7


  • Учителю
  • ҒЫлыми жоба 'Тілдің мәні мен қызметі'

ҒЫлыми жоба 'Тілдің мәні мен қызметі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мазмұны



Кірспе......................................................................................................... ....3


Негізгі бөлім....................................................... ........... ........... ............ ......5


Теориялық бөлім ........................................................................................6-17


Қорытынды ......................................................................................... ....15-19


Қолданылған әдебиеттер..............................................................................16










Аннотация

«Тілдің мәні мен қызметі» атты ғылыми жобада жас зерттеуші тілдің шығу тарихынан бастап, тіл мен қоғамның өзара тығыз байланыстылығына ерекше көңіл аударған. Сонымен қатар, тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметін негізге алған. Тілдің - тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққы шығуының да құралы екендігіне тоқталған. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған.

Аннотация

Юнный иследователь в научной работе обратил пристальное внимание на проект «Язык и его значение». Обратил внимание на язык6 как средство общения между людьми. Язык является не только средствоми обшения6 но и выразителем мысли. В ходе исследования, выразил точку зрения привлекательных предложений.

Annotation


Young researcher paid specific attention to its origins as well as relationshipbetween languge and society in his scientific project called "The Meaning of the Language and its Functions". Along with it, defining the role of the language as means of communication between indivuduals in society lies in the basis of it. It also describes the language not solely as means of communication, but as core of thinking. During the survey he pointed out own points of view and proposed useful ideas.









Кіріспе

Өмірдің алуан түрлі құбылыстары бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді. Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол - қыр-сыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды.Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.

1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.

а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).

б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.

в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.

2. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.

а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.

б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.

Қоғамдық теориялардың дұрыстығы - тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.

Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп аталады

Жобаның негізгі мақсаты:

Тілдің мәні мен қызметін терең меңгеру

Жобаның міндеттері:

Тілдің тарихына үңілу.

Тілдің қызметін анықтау.


Мәселе:

Білім беруде және тәрбие саласында, жалпы қоғамда тілдің қызметін зерттеу.

Зерттелетін зат:

Тіл білімін жан-жақты қарап, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда тіл тазалығын сақтаудың пайдасы бар екенін зерттеу.

Жоспар:

Кіріспе


1. Тілдің шығуы туралы


2. Тілдің қоғамдық қызметі

3.Тілдің негізгі қызметі

4. Тіл , ойлау және сөйлеу


Қорытынды


1.Тілдің шығуы туралы

Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы ретінде пайда болды.Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.

1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.

а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).

б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.

в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.

1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.

а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.

б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.

Қоғамдық теориялардың дұрыстығы - тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.

Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп

аталады.

Адам эволюциясының қазіргі деректер бойынша даму жолы төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.

Бұл болжамды көне тілдің қазіргі тілден елеулі айырмасы болмаған: яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, оларды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген. Алғашқы кезде адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дәуірдің басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің бастауы, ондағы адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің бір бірін ығыстырып шығаруы және тоғысуы түрінде жүрген. Ал қазіргі салыстырмалы-тарихи зерттеулер бойынша барлық тілдер бұдан 15 мың жыл бұрын өмір сүрген 5-6 ата тілден таратады. Олардың ішіндегі ең ірісі нострат тілдері. Оның ұрпақтары кейін Еуропаға түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне (Оңтүстік Шығысынан басқа) таралады.

Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.

Дүниені танып білуге қойылатын басты бір методологиялық талап-шындықтың кез келген құбылысын объективтік тұрғыдан түсіндіру, яғни оның шын мәнін, табиғатын шындыққа дәл сәйкестік тұрғысынан бейнелендіру. Мұнсыз адамның білімі ақиқат болмас еді. Бұл барлық ғылым атаулыға, жаратылыстану ғылымдарына да, қоғамдық-әлеуметтік ғылымдарға да, қойылатын бірінші талапты тілтану ғылымына қолдансақ, тілдің табиғаты, мәні, оның шығу себептері мен қоғамдық сипаты, атқаратын қызметі қандай деген сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі келіп шығады. Бірақ бұл мәселе жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, мынадай екі проблеманы бір-бірінен ажыратып алу қажет: оның бірі - бүкіл адамзат баласына тән жалпы сөйлеу құралы болып табылатын тілді білдіретін жалпы ұғым, ал екіншісі - жеке халықтардың сөйлеу кұралы болатын жеке (нақты) тілді білдіретін жекеше үғымдар.

Бұл екі түрлі ұғымды бір-бірімен шатастырмау керек. Өйткені бұлардың арасындағы логикалық қатынас жалпы мен жекеше категорияларының ара-сындағы қатынас тәрізді.

Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте көне заманға - адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу проблемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) және адамзат коғамының пайда болуы (сопогелез) сияқты күрделі проблемалармен іштей тығыз байланысты. Сол себепті тілдің о баста шығу проблемасы тарих пен лингвистика ғана емес, сондай-ақ философия мен психология, археология мен єтнография, физиология мен антропология және басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін, аса күрделі проблема болып табылады.

Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-бірінен толып жатқан айырмашылықтарымен қатар өзара ұқсас, бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен бірге ол - қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол-адамзаттың мәдени дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой-сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу объектісі болумен қатар философиялық проблемалар болып табылады.

Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл - адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара пікір алысып, түсінісіп әрекет етуінің құралы. Демек, тіл мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында әрине өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді тудырды.

Олай болса, материалдық өндірісті тудыратын тіл емес, керісінше, өндіріс қажеттері бір ұжымдағы адамдардың бәріне түсінікті ортақ тілдің болуын қажетті түрде талап етті. Адамзат тілінің пайда болу теориясының негізін салған К.Маркс пен Ф.Энгельс бұл жөнінде былай деп жазды: "Тіл де, сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе; тіл, дәл айтқанда, (іс жүзінде) алдымен басқалар үшін және тек осының арқасында ғана мен өзім үшін де өмір сүретін шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана сияқты тіл де басқа адамдармен қатынас жасау қажеттігінен және мұқтаждығьнан туады".

Тілдің шығуы туралы Маркстік көзқарасқа дейін де бір қатар ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды және олар қазірде де бар. Енді солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік.

Ежелгі грек философиясынан бастау алатын "дыбысқа еліктеу" (немесе аноматопоєтикалық) деп аталатын теория тілдің шығуын табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі деп түсіндіреді.

Әсіресе 18-19 ғасырларда кеңінен өріс алған бұл теорияны жақтаушылардың бірі неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды дейді.

Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен құбылыстар көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі. Бұл теория тілдің шығуының себептерін дыбысқа еліктеуден іздеп, тілдің әлеуметтік себептерін ескерусіз қалдырады, өйткені бұл теория тілді қоғамдық күбылыс емес, табиғат құбылысы, "табиғаттың адамға тартқан сыйы" деғен логикалық қорытынды шығаруға жетелейді.

Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория - "қоғамдық шарт" теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді келісім арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл логикалық қисынсыздық "қоғамдық шарт" теориясының шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігін өзінен-өзі көрсетіп тұр.

XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді.

Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория жөне басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын кұдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.

Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен єтнографияның, антропология мен социологияның т.б. зерттеулеріне сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына бірден-бір себеп болған адам тектес маймылдардың адамға айналу процесінің барысынла туған қоғамдық қажеттілік - алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам коғамының шығу, қалыптасу проблемасына барып тіреледі екен, өйткені біріншісі екіншісінің, яғни антропогенез бен социогенез проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.

Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық өндірістің және онымен бірге алғашқы қоғамдық қатынастар мен қажеттіліктердің ұзақ уакыт бойы қалыптасып, адам тектес маймылдардың үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам бірлестіктеріне айналуының және сондай-ақ соған сәйкес дене құрылысының өзгеруінің нәтижесі болып табылды.

Сонымен қатар, ру-тайпалар арасында кұралдар және басқа бұйымдар алмасу іске аса бастады, ал бұл білімдер мен еңбек ету әдіс-тәсілдері, дәстүрлері тілдік қатынас құралы арқылы басқа тайпалар мен халықтардың мүшелерінің арасына тарап отырды.

"Алғашқы тілдің табиғи материясы" да қазіргі заманғы тілдердің "материясынан" көп өзгеше болған - оларда дыбыстық сөздермен бірге "ымдау тілі" де кеңінен пайдаланылған дейді зерттеулердің нәтижелері. Жоғарғы тас дәуірінде (бұдан шамамен 40 мың жылдай бұрын) неандертальдықтардың орнына жаңа адам (неоантроп немесе "Ното заріегш") келеді. Ол енді жеке құрал емес, құрамдас еңбек құрал (мысалы, сабы бар балта) жасай алатын болды, жартастарға көп түсті сурет салуды білді. Оның бас сүйегінің көлемі мен құрылысы қазіргі адамдікінен айнымайды деуге болады. Бұл дәуірде енді нағыз қатынас құралы, қалыптасып келе жатқан ой ұғымдарын қоғамдық жағынан тұжырымдау құралы бола алатын дыбысты тілдің қалыптасуы аяқталды: "... Адамдардың қажеттері және оларды қанағаттандыруға көмектесетін енбектің түрлері көбейіп, әрі қарай дамыған сайын адамдар нәрселердің тұтас топтарына жеке атаулар бере бастады"-. Тілдік белгілер бір-бірінен біртіндеп ажырап, жеке мазмұнға ие бола бастады: тұтаскан аралас сөз-сөйлемдерден аз-аздап жеке сөздер - болашақ есімдер мен етістіктердіњ түп түлғалары бөлініп шыға бастады, ал тіл тұтас алғанда өзінің қатынас құралы және айналадағы дүниені танып білу құралы ретіндегі функцияларын (кызметтерін) шын мәнінде атқара бастады.


2. Тілдің қоғамдық қызметі


Тіл және қоғам. Тіл - қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұған тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге , немесе хабарды алуға болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:

1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген татаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды.

Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданылмайды. Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады.

2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер - жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер - деген аймақтың ішіндегі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі деген түсінікке ғана қарайды.

Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.

Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. " Әлемдік тілдер" деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық. Қазіргі ана тілі, қос тілділік (билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. Тіл халықтың және ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттер әрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.

Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын социолингвистика ғылымы айналысады.

Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі - қатынас құралы болуынан келіп туады.

Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы"(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.

Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ.

Тілдік категориялардың қалыптасу, даму өзгешеліктерін зерделеген ғалым Н.Т.Сауранбаев, ең алдымен, тіл білімінің қоғамдық сипатына мән берді. Ғалым "Тіл ғылымы - әлеуметтік ғылымдардың бір көрнекті бөлігі..." дей отырып, "уақыт", "жаратылыс", "дәуір" ұғымдарын лингвистиканың құрылымдық мәселелерін анықтауға бағыттады, сол себепті оның еңбектерінде қоғамдық өзгерістер тілдік жаңарулармен яки толығулармен қатар беріліп талданды. Екі процестің даму динамикасын тығыз байланыста сұрыптаған автор тіл құрылысының сипатын уақыт тезінен өте қалыптасатын ерекшелік ретінде қарастырғандықтан, құрмалас сөйлемдер табиғатын "Неғұрлым қоғамның алыс уақыттағы дәуірлеріне терең бойлай берсек, тілдің құрылысының да соншалықты жабайы болатынын көреміз. Сол сияқты неғұрлым осы заманға жақындаған сайын, тіл құрылысының қиындағанын, жаңаланғанын көреміз" деген тұжырымды келтірді.

Ғалым М.Балақаев "Тіл - әлеуметтік құбылыс. Бала ана тілін қоғам мүшесі ретінде пайдалануды табиғи айналадан үйренеді" дей отырып, тілтанымның әлеуметтік заңдылықтарын сұрыптауда "адамның тіл жұмсау" әрекетін басшылыққа алды, оны адамның "қоғам мүддесіне лайық көптеген іс-әрекеттердің бір бөлігі" деп есептеді. Осыған орай, тілші "қоғамдық сананың" қалыптасу алғышарттарын тілдік дамудың, оның "жаңа сапалы тіл қажеттіліктерін атқаруының" салдары деп түсіндірді. Оған дәлел ретінде зерттеуші "Ешбір қоғамдық құбылыс дербес, дара, оқшау қалпында, басқа құбылыстармен байланыссыз өмір сүре алмайтынын" атап өтті. Сондай құбылыстар қатарында М.Балақаев тіл мен әлеуметтің бір-біріне әсер ету нормаларына ерекше зейін қойды, сондықтан "...қоғам ол [тілді] құралды шыңдай түсу қамын ойлайды. Өйткені қоғам өмірінің биік шыңға көтерілуі, адамдардың ой-өрісінің, сана-сезімінің, экономика, өнер-білім, ғылым, мәдениетінің біріне-бірі ілесе ілгері дамуы, сөз жоқ, оның тіліне де ықпалын тигізеді" деген қорытынды жасады.

Оның айқын айғағы ретінде тілші әдеби тілдің, оның стильдік тармақтарының даму үлгілерін сөз етті. Сөйтіп, "қоғам мүшелерінің қатысымен" дамитын және қоғамның "әр қилы орайындағы тілдік тәсілдердің белгілі бір мақсатқа жинақталуымен" жүзеге асатын бұл лингвистикалық ұғымдарды "қоғамдық категориялар" деп таныған ғалым тілтанымның әлеуметтік негіздерін қалыптастыруға ат салысып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның ғылыми-теориялық дамуының да алғышарттарын ұсынды.

"Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындыларын" дамытқан К.Аханов зерттеулері де тіл мен қоғамның қарым-қатынасын «екі жақты байланыс» үлгісінде қарастырған ғылыми ізденістер нәтижесін құрады.

Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам - адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл - ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.

3. Тілдің негізгі қызметі


Тіл - қарым-қатынас құралы. Тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі негізге алынады. Тілдің - тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққа шығуының да құралы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі бола алады. Ой және оның мазмұны тіл арқылы көрініп, сол арқылы ұғынылады. Демек , ойлау мен тіл бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Осылай болғандықтан, тілдің табиғатын айқындауда оның қатынас құралы болу қызметімен бірге ойлаудың және ойды жүзеге асырудың құралы, ойдың материалдық формасы екендігі де ескерілуі қажет.

Тіл қызметі - негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сияқты күрделі ұғымдарды қамтиды. Бұлар - сонымен қатар оның жаратылысының ең маңызы. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі және екіншісі экспрессивтік, танымдық, (яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субьективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы эмоциональды-экспрессивті құралдар мен тәсілдердің ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізуде, әсіресе көркем әдебиетте маңызы айрықша күшті. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе , көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Тіл қызметі анықтауға қызығушылық XX ғасырда белең алды. Қазіргі кездегі тіл әрекеті аясының кеңеюімен тіл қызметі мәселесі ауызша сөйлеу тілі, функционалдық стильдер, мәтін лингвистикасы сияқты жаңа ағымдар аймағында терең зерттеулерге бет алды. алдында тілдің қандай жүйелері мен кұрылымдары оның әртүрлі қызметтерінде қалай және қандай деңгейлерде қолданыста болатынтындығын анықтау міндеті тұр.

Тіл - халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.К.Ушинский тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деп жазды: «Тілде бүкіл халықтың, оның бүкіл елінің рухы көрінеді, онда халықтық рух шығармашылық қуатымен ойға, суретке айналады, Отан аспанының даусы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның климаты, оның даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен өзендері, оның дауылдары мен нажағайлары көрінеді... Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы сәулеленіп көрінеді.»

Тіл - адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна.Тіл - қуатты құрал. Оның қуаты мен құдіреті, ғажайып бейнелігі мен алмас қылыштай өткірлігі, әсіресе, көркем әдебиет пен публицистикада көрінеді де, айрықша әсерлі күшке айналады.Жамбыл Жабаевтың пафос пен патриотизмге толы «Ленингадтық өрендерімнің» Ұлы Отан соғысында кеңес жауынгері мен халқына күш, жігер беріп, жауға қарсы аттандыруда еткен әсері, әрбір сөзінің қуаты, дауылпаздай саңқылдаған даусының құдіреті баршамызға аян. Ол ешқашан да ұмытылмақ емес.

Көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Тілдің әсерлі күшке айналуы үшін оның әрі ашық, айқын, әрі өткір, әрі көркем болуы шарт. М.Горький: «Тілдің күші тәрізді әрекет ететін шынайы әдемілігі дәлме-дәлділік, айқындылық, сөздің үнділігі арқылы жасалады»-дей келіп, тілдің тазалығы, дәлме-дәділігі үшін күресу керек деген талап қойды: «Тілдің тазалығы үшін, мағыналық дәлме-дәлділігі үшін, өткірлігі үшін күресу дегеніміз - мәдениет қаруы үшін күресу. Бұл қару неғұрлым өткірірек болса, неғұрлым дәлме-дәл бағытталса, ол соғұрлым жеңімпаз болады»

Айтайын дегеніңді дәлме-дәл, ашық, айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру әрқашан оңай бола бермейді. Ол үшін тілді, әсіресе, оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды бояуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты меңгеру, көптен-көп жаттыға білу қажет.

Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

Тілдің өндіріс құралдарымен қызмет ету жағынан ұқсастығы бар. Тіл мен өндіріс құралдарының ұқсастығы мынада: тіл де, өндіріс құрал да әр басқа қоғамдық құрылысқа - ескі құрылысқа да, жаңа құрылысқа да қызмет етеді. Дегенмен, тіл мен өндіріс құралдарын теңестіру, оларды бірдей деп есептеу қате болар еді. Бұлардың арасында түбірлі айырмашылық бар: өндіріс құралдары материалдық игілік өндіреді, ал тіл ештеңе өндірмейді, адамдардың қатынас құралы, сөйлесу, түсінісу құралы ретінде қызмет етеді.

Сонымен, тіл базиспен де, қондырмамен де, мәдениетпен де, өндіріс құралдарымен де бірдей емес, тілді олармен теңестіруге болмайды. Тіл таптық құбылыс емес. Тіл қоғамдық құбылыс бола тұра басқа қоғамдық құбылыстардың түбірлі айырмашылығы бар және өзіне тән ерекше белгілері бар құбылыс болып саналады. Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы - екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы - тіл қажет . Тіл - адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.

Тіл - адамдардың қатынас құралы болумен бірге, пікір алысатын, бірін-бірі түсінісетін құралы, қаруы.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды. Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында деп ойлаймын..

4. Тіл , ойлау және сөйлеу


Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде, ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.

Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.

Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным тағы да басқа факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:

1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;

2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;

3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді,

4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.

Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп жеткізу, жаңа мәлімет беру сияқты қосымша мәліметтері бар».

Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі.


ҚОРЫТЫНДЫ


Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі.

Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.

Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам - адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл - ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.

Елбасы өзінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы жолдауында: «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді».

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деп тіл мәселесіне кеңінен тоқталды. Яғни, қоғамның барлық саласында қолданылатынмемлекеттік тілді білу, сөйлеу, сондай-ақ іс-қағаздарын сауатты жүргізу, толтыру - әрбір қазақстандық азаматтың тілге деген құрметінің айғағы.

Тіл барлық кезеңде ұлттық идеяның басты діңгегі және мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы болып саналады. Тіл арқылы тілдесе де, бірлесе де аламыз, біріге де, кіріге де аламыз. Адамзат қоғамның саналы түрде сабақтаса, араласа тіршілік етуінің айрықша белгісі, ұлттық ділінің көрінісі - тіл. Адам баласы ұлтына, жеріне, тарихи дамуына, қауымдасына, діліне қарай джербес мемлекеттер болып өмір сүріп жатқанда тіл мәселесінің мазмұны да, мәні де артатындығы белгілі. Бұл арада қазақ халқының саяси тәуелсіздік алып, өз алдына жеке ел болуы - оның тілінің де еркіндік алуымен, кедергісіз өрістеуімен тікелей сабақтасып жатуы керек деп ойлаймын. Қандай халықтың болсын егемендікке қол жеткізуі - өзінің байырғы ұлттық құндылықтарына оралуын білдіреді. Өйткені тәуелсіздігіміздің мәні қандай болса, тіліміздің де мәні соншалықты маңызды.

Сөз соңын: «Мемлекеттік тіл - Қазақстан халқын біріктіруші аса маңызды фактор», деп Ана тіліміздің қоғамдағы орнын айқындап берген Елбасымыздың сөзімен аяқтағым келеді.

Қолдалылған әдебиеттер

  1. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.

  3. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай оқыту керек? "Жаңа мектеп" 1925 №2

  4. Байтұрсынов А. "Тіл тағылымы" А., 1989.

  5. Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ 1923.

  6. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. А. 1941.

  7. Жұбанов Қ: Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер А. 1999.

  8. Жұмабаев М. Педагогика. А. 1992.

  9. Кеңесбаев С. Жанұзаков Т. Руссо-казахский словарь лингвистических терминов. А. 1966.

  10. Оразбаеваа Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. А. 2002.

  11. Аймауытов Ж. Комплекс пен оқыту жолдары. 1929.

  12. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқытук методикасы. А. 1965.

  13. Байтұрсынов А. Тіл құрал, I, II, III Тіл танытқыш Қ. 1925.

  14. Дулатов М. Жаңа жазу ережелері. Қ. 1923.

  15. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері. 1-10 томдар А. 1980.

  16. Оқыту - тәрбиелеу технологиясы. 03.2014























Пікір


Екпінді орталау мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Стамбекова Жанар Тасыгановна


Айымбек Думан «Тілдің мәні мен қызметі» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жұмысын жүргізуде. Қарастырылған жобада, тілдің шығу тарихына, мәні мен қызметіне, қолданыс аясына толық тоқталған. Тілдің маңыздылығының тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды екенін меңгеріп, көпшілік қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.

Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қамтып, архив қолжазбаларын молырақ қолдану керек.

Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың ұлттық құндылығын қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.

Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.

«Тілдің мәні мен қызметі» тақырыбын одан әрі зерттейтініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.

Пікірші: Стамбекова Ж.Т.






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ









Бағыты: гуманитарлық

Секциясы: "Сөздік"


Ғылыми жоба тақырыбы: «Тілдің мәні мен қызметі»



Авторы: Айымбек Думан, 7 сынып, "Екпінді орталау мектебі" КММ, Екпінді ауылы

жетекшісі:

Стамбекова Жанар Тасыгановна, қазақ тілі мен әдебиеті, "Екпінді орталау мектебі" КММ, Екпінді ауылы












2015 жыл




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ









Бағыты: гуманитарлық

Секциясы: "Сөздік"


Ғылыми жоба тақырыбы: «Тілдің мәні мен қызметі»



Авторы: Айымбек Думан 7 сынып, "Екпінді орталау мектебі" КММ, Екпінді ауылы

жетекшісі:

Стамбекова Жанар Тасыгановна, қазақ тілі мен әдебиеті, "Екпінді орталау мектебі" КММ, Екпінді ауылы





Есік - 2015 жыл


20




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал