- Учителю
- Разработка на казахском языке Ортақ іс табысы
Разработка на казахском языке Ортақ іс табысы
Тақырып: Ортақ іс табысы
Құндылық: Еңбекқорлық, ынтымақтастық, сыйластық
Қасиеттер: Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу
Мұғалiм: Н.Уразниязова
Сыныбы: 4а,ә,б,в
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың «еңбек» құндылығы және «сыйластық»,«ынтымақтасық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
-
бірігіп жұмыс жасау іскерліктерін дамыту;
-
мейірімділікке, қайырымдылыққа достыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Кө\\з алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.
Дәйексөз.
Келісіп істесе көп іс бітеді.
Құтып
Әр оқушы бір тал шыбықтан егіп, ну орман- олардың бірігіп істеген ортақ еңбектерінің жемісі. Көп біріксе береке, мереке болады дегені- жұмыс әрі сапалы , әрі берекелі орындалады да, көпшілік болған соң бір-біріне қызықты әңгімелер айтылып ортамыз мерекеге толады. Сондықтан да дана Құтып аталарымыз «Келісіп істесе көп іс бітеді» деп бекер айтпаған.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс
Көп біріксе-береке
Жаңа ақпарат
Адам өз ортасында сыйлы, ортақ істерді жүзег асыруда адал болса еңбегі нәтижелі болады.
Дәптермен жұмыс:
Ребусты шешіп жауабын жазыңдар.
Қорытындылау:
Шығармашылық жұмыс
Суреттегі балалардың достығын бейнелеу
Үйге тапсырма.
Достарыңмен бірігіп жасаған ортақ еңбектерің туралы ойланып жазып келіңдер.
Тақырып: Дос болайық, бәріміз!
Құндылық: Сүйіспеншілік,сыйластық
Қасиеттер: Татулық, бірлік
Мұғалiм: Н.Уразниязова
Сыныбы: 3 «а»,«ә»,«б» ,«в»
-
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың достық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
-
Міндеттері:
-
Татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын жан-жақты ашу;
-
Достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-
татулық,бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.
Дәйексөз. "Татулық -достық кепілі "
Халық мақалы
Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары,сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейдіі қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды. Ал осы айтылғандар татулықтың белгісі.Сондықтан да шын достықтың арқасында татулыққа қол жеткізуге болады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Әңгімелесу
-
Татулықты, достық ты қалай түсінесіңдер ?
-
Достарыңды ренжітіп алсаңдар қалай татуласар едіңдер?
Кейде біз асығыстық танытып достарымызды ренжітіп алатын уақыттарымызда болып жатады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді,кешірімшіл болады. Достар қиын сәтте көмекке келеді , достықты қадір тұтады.
Оқу ақпараты.
Мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап -талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі достық қарым-қатынасты құрайды.
Мәтінмен жұмыс.
«Күштісің енді сен»,-деді
Ө.Тұрманжанов.
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген мақалға қалай түсінесіңдер?
Сахналау
Саңырауқұлақтың саясы
Дәптермен жұмыс
«Достықты құрметте» нақыл сөзі шығу үшін әріптерді дұрыс орналастыру керек
Үйге тапсырма: Балаларға өсиет өлеңін жаттау , «достық» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру