7


  • Учителю
  • Экологиялық пресс-конференция сабағы «Балқаш көлі»

Экологиялық пресс-конференция сабағы «Балқаш көлі»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Экологиялық пресс-конференция сабағы «Балқаш көлі»

Сабақтыңмақсаты:

ОқушыларБалқашкөлітуралымағлұмат беру барысында тілдеріндамытып, сөйлеудағдысынжетілдіреді.

Сабақтыңкөрнекілігі:Балқашкөлініңкартасы, презентация, бейне жазба, микрафондар.

Сабақтыңтүрі: пресс-конференция сабағы

Сабақтыңәдісі: сұрақ-жауап,баяндау.

Пәнаралықбайланыс: география.

Сабақтыңбарысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тілге кіріспе:


Мұғалім:

Бүгінгібіздіңсабақ пресс-конференция түріндеөтеді. Пресс-конференцияға қатысатын 8 сыныпоқушылары.Олардың ішінде: тілшілер, экологтар, Балқаштан келген қонақтар.

Келген қонақтардың баяндамаларын тыңдап,тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып,біз Балқаш көлінің тағдырымен танысамыз.Бұл көлді жете білуге тырысамыз.

Ендігі сөз кезегін,Балқаштан келген қонақтарға берейік.

Балқаштан келген қонақтар баяндамасын оқиды.

1 қонақ Елена Анатольевна : Балқаш көлі- Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан. Балқаш көлі - Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы - 614 шықырым, ені - 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы - 413.300 шақырым.

Балқаштың бір ерекшелігі - оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс және шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігі.Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іледен толығатын болғандықтан суы тұщы болады да,шығыс бөлігі ащы.Қазір көлге Іле, Қаратал ,Ақсу,Аягөз және Лепсі өзендері құяды.


Тілші: Балқаш көлі қандай облыстарды қамтиды?


Бұл көл төрт облысты - Алматы,Қарағанды,Жамбыл, және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғастырып тұр.Батысында ең сусыз және тіршілік иелері өте аз кездесетін Бетпақдаламен шектеседі.

Тілші: Осы көлдің пайда болғаны туралы айтсаңыздар.

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі болғандықтан, ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Тыңдап көрейік.

ВИДЕО


Тілші: Осы көлді зерттеген ғалымдар бар ма?

2 қонақ Мирослав Станиславович : Әрине, бар ол туралы мен айтайын. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 ж. «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 - 90 ж. Қазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ гидрометеорология ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады


Тілші: Балқаштың табиғатына тоқталсаңыздар.

3 қонақ Александр Александрович:

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты - күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

Іле - Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.


Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.


Тілші:.Көлде қандай балықтың түрлері бар және оны аулауға рұқсат берілген бе?

4 қонақ: Ванесса Михаиловна. Балқаш көлінде балықтың 20-дан астам түрі мекендейді, оның 6 ертеден мекендейтін жергілікті түрлері (ілелік, балқаш көкбалықтары, балқаштық алабұға және т.б.), қалғандары басқа су қоймалардан келген (сүген, шабақтар, көксерке) болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Балқаш көлі ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аулауға сазан, көксерке, балқаш алабұғасы және т.б. түрлері жатады.

Тілші: Балқаш қаласы қай жылдары салынды?

5- қонақ. Чингиз Ануарұлы.

Сонымен қатар Балқаш -Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тоннаға жетеді. Осы Балқаш қаласына75 жыл толуына орай Қарағанды-Балқаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Осыған орай Қарағанды тарихи өлкетану мұражайында көрме ашылды.


Тілші:. Балқаштың қазіргі кезде экологиялық жағдайы қандай екен айта кетсеңіздер.

Эколог: (Баяндамасын оқиды)

Балқаш экологиясы - Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды.

Бірінші Ішкі себеп - Қапшағай су электр станциясының салынуына байланысты (1970) Іле өзенінің арнасының бөгелуі. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады.

Екінші ол сыртқы себеп - Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл халықаралық деңгейде реттелетін мәселе.

Көлдің суын, күріш алқаптары пайда болып, ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 пайызға азайды. Балқаш көлі соңғы жылдары 2,5 метрге жуық төмендеп отыр.

Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.Су мен ауа ластанып,тұрғындардың денсаулығы нашарлады және көлдегі балық саны азая бастады.Құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.


Балқаш көлі аз уақытта тартылып, Арал секілді тұзы бұрқыраған сорлы аймаққа айналып шыға келуі ықтимал. Ал, бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін Қазақстан мен Қытай өзара келісімге келіп, Іленің суына кедергі келтірмеулері керек. Әйтпесе, бүгінде тұзы талай жерге барып қалған Арал секілді тағы бір сор тек қазақ жерінің ғана емес, жер жүзінің экологиялық ахуалын нашарлатады.


Экологиялық проблема - ең маңызды проблемалардың бірі. Өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр. Егер әрбір адам өзіне тиесілі аядай жерде қолынан келетінін бәрін жасаса ғой, онда біздің жеріміз қандай құлпырып жайнап кеткен болар еді.

Қорыта келгенде, еліміздің әрбір тұрғыны бүгінгі және келешек ұрпақ үшін су тазалығының маңыздылығын түсінсе, жер жанаты- Жетісудың тамаша табиғаты сақталатынына күмән келтіруге болмайды!


Мұғалім:Рахмет баяндамаңызға.Бүгінгі пресс-конференциядағы қонақтардың арқасында біз Балқаштың тағдырымен таныстық. Ендігі сөз отырған көрермендерге. Бүгінгісабақтан қандай әсер алдыңыздар.

Оқушылардың жауабы. Топта «Балқаш көлі» тақырыбына класстер құрып қорғайды.

Ал енді тілшілеріміз қандай тақырыпқа мақала жазады екен. «Көл тағдыры - біздің келешегіміздің тағдыры».

Сабақты қорыту: «Автор орындығы»

Мұғалім: Халқымыз жерді аса құрмет тұтып,оған бас иген.Біздің бұл әрекетіміз Қазақстанның кәусары болып саналатын бірегей көлді сақтап қалу.Әрине,біздің қолымызда болмаса да,басқа да уақытта табиғатқа қастандық етпеуге тырысайық. Өзіміздің қоршаған ортамызды таза ұстау өз қолымызда. Табиғатты аялайық!

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал