- Учителю
- Тақырып: “Отаным - Қазақстан”
Тақырып: “Отаным - Қазақстан”
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ
Тақырып: "Отаным -Қазақстан"
/ 11 сынып/
өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сәдуева К.С.
Қостанай -2011
1 слайд: Сабақтың тақырыбы: Отаным -Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстан туралы алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Мәтінді түсініп оқып, оның мазмұнын айта білу. Жаңа ережені /и, у дыбыстары/ түсіндіру, тақырып бойынша мақал -мәтелдерді қайталау.
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, өз ойларын қазақ тілінде жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Мәтін, фильм арқылы мағлұмат бере отырып, Отанын сүюге, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттык сезімін шыңдау, қазақ тіліне деген сенімін байыту.
Сабақтың міндеттері:
-
ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру;
-
оқушыларды байланыстыра сөйлеуге,
-
ережені пайдалана отырып сауатты жазуға дағдыландыру;
-
өз беттерінше компьютерлік технология арқылы қосымша материалмен жұмыс істей білуге дағдыландыру,
-
танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгеру, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу әдісі, интерактивтік жабдықтарды пайдалану әдісі, тест жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, флипчарт, фильм.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу, түгендеу
ә) сұрақ- жауап
б) сабақтың мақсатын айту.
2 слайд:
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге тапсырма қандай болды?
- Туған жер ұғымы туралы айту / презентация арқылы -1 оқушы/,
- Туған жер туралы мақал мәтелдер / презентация арқылы -1 оқушы/,
-Туған жерің, қалаң туралы айтып бер /презентация арқылы -1 оқушы/.
III. Жаңа сабақ:
3-4 слайд: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Тәуелсіздік - халқымыздың
бостандығы мен дербес даму жолындағы
сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі»
Н.Ә. Назарбаев
Сабағымыздың тақырыбы: Отаным -Қазақстан.
Сабағымыздың мақсаты: Қазақстан туралы мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру, суреттер арқылы оның мазмұнын айта білу. Жаңа ережені /и, у дыбыстары/ түсіну, мақал -мәтелдерді қайталау.
-
Қазақстан қай жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
-
ҚР тәуелсіздігіне биыл неше жыл болады?
-
Қазақстан Президенті кім?
-
ҚР рәміздері қандай, қашан қабылданған?
-
Екінші рет Ата заңы қай жылы қабылданды?
-
ҚР неше ұлт өкілдері өмір сүреді?
-
Қазақстан ненің мүшесі?
-
Қай жылы ҚР астанасының аты өзгерілді?
фильм көрсету «Қазақстанның жетістіктері»
жаңа сөздерді үйренеміз:
5 слайд: жаңа сөздер
арғы тегі - предки
қорғау үшін -чтобы защитить
күресіп келді - боролись
орасан зор аймақты - очень большую территорию
сақтап қалды- сохранил
дүниежүзі елдері -все страны мира
түсіністікте -в согласии
гүлдену, көркейу -процветать
Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру.
IV. Оқулықпен жұмыс.
-
7 бет, мәтінді оқу /мұғалім/.
-
Оқушылар тізбекпен оқып, аударады.
6 слайд: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
1.Қазақ халқының арғы тегі қалай аталды?
/ғұндар, сақтар, скифтер/
2. Қазақ халқы не үшін күресті?
/туған жерін қорғау үшін .../
3. Халқымыз қандай аймақты сақтап қалды?
/Алтай мен Еділ, Тянь-Шань мен Сібір.../
4.Қазақстан ненің мүшесі?
/ Біріккен Ұлттар Ұйымына .../
5.Қазақстанда неше ұлт өкілдері өмір сүреді?
/ Жүзден астам .../
6.Біздің елімізде мемлекеттік тіл қандай?
/қазақ тілі/
7. Қазақстан азаматы нелерді құрметтейді?
/ҚР тәуелсіздігін, рәміздерін, Ата заңын, мемлекеттік тілін .../
7 слайд: Тапсырма: Мақалдардың екінші жартысын тап.
1. Отанды сүю ...
2. Туған жерге ...
3. Туған жердей жер болмас, ...
4. Отансыз адам ...
5. Отанға опасыздық еткенің ...
8 слайд: Ережені түсіндіру /и, у дыбыстары/.
9 слайд: Тапсырма: Көп нүктенің орнына
тиісті әріптерді қойып жазыңдар.
10 слайд: ҰБТ-ға дайындық. Электрондық тестермен жұмыс- 3, 4 нұсқа /авторлық жұмысты сабақта қолдану/.
Сабақты қорытындау.
-Бүгінгі сабақта біз не туралы айттық, нені үйрендік?
-Оқушыларға баға қою.
Үйге тапсырма: 7 бет, монолог, сөздер, ереже.