7


Шығарма Алма ағашы 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
  • Алма ағашы

  • Қара толқын шаштарын ерте тұрып өргізу қара торы қыздың күнделікті әдеті.Сылдырлап аққан бұлақ суынан бір -екі ұрттам ішісімен өзін мөңіреп тосып тұрған қара сиырды алдына сап ауылдың шетімен тау жаққа жол тартты. Осы қара сиыр өзінің күнделікті жайылатын жерін біліп алғандай бір аяқты қара жолмен маймаң басып бара жатыр. Маржанның ойы таң рауандап атысымен төбешікке жол тартатын Қибат апа. Өзінен бұрын келіп тау-тастармен, өзіне иіліп тұрған қайын ағаштарымен, қара жермен сырласып отырған апаны бақылау. Қайыңда, тіпті төбешіктің жанында жатқан ұсақ тастарда апаның уйымын білетін, жанын түсінетіндей өзіне қарап тұрған сияқты. Сұрақ қойып қайыңнан жауап күтеді, желдің аздап қозғалып барып, самал желмен есіп қайың бұтақтары иіліп апаның әжім басқан бетін сипағандай көрінді. Ол қалай қайынмен сөйлеседі, оның тілі жоқ қой деген ой қара торы қыздың мазасын қашырды. Қибат апа күнделікті кірбің тіршілігін, мал-қораны бір адамдай ұстап отыр. Бір байқағаным әрдайым өңі кеткен, етек жағы жыртылыңқырап қалған, қалтасына қолын салып-салып қырылып қалған желеткесінің қалтасынан бір шүберекті алып иіскеп отырады да көз жасына ерік береді. Әлгі шүберегінің түсі де белгісіз бір өңіп күй көшкен. Маржанның тағы бір байқағаны қабырғалары ескіріп, терезелері ыс басып кеткен екі бөлмелі үйінің жанындағы жайқалып, майысып тұрған алма ағашы. Күйбің тіршілігімен қоса ағашты баптап, суарып отыру өз міндетіне енгелі қашан. Жайма шуақ жаздың бір күнінде әдеттегідей қара сиырын алып жайлымға тартып келе жатқанында, алыстан бір бейненің қол бұлғағанын байқады. Жан-жағына қарайлап қояды ешкім көрінбейді, жақындап барып көзі жетті, өзіннің туысындай болып кеткен Қибат апа. Күлімсіреп, ескі желеткесінен екі пішінә алып қара қызға ұсынды. "Қара қызым-ау, жүр, менің төбешігіме!», - деді де аяңдап алдына түсіп кетті. Артынан ойы сан-саққа жүгіріп маң -маң басып еріп келеді, мені неге аңдыдың дей ме,әлде,.... сұрақтар мен жауаптар шақшадай басына симай кетті. Төбешікке жеттік дегенде демін әрең шығарды, Қибат апаның өзінің төбешігінің жанын орын ұсынды да, терең бір күрсініп алып әңгімесін сабырмен бастап кетті. Осы сәтте дала жым-жырт бола қалғандай, айналадағы құстар, жан-жануарлар, тіпті таудың өзі апаның осы бір сәтін күткендей үн - түнсіз. Осы төбешікте Қибат апа өзінің жан-жарын соңғы рет көргенін мәлімдеді. Жиырма жастағы қылшылдап тұрған өзінің жартысын Отан қорғауға кеткенін, содан оралмағанын, қалтасындағы шүберек кетерде көз жасын сүртуге берген соңғы естелігі екенін көз жасын тастарға тамызып отырып әңгімелеп берді. Терең күрсінгені, қайта-қайта жолға қарағаны көз алдыдан кетер емес. Үмітсіз шайтан ғой бұл дүние, әлі де келетініне, оны тосатынына, өзі егіп кеткен алма ағашының жемісін жейтініне сенеді, сенгісі келеді, сенбеске шара бар ма......

  • Маржан апаның шыдамдылығына, төзімділігіне, қазақ әйелдерінің сабырлығына, салмақтылығына, мықтылығына қайран қалды. Оның сүйікі тұлғасы өзі зерттеген Қибат апа болып қала берді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал