- Учителю
- Ахмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақа өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақа өлеңі
5 «б» класс
Сабақтыңтақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен Бақа»
Сабақтың мақсаты:а) А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Мысалдың мазмұнын менгерте отырып идеясын ашу
ә) Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
б) Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:мысалды талдау, мәнерлеп оқу, инсценировка.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысымен, класс тазалығын тексеру.
II Үй тапсырмасын сұрау.
-Ертегінің неше түрі бар?
-Әдеби ертегінің жай ертегілерден қандай айырмашылығы бар?
-Ә.Тәжібаев деген кім?
«Толағай» әдеби ертегісіндегі басты кейпкерге мінездеме беру.
Толағай
-
Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?
«Ел басына ауыр кун туса мен не істер едім?» тақырыбына берілген ой-толғауларын оқыту. Ерлік туралы мақал-мәтелдерді сұрау.
III Жаңа сабақты түсіндіру.
-
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Оқулықты мысалға, аллегорияға берілген түйінді оқушы дәптерлеріне жаздыру.
-
«Өгіз бен Бақаны» мұғалімнің оқуы.
-
Оқушыларға мәнерлетіп оқыту.
Оқытып болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы түсінігін айтқызу.
-
Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?
-
Бақаны әлекке салған қандай сезім?
3. Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа қандай күйге душар болды?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін компазияциялық құрылымын талдау.
*Кейіпкер мінезін ашу
*Ой-тұжырым жасату
*Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу
*Мысал өлеңнің тақырыбы мен идеясын тапқызу
*Ақынның өлең жолын оқытта отырып, оқушылардың өз ойын айтқызу.
Компазияция
лық
элементтер
Композиция
лық жоспар
Ой-пікір
мінездеме
Ой-тұжырым,
Мақал-мәтел, нақылдар
Тілі
Суреттеу
тәсілі
1
Оқиғанның
басталуы
Өгіздің көлге келуі
эпитет
2
Байланысы
Бақанның Өгізді
күндеуі
Күншіл,
іштар
Күншілдің
өлімі таяу
Монолог
3
Дамуы
Мақтаншақ
Бақаның
Жолдасымен
пікірлесуі
Қызғаншақ
қызғаншақты
Қарақшы ұрады
Теңеу
Диалог
4
Шиеленісуі
Бақаның Өгіз
Сияқты болуға
тырысуы
Мақтаншақ
Ойы таяз
Ғылым таппай
мақтанба
Теңеу
5
Шарықтау
шегі
Бақаның
ісіп-қабынуы
Көрсеқызар
Азап шеккің келмесе көрсе қызар болса
Теңеу
6
Оқиғаның
шешімі
Бақаның
Жарылып өлуі
Әлін
білмейтін
Әлін білмеген әлек
7
Автордың
Түйінді сөзі
«Таласпа жаным-ай. Қолыңнан келмеске.
Боларсың бақадай,
Көп түссең егеске»
8
Идеясы
Күншіліктен, қызғаншақтықтан,
көрсеқызарлықтан
Аулақ болу
Бағалау.
Үйге тапсырма: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқу.
«Өгіз бен Бақаны» жаттау