- Учителю
- Ашық сабақ 'Астанаға саяхат'
Ашық сабақ 'Астанаға саяхат'
Қазақ тілінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Астанаға саяхат
Сыныбы:5 «И»
Сабақтың мақсаты:оқушылардың Астана қаласы туралы білімдерін тереңдетіп, саналы білім алып , функционалды сауатты болуларына ықпал ету.
Міндеттері:
1.Білімділік:оқушылардың Астана қаласы туралы білімдерін кеңейту;
2.Дамытушылық:тақырып бойынша сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру,ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту арқылы ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
3.Тәрбиелік:туған жеріне деген сүйіспеншілігін, астанамызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу,туған жерін сүюге баулу.
Сабақтың типі:жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі:саяхат сабағы,сурет сабағының элементі кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ -жауап әдісі,мәтінмен жеке және топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақтада Астана қаласының көрнекті жерлерінің суреттері, ҚР Мемлекеттік туы,фишка, күн ,бұлт.
Пәнаралық байланыс:орыс тілі, география,сурет сабағы
Уақыты
Жұмыстың түрі
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
І.
Ұйымдасты-ру кезеңі.
(3мин)
Сынып оқушыларымен амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Сәлеметсің бе,алтын Күн,
Сәлеметсің бе,көк аспан,
Сәлеметсің бе,туған жер,
Сәлеметсіз бе, қонақтар!
Оқушыларды топқа бөлу.«Бәйтерек» суретін алған оқушылар «Бәйтерек» тобына, «Хан шатыр» суретін алған оқушылар «Хан-шатыр» тобына, «Алтын адам»суретін алған оқушылар «Алтын адам» тобына біріктіріледі.
Мұғалім сабақты
жалғастырады,фишка арқылы бағалауды түсіндіреді,оқушыларды топтарға бөліп, топтар арасында сұрақ-жауапжүргізеді.
Сабақтың ережесімен таныстыру.
1-ереже:
Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2-ереже:
Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3-ереже:
Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз!
4-ереже:
Сабаққа белсене қатысып жақсы баға аламыз!
Оқушылар тыңдайды.
Ынтымақтастық атмосферасын құрып:
Сәлеметсің бе, алтын Күн,
Сәлеметсің бе, көк аспан,
Сәлеметсің бе, туған жер,
Сәлеметсіз бе, қонақтар! -деп келген қонақтармен амандасады.
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.
2 мин.
ІІІ.Үй тапсырмасы.
(3мин)
Ұжымдық жұмыс:
Топтарға бөлінген оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу (сұраққа жауап берген оқушылар фишка алады).
Үйден дайындап келген Отан, Астана туралы өлеңдерін жатқа айтады.
Сұрақтар:
1.Сенің Отаның қай ел?
2.Қазақстан қандай мемлекет?
3.Қазақстанның елордасы қай қала?
4.Қ.Р.Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
5.Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата.
Оқушылардың жауабы:
1.Менің Отаным -Қазақстан.
2.Қазақстан тәуелсіз, көп ұлтты мемлекет.
3.Қазақстанның елордасы Астана.
4.Қ.Р.Мемлекеттік рәміздері:ту, елтаңба, әнұран.
5. Қазақстанның астанасы болған қалалар: Орынбор, Қызылорда,Алматы,Астана.
Үйден дайындап келген Отан, Астана туралы
өлеңдерін жатқа айтады.
Оқушылар өз білімдеріне баға алады.
ІҮ.Жаңа сабақты еңгізу.
(10 мин)
1 топ.
1.Сөздік жұмыс. Оқылым (жеке жұмыс, жазылым әрекеті арқылы функционалды сауаттылыққа баулу.)
2топ. Мәтінмен жұмыс. Оқылым.Тыңдалым.
Интерактивті тақтада берілген сөздерді қазақ тіліне тән әріптерге көңіл бөліп дұрыс оқып, түсіндіреді,орыс тіліне аудартады.
1.Оқушылар жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесін және сөйлемдер құрады, сөздік дәптерге жазады.
2.Мәтінді мәнерлеп оқып, аударады. Оқушылар өз білімдеріне баға алады
Ү.Жаңа тақырыпты бекіту
(7мин)
3 топ. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, сұхбаттасу.
Айтылым.Сөйлесім.
Сұрақтар :
1.Астана-Қазақстанның қандай қаласы?
2.Ол қай өзеннің жағасында орналасқан?
3.Асанада қандай ғимарат-тар бар?
4.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерт-кіштер бар?
5.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
6. Астана болашағы қандай қала?
Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп сұхбаттасады, сөйлесім әрекеті арқылы жұптық жұмысты орындайды.
Оқушылар өз білімдеріне баға алады
ҮІ.Суретпен жұмыс.
(5мин)
Сурет пәнінің мұғалімі Татьяна Борисовнаға
сөз беру (2мин)
«Саяхат» оқыта -үйрету ойыны. Айтылым әрекеті.
«Саяхат» оқыта -үйрету ойынын ұйымдастыру. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша Астана қаласының көрікті жерлерін слайдтар арқылы айтқызып, сөйлесім әрекетіне жетелеу.
Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Астана қаласының көрікті жерлері «Бәйтерек», Президент сарайы «Ақорда», Парламент ғимараты, «Жастар сарайы», «Интерконтиненталь қонақүйі» туралы дайындаған слайдтарын және салған суреттерін әңгімелеп айтады. Үлгі:Мынау«Бәйтерек» Бұл-астана қаласының символы.Оның биіктігі-97метр. Себебі Астана қаласы Қазақстанның астанасы болып 1997 жылы атанды.
Бұл-Президент сарайы «Ақорда».Ол Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Ақорда ғимараты 2004 жылы салынды.Оның биіктігі 80 метр..Ол 7 қабаттан тұрады.
Бұл -Парламент ғимараты. Ол астананың бірініші ғимараты. Оның алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойыл-ған.
«Интерконтиненталь қонақүйі»-Астананың 5 жұл-дызды қонақүйі. Ол 1998 жылы салынған. Ол қаланың ортасында ,Абай даңғылында орналасқан.
Астана қаласындағы «Жастар сарайы» 1973 жылы ашылған.
Ол қаланың ортасында орналасқан.Жастар сарайы -4 қабатты ғимарат. Онда бассейн, тренажер залы және 4 би залы бар.
Оқушылар өз білімдеріне баға алады
ҮІІ.Сергіту сәті
(2мин)
«Қаражорға» өлеңінің музыкасына билеу
«Қаражорға» өлеңінің музыкасын қосып,оқушыларды билетіп сергіту
Оқушылар«Қара-жорға» өлеңінің музыкасына билеп сергіту сәтін жасайды.
ҮІІІ.Грамма-тикалық тапсырма
(3мин)
Оқушылар грамматикалық тапсырманы орындайды
1 топ. Астана сөзіне фонет.талдау жасайды.
2 топ. Бәйтерек сөзін септейді
3 топ. Ғимарат сөзін тәуелдейді.
Оқушылар:
1 топ.Астана сөзіне фонет.
талдау жасайды.
2 топ. Бәйтерек сөзін септейді
3 топ. Ғимарат сөзін тәуелдейді.
ІХ.Сабақты қорытынды-лау(5мин)
«Сөзжұмбақ» шешу
Интерактивті тақтадағы «Сөзжұмбақты» шешкізу:
1.Қазақстанның оңтүстік астанасы.
2.Қазақ халқының ұлттық тағамы.
3.ҚР Мемлекеттік рәмізі.
4.Мемлекеттік туда бейне-ленген құс.
5.Родина сөзінің қазақша аудармасы.
6.ҚР президенті
Оқушылар
интерактивті тақтада берілген «Сөзжұмбақты» шешеді:
1.Алматы
2.бесбармақ
3.ту
4.қыран
5Отан
6.Назарбаев
Оқушылар өз білімдеріне баға алады.
Х.Үйге тапсырма беру (2мин)
Үйге берілген тапсырманы жазу
Мұғалім тапсырманы түсіндіріп,күнделіктеріне жаздырады:
1.Жаңа сөздерді жаттау
2. «Астанаға саяхат» мәтінін әңгімелеп айту
Оқушылар
үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазады.
ХІ.
Рефлексия
(1мин)
Оқушылардың білімдерін бағалау.
Мұғалім оқушылардың білімдерін бағалайды,
жеңген топты анықтайды
Жеңген топ Қазақстан тауына ҚР туын барып тігеді.
Оқушылар өз білімдеріне баға алады.
Оқушылар сабақ ұнаса күнді,ал ұнамаса бұлтты көрсетеді.
Астанаға саяхат
Астана -Қазақстанның бас қаласы. Ол Есіл өзені жағасында орналасқан.Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Астанада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана -болашағы үлкен қала.
Сөздік :
1.өзеннің жағасында- на берегу реки 6.тұрғын үйлер- жилые дома
2.сарай -дворец 7.тұрғындарының саны- численность 3.қонақүй - гостиница населения
4.жастар-молодежь 8.ұлт өкілдері- представители нации
5.танымастай өзгерді- изменилась до не 9.болашағы- будущее
узнаваемости
Астанаға саяхат
Астана -Қазақстанның бас қаласы. Ол Есіл өзені жағасында орналасқан.Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Астанада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана -болашағы үлкен қала.
Сөздік :
1.өзеннің жағасында- на берегу реки 6.тұрғын үйлер- жилые дома
2.сарай -дворец 7.тұрғындарының саны- численность 3.қонақүй - гостиница населения
4.жастар-молодежь 8.ұлт өкілдері- представители нации
5.танымастай өзгерді- изменилась до не 9.болашағы- будущее
узнаваемости
Астанаға саяхат
Астана -Қазақстанның бас қаласы. Ол Есіл өзені жағасында орналасқан.Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Астанада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана -болашағы үлкен қала.
Сөздік :
1.өзеннің жағасында- на берегу реки 6.тұрғын үйлер- жилые дома
2.сарай -дворец 7.тұрғындарының саны- численность 3.қонақүй - гостиница населения
4.жастар-молодежь 8.ұлт өкілдері- представители нации
5.танымастай өзгерді- изменилась до не 9.болашағы- будущее
узнаваемости
Бағалау парағы
Оқушының
аты-жөні
Сұрақ-қа жауап
Үй жұмысы
Жаңа сөздер
Мәтінді аудару
Грам.
тапсыр-
ма
Сурет-
ті әңг.
Сөзжұмбақ
шешу
Баға
1.
2.
3.
4.
5.
Бағалау парағы
Оқушының
аты-жөні
Сұрақ-қа жауап
Үй жұмысы
Жаңа сөздер
Мәтінді аудару
Грам.
тапсыр-
ма
Сурет-
ті әңг.
Сөзжұмбақ
шешу
Баға
1.
2.
3.
4.
5.
Бағалау парағы
Оқушының
аты-жөні
Сұрақ-қа жауап
Үй жұмысы
Жаңа сөздер
Мәтінді аудару
Грам.
тапсыр-
ма
Сурет-
ті әңг.
Сөзжұмбақ
шешу
Баға
1.
2.
3.
4.
5.
7