7


  • Учителю
  • Абайдың қарасозі қазақ әдебиеті 7 кл

Абайдың қарасозі қазақ әдебиеті 7 кл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан, Батыс Қазақстан , Орал қаласы, Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Пәні: Қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Болатова Эльмира Муратовна

Сыныбы: 7 б

Сабақтың тақырыбы: Абайдың 29-қарасөзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен қара сөздерін талдата отырып, білімдерін тереңдету. Әр түрлі тапсырмалар арқылы қара сөзін талдату және еркін сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге дағдылау;

Дамытушылық: Еркін сөйлеп, іздемпаздыққа, алғырлық пен білімділікке шақыра отырып, қара сөз мағынасын терең түсіне білуге дағдылау;

Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне білуге, тілді құрметтеуге, Отансүйгіштік пен тапқырлыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сыни тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: Музыка, философия

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру сынып оқушыларын 4 топқа бөлу

Жұлдызды сәт

"Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа" (мәнерлеп жатқа айту 5 шумақ

Үй тапсырмасын бағалау.Критерий-лер

Білім жетістігінің

деңгейі /ұпайы/

Дискрипторлар

3

Өлең оқу кезінде дауыс ырғаың сақтай отырып, образға ене білуі, орфоэпиялық нормаларды сақтау қабілеті, өлеңді кідіріссіз жатқа айта білу. 100 пайыз



2

Өлеңді жатқа айта білді. Дауыс ырғағын сақтауда кемшіліктер болды. Образға енуге талпынды. 75 пайыз



1

Өлеңді жатқа айту кезінде іркіліс болды.Интонация сақталмады. 50 төмен пайыз қатысты.

Қызығушылық ояту

А) Абай - дана, Абай - дара қазақта (видео мәлімет)

Б) Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.-деп жырлаған кім ?

- Абай.

- Мына өлеңнен қай тармаққа ерекше назар аударар едіңдер?

- Мен жұмбақ адаммын

- Ендеше бүгінгі сабақ мақсаты осы Абай жұмбағын шешу.

- Абай әдебиетке қандай жаңалық енгізді? Абай өлеңдерінен үзінді оқу

Мағынаны тану

Тақырыптық мәлімет

Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40

Еңбек: 2, 4, 25, 42

Қазақ мақалдары: 5, 6, 29, 37, 39

Дүниенің тылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43

Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18, 44

Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, 45

Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38

Жиырма тоғызыншы қарасөзін тыңдау

Топтық тапсырма:

І топқа: «Екі жақты күнделік».

ІІ топқа: Қарасөз дегенді қалай түсінесің?. (Топтастыру әдісі арқылы)

ІІІ топқа: Сәйкестендіру әдісі

ІV топқа: 29-қарасөздегі негізгі ой қандай? (Алтын қағида , стикерлер арқылы тақтаға іледі).Ой толғаныс

Абайша менде жырлайын... (жеке тапсырма)

1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге

Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?...

2-топқа:"Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,

Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте...

3-топқа: Ата-анадан мал тәтті

Алтын үйден жан тәтті...

4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,

Алтын көрсе періште жолдан таяр...

Орындалуы.

1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге

Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?

Ардан безген бес күн фәни тірлігің,

Ақрет болып көрінеді өлерде.

2-топқа:"Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,

Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте

Жерді өртеп атанғанша бір бұзық

Сыйыншайшы кетпен менен күрекке.

3-топқа: Ата-анадан мал тәтті

Алтын үйден жан тәтті

Бағалай біл шәкіртім

Алтын менен қымбатты

4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,

Алтын көрсе періште жолдан таяр

Айтындаршы Абайша ұландарым,

Бұл мақалда қаншалық ғибрат барын.



Үйге тапсырма:

  • Міндетті деңгей: Абайдың 29-қарасөзін жаттау

  • Мүмкіндік деңгей: "Абай қарасөзің оқығаннан кейінгі түйген ойым" ой толғау

  • Бағалау шкаласы:

  • 7-9 ұпай - "5" баға

  • 4-6 ұпай - "4" баға

  • 1-3 ұпай - "3" баға









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал