7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему Қонақ келсе құт - құт.

Открытый урок по казахскому языку на тему Қонақ келсе құт - құт.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қонақ келсе - құт.

Білімділік мақсаты: оқушылардың шылау бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту. Қонақ келсе - құт жөнінде мағлұмат беру, салт - дәстүрлер туралы білімдерін жетілдіру.



Дамытушылық: өз ойларын тиянақтап айту, дағдыларын қалыптастыру, сауаттылығын, қызығушылығын арттыру; ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.



Тәрбиелік: халқымыздың асыл қасиеті - қонақжайлылық туралы балалардың пікірін дұрыс қалыптастыру, жақсы жағын бойларына сіңіре отыра, әдет - ғұрпы мол, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, кітап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

І слайд. Өткенді қайталау.

  1. Шылау дегеніміз не?

  2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  3. Шылаудың қандай түрлері бар?

  4. Септеулік шылау дегеніміз не? Оларды ата

  5. Жалғаулық шылыу дегеніміз не? Оларды ата

  6. Демеулік шылау дегеніміз не? Оларды ата



2. Топтастыру әдісі.

Оқушылардың деңгейіне қарай сыныпты екі топқа бөлу ( топтар геометриялық фигуралармен бөлінеді)

І - топ үшбұрыштар

ІІ - топ төртбұрыштар



3. ІІ слайд. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе сөз.

  • Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, «қолдағы барымен» дегендей, шамасы келгенше сый - құрметін көрсетіп аттандыру әркімінің парызы сияқты болатын.

  • Ал, қонақ деген кім өзі? Ол қандай адам? Қонақ дегенде нені түсінеміз? Кәне, кім жауап береді? (Қонақ болу үшін оның таныс болуы шарт емес. Қонақ - ол, біріншіден, адам. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақасын «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған).

  • Қазақ - сыншы халық, қонақ бола отырып, оған ғасырлар бойы баға беріп тастаған. Бізідң ерекшелігіміз - қонақ - жайлылығымызда. Халқымыз қонақты сұрыптап, сипаттап қойған. Қонақтың неше түрі болады?





Қонақтың төрт түрі болады. (Слайд көрсету).

  1. Арнайы қонақ - мал сойып, арнайы шақырылған қонақ.

  2. Құдайы қонақ - кездейсоқ, бір түнеп аттанатын бейтаныс жолаушы.

  3. Қыдырма қонақ - алыстыан ағайын - туғандарын, құда - жекжаттарын іздеп келіп, жатып - жастанып, бір мал жеп кететін қонақ.

  4. Қылқима қонақ - тамақтың піскенін аңдып жүріп, шақырусыз келіп, ет жеп кетер сүйкімсіз қонақ.



  1. ІІІ слайд. Бүгінгі тақырыпқа байланысыты жаңа сөздер (әр балаға оқыту)

Жерлес - земляк Мал сою - резать скот

Әзірлеу - приготовить Кез келген - любой

Қонақжай - гостепримный Сыбаға - гостинец

Домбыра тарту - играть на домбре Құт - счастье



  1. Тапсырмамен жұмыс «Іске асыр»

  • 1 - тапсырма. 106 бет. Сұрақтарды пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар. Диалогқа ат қойыңдар. (ІV слайд. Сұрақтарды слайдтан көрсету.)

І топ. 1 - 4 ке дейінгі сұрақтарды пайдаланып диалог құрастырады және ат қояды.

(Қонаққа бару)

Сұрақтар:

  1. Сен қонаққа жиі барасың ба?(жылына, аптасына, айына бір рет, мерк е күндері, туған күні болғанда)

  2. Қонаққа кімге барасың? (досыма, жерлесіме, ағама, әжеме)

  3. Қонақты жиі шақырасың ба? (туған күніме, мереке күніне, айына бір рет)

  4. Қонақтарды кім қарсы алады?



ІІ топ. 5 - 8 ге дейінгі сұрақтарды пайдаланып диалог құрастырады және ат қояды. (Дастарқан әзірлеу)

Сұрақтар:

  1. Салаттарды (сусындарды, жеңіл тағамдарды, ыстық тағамдарды) кім жасайды (пісіреді)?

  2. Үстелдің үстіне қандай ыдыс - аяқ қоясың? (тәрелке, сервиз, қасық, пышақ, табақ, бокал, фужер)

  3. Дастарқанды қалай әзірлейсің? (тәрелке қоямын, оң жаққа пышақ, сол жаққа шанышқы қоямын)

  4. Қонақтарға қандай ыстық тамақ бересің? (бесбармақ, манты, палау, т.б.)



  1. . Тапсырмамен жұмыс. «Әрекет». V слайд.

І топ аударады

ІІ топ сөйлемді жалғаулықтармен толықтырады

  • 3- тапсырма. 107 бет. Сөйлемдерді жалғаулықтармен толықтырып, аударыңдар.

  1. Қазақ халқы қонақ күтуді ....., қонақ болып қыдыруды ..... қызық көрген.

  2. Қонақ ...... өлең айтып, домбыра тартуы керек, ..... ертек айту керек.

  3. Шайды сүт ..... қаймақ қосып береді.

  4. Қонақ шақырудың ....., дастарқан жасаудың ....., тойды көңілді өткізудің ..... өзіндік үлгісі бар.

  5. Қазақ халқының қонақжайлығын саяхатшылар .... ғалымдар жоғары бағалаған.

7. Қорытынды.

Мақал - мәтелдер мен қорытындылау. VІ слайд.

Мысалы: Қонақ келсе - құт келер.

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойдыр.

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың

Ал, енді балалардың бүгінгі тақырыбымызға байланысты қандай мақал - мәтелдер жаттап келді екен? Балаларды тыңдайық (оқушылар өздері білетін мақал - мәтелдерін айтады)

Оқушылардың мақал - мәтелдері.

Жолаушыны сусындатпай тұрып бұйымтайын сұрамайды.

Сыпайы қонақ сыйыңды жейді, мылжың қонақ миыңды жейді.

Жақсы болса алғаның,

Үйіңнен кісі кетпейді.

Жаман болса алғаның,

Шын досың да шеттейді.

Жақсы бала қонаққа үйір.

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Өте жақсы. Бәріміз де осы түйінді ойларды дұрыс түсінген сияқтымыз.

Дастарқаны мол, пейілі кең қазақ халқының қонақжайлылығын бұрын - соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар жоғары бағалаған.



8. Бекіту. VІІ слайд.

Не үйрендім? Нені білдім?



9. Тұжырымдау: VІІІ слайд.

1. Сабақ пайдалы болды ма?

2. Пайдасы қандай?

3. Сенің сабақтан кейінгі көңіл - күйің?

4. Пікірің.



10. Үйге тапсырма. 107 бет, 4 тапсырма жаттау.

11. Оқушыларды бағалау. 1. Топың жұмыс жасауына қарай бағалау

2. Әр оқушыға баға беру





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал