- Учителю
- Қазақ тілінен бақылау жұмысы (10 сынып)
Қазақ тілінен бақылау жұмысы (10 сынып)
Жартыжылдық бақылау жұмысы (орыс сыныбына)
10-сынып
І нұсқа
1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар
Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз
Біздің отбасылық бюджетіміз ата-анамның табысынан құралады. Ол - ата-анамның еңбегінің нәтижесі. Олар табысқа қол жеткізу үшін еңбек етеді. Табыстың көзі - еңбекте. Ата-анам отбасының айлық кірісі мен шығысын есептеп, үнемі отбасы бюджетін жоспарлап отырады. Көбіне отбасы бюджетін бір айға жоспарлайды. Бюджет - белгілі бір уақыт ішіндегі (ай, жыл) барлық кіріс пен шығыстың жиынтығы. Осылайша ата-анам отбасы бюджетінің шығысы мен кірісінің тең болуын қадағалайды. Ол отбасы бюджетінің қалыпты болуына көмектеседі. Бюджетті жоспарлау қаражатты тиімді пайдалануға көмектеседі, отбасының қажетін қанағаттандырады.
Ата-анам шығындарды жоспарлап, міндетті төлемақылардың тізімін жасайды. Одан кейін ең қажетті тұрмыстық заттардың, азық-түліктің тізімін жасайды. Кей кездері кірістен шығыс көп болады. Ата-анаммен бірге мен де өз шығынымды қадағалауға тырысамын.
-
мәтінге 3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар
-
төмендегі зат есімдерді септіктермен сәйкестендіріңдер:
Атау ата-анаммен
Ілік шығындарды
Барыс табыстан
Табыс біз
Жатыс табысқа
Шығыс еңбекте
Көмектес азық-түліктің
2. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер:
3. Сөйлемдерді аяқтаңдар:
-
Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама - … … .
-
«Тіл құрал» оқулығын жазған - … … .
-
Қазақфильм киностудиясы ... ... атымен аталады.
-
Қабанбайдың шын аты - … .
-
«Түріктер мекені» - ... қаласы.
4. «Қаржы, ақша, бюджет» тақырыбына 2-3 мақал-мәтел жазыңдар.
Жартыжылдық бақылау жұмысы (орыс сыныбына)
10-сынып
ІІ нұсқа
1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар
Сәбиге ат қою
Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер бар. Көп дәстүрлер бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше мен береді. Қазақ халқында «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» деген наным-сенім бар. Ат таңдағанда түрлі ырымдар, тілектер ескеріледі. Ата-аналар бала есімінің мағыналы, көркем әрі әуезді болғанын қалайды. Нәрестеге үш күннен қалдырмай атасы мен әжесі немесе ауылдағы сыйлы адам ат қояды. Ат қоюшы адам нәрестенің құлағына: « Сенің атың ...» деп үш рет қайталайды. Бұлайша ат қоюды «азан шақырып ат қою» деп атайды. Ат қойған адамға арнайы сыйлық беріледі. Нәрестенің құлағына азан шақырып, жақсы ат қою - ата-ананың перзенті алдындағы маңызды міндеттерінің бірі.
Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар:
-
3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар
-
Менің атым тіркесін жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер
2. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер:
3. Сөйлемдерді аяқтаңдар:
-
Қазақта тұңғыш академик атағын алған - … … .
-
Қазақ әліппесін (төте жазу) жасаған - … … .
-
«Екінші Аристотель» - … .
-
Шоқан Уәлихановтың шын аты - … .
-
«Ақмешіт» бекінісі - ... қаласы.
4. «Қонақ» тақырыбына 2-3 мақал-мәтел жазыңдар.