7


  • Учителю
  • Открытый урок. 8 класс «Қазақ елінің бас қалалары»

Открытый урок. 8 класс «Қазақ елінің бас қалалары»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Қазақ елінің бас қалалары Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қазақстанның астанасы болған қалалар туралы білімдерінкеңейту, алған білімдерің тапсырмалар арқылы бекіту,  сұрақтарға жауап беру, өткен тақырыптықайталау, ойды жүйелі айту дағдыларын қалып
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақ елінің бас қалалары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақстанның астанасы болған қалалар туралы білімдерін кеңейту, алған білімдерің тапсырмалар арқылы бекіту, сұрақтарға жауап беру, өткен тақырыпты қайталау, ойды жүйелі айту дағдыларын қалыптастыру, морфология саласы бойынша алған білімдерін жинақтау.

  2. Дамытушылық: өлең, мәтін оқу, диалог аркылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: туған жерге сүйіспеншіліктерін арттырып, Отансүйгіш ұлтжанды азамат болуларына ықпал ету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойландыру, іздену, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Жұмыс түрлері: жекеше, кос, жалпы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Көрнекіліктер: инерактивті тақта, презентация, окулык, Қазақстанның картасы, қалалардың көріністері (суреттер), компьютерден басылып шыққан мәтіндер, үлестірме қағаздар, ұшақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • сәлеметсіңдер ме?

  • отырыңдар

  • сыныпта кім жоқ?

  • қазір қай жыл мезгілі?

  • қыс айлары қандай?

  • қыста күн қандай болады?

  • адамдар қалай киінеді?

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Өткен сабақта «Бас қаланың бойтұмары» деген тақырыпта мен сендерге үйге яғни бас қаланың бойтұмары Бәйтерек туралы өлең берген едім жатқа.

  • Кім айтады?

Бәйтерек

Алатау ақ өткелім,

Махаббатым көктемім

Қос қыраның тұрағы

Арманына жеткенің

Қанаттары талмасын

Дәулет болып айналсын

Жұмыртқасын бақ құсым,

Бәйтерекке байласын.

  1. Бүгінгі сабағымыз «Қазақ елінің бас қалалары» деп аталады. Сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабақ.

III. Жаңа тақырып кезеңі.

Қазақстанның ең бірінші астанасы қай қала болған?

Балалар, біз Орынборға келдік.

Орынбор.

- мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару:

1. Оренбург - первая столица. Оренбург был столицей Казахской Республики с 1920 до 1925 года. Оренбургский край в то время считался казахской земяей. Город Оренбург
сейчас относится к Российской Федерадии.

Жаңа сөздер:

край - өлке,

в то время - ол кезде,

относится - қарайды, жатады,

считался - есептелді, саналды.

2. Зат есімдерді құрамына талдау:

Қала, уақыт, жер,


3. Балалар, еңді қайда ұшамыз? - Қызылордаға.
Қызылорда туралы білу үшін, тапсырманы орындайық. Сөздерді орындарына орналастырып мәтін құрастыру.


Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

  1. болған, Қазақстанның, Қызылорда, астанасы, екінші.

  2. Бұрын, деп атаған, Қызылорданы, Ақмешіт.

  3. орналасқан, бойыңда, Ол, сыр, сұлу.

  4. қала, үлкен, Қазір, Қызылорда.

  5. бізге, ак, күріш, келеді, Бұл қаладан.


Қызылорда - мәтінінен сын есімдерді теріп жазып, талдау.

Сұлу, үлкен, ақ - сын есімдерді талдаңдар.


2. Қазақстанның әсем қаласы қай қала? - Алматы.

- берілен сұрақтарға жауап беріп, диалогты аяқтау.

- Алматы Қазақстанның нешінші астанасы болған?

- Алматы қаласы бұрын қалай аталған?

- Алматы Қазақстанның қай өңірінде орналасқа?

- Ол қандай қала?

- Алматыда нелер бар?

- Алматыда не өседі?

Етістіктер қай шақта айтылып тұрғаның анықта.

  1. Айгүлдің әжесі Алматыға көшіп жатыр.

  2. Демалыста Алматығаға саяхатқа барамыз.

  3. Кеше қызықты кітап оқыдым.

  4. Мен жаттығу жазып отырмын.

  5. Біздің мектепте бүгін үлкен мереке болады.

  6. Кеше күн жылы болды.

Сегіту сәті.

Жұмбақтарды шешу.

  1. Әрі қызыл, әрі тәтті

Таңдаған жаңды таңырқатты. (алма)

2. Сырты тәтті, іші тәтті,

Ортасы сүйек, қатты. (өрік)

3. Көк ала костюм киеді,

Күннің көзің сүйед1. (карбыз)

Қазақстанның жаңа астанасына ұшамыз ба, балалар?
Бұл қай қала? Астананы білу үшін оқушыларды тыңдайық.
Астана

Тәуелсіз Қазақстанның елордасы - Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

Елордада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.

Астана қаласының басты символы - «Бәйтерек».

Елордада жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 (бес жүз он сегіз) мың адам. Астана - болашағы үлкен қала.

Сөздік:

Тәуелсіз - независимый

Жерінде - на земле

Орналасқан - расположена

Қонақ үй - гостиница

Жастар сарайы - дворец молодежи

Көп қабатты - многоэтажные

Болашағы - будущее


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қазақстанның елордасы қай қала?

  2. Астана қай жерде орналасқан?

  3. Астанада нелер бар?

  4. Астананың басты символы не?

Қорытындылау:


Үйге тапсырма: Астана тақырыбына диалог құрастыр




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал