7


  • Учителю
  • Конспект урока по казахскому языку на тему Туған қалам -Павлодар (7- сынып)

Конспект урока по казахскому языку на тему Туған қалам -Павлодар (7- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Туған қалам - Павлодар

Мақсаты:

Білімділік: «Туған қалам - Павлодар» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру. Тақырып бойынша оқушылардың оқылым, тілдесім, сөйлесім, жазылым, айтылым әрекеттерін арттыру.

Дамытушылық: Өз шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелік: Елге, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.



Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, слайд, қиықшалар, жетондар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, музыка.

Сабақтың түрі: дамыту сабағы

Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап, іздендіру, ой шақыру, көрнекілік әдістері.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу.

2.Кезекшімен сұхбат.

Оқушылардың көңіл - күйін, сабаққа белсенділігін арттыру үшін бәріміз бір-бірімізге жылы сөздер, тілектер айтамыз.

1.Балалар,біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық ?

Б: Біз өткен сабақта Қазақстанның қалалары туралы әңгімелеп, әдемі, үлкен ғимараттармен, жаңа сөздермен таныстық.

Ойшақыру стратегиясы. Балалар, әр адамның өзінің туған қаласы болады. Біздің қаламыз қай қала?

Б: Павлодар!

«Павлодар» дегенде қандай ойлар келеді? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

( ақ қағаз, фломастерлер) (топпен жұмыс).

«Павлодар»

Осы сөздермен бір-бір сөйлем құрастырыңдар. (Ауызша)

Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы

« Туған қалам - Павлодар »

ІІ. Мағынаны ашу.

Мәтінмен жұмыс. : « Туған қалам - Павлодар »

1). Сөздік жұмысы.

Мәдениет - культура

жоғары оқу орны - высшее учебное заведение

ғалым - ученый

белгілі, атақты - известный

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

2). Мәтінді түсініп оқы.

3). Мәтінге 5 сұрақтар қой.

4) .Тапсырма (дәптермен жұмыс). Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.

5).Тапсырма (дәптермен жұмыс). Зат есімдерге көптік жалғауларын жалға: (дұрыс нұсқасын тап )

Көше - Ұлт -

Мектеп - Өзен -

Үй - Саябақ -

Тұрғын - Қала -

Қандай көптік жалғауларын білеміз?

6). Қазақ тілінде неше септік бар?

Тапсырма. Өзіңе ұнаған сөзді септе.

7).Тапсырма (дәптермен жұмыс). Берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын жалға:

Менің қала..., оның көше.., сіздің үй..., біздің өзен..., олардың мектеб..., сендердің үйлер... .

Б! Сонымен қандай жалғауларды білеміз?

Б: Септік жалғаулары, көптік жалғаулары, тәуелдік жалғаулары

Тапсырма (интербелсенді тақта)

Үйге, қалам, өзенмен, мұражайлар, көшесі, жазушылар.

***Сергіту сәті.

Слайд көрсету «Павлодар» туралы.

IV. Ішіне - сыртына

(Ішіне - сыртына стратегисы)











Есіл өзенінің бойында, әдемі, ескі, жас қала, ауыл емес, Кенжекөл, Павлодар, Ертіс өзені, Баянауыл, Семей, театрлар, Ш.Айманов, мұражайлар

Қарама - қайшылық стратегиясы.

қала- көп -

оң жағалау- шыққан -

бұрын - бастау-

кең жер

*** Шашылған сөздерден сөйлем құру:

1.Әдемі, Павлодар, қала, өте.

2. Орналасқан, жағасында, Ертіс , өзенінің.

3.Шыққан, Ертіс, атақты, өңірінен, адамдар, көп



V.Рефлексия.

Балалар, бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар?

Автор орындығы (әр оқушы өзіне не алғанын әңгімелейді).

Бағалау. ( жетондарды санау)

VI. Үй тапсырмасы. «Туған қалам - Павлодар»

ІІІ. Сурет салу

ІІ.Тест құру

І. Реферат жазу.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал