесеңіз де өзіңіз білесіз, қазақ прозасында басқашалай жоқ. «Шырағың сөнбесін» романы - қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі.
"Шырағың сөнбесін" не айтады?
Кеңес офицері Қасымбек Нәзира атты ауыл қызына үйленеді. Соғыс
басталып кетеді. Қасымбек мерт болған соң, Нәзира Абанға шығады, о
да қаза табады. Баласын құшақтаған жас әйелдің көрген күнінің көбі
қасірет, алғанының бәрі азап. Соғыс басталғанда эвакуацияға
ұшыраған әйел, бала-шағаның қатарында Нәзира да бар. Нәрестесі
қолында. Еңіреп еліне оралады. Романның ұзын ырғасы осы. Әрине, бұл
бір сөзбен айтқанға ғана. Оқи, көре, аңғара келгенде көп-көп
тағдыр, талай табиғат, характер қақтығыстары ашылады. Бұрын кітап
бетіне, не театр сахнасына, кино экранына түспеген неше алуан
деталь, қат-қабат тірлік. Оқиға Нәзираның ауызынан баян-далады.
Бәрі соның көзімен беріледі. Соғыс, ел басына түскен ауыр жағдай
әйел, бала-шағаның өзіне бейбіт күн кешуге мұрша бермейді. Жұрт
қалай шегінсе де - алдынан соғыс шығады. Жағдайдың өзі кімді
болсын, қақпалап апарып қан майданға салып жібереді. «Қайда барсаң
- Қорқыттың көрінің» кебі.