- Учителю
- Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары АхметБайтұрсынов
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары АхметБайтұрсынов
С А Б А Қ № 16
Тақырып: Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны, еңбегі туралы әңгімелесу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстанның белгілі жазушысы А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыратын мағлұматтар алады;
2. Дамытушылық: өзінің ойын жүйелі түрде, дәлелді жеткізуге,сұрақтарға нақты жауап беру,бір-бірімен сұхбаттасуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: А.Байтұрсыновтың шығармашылығына қызығушылық туғызуға баулу
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу,сын тұрғысынан оқу мен жазу технологиясының стратегияларын қолдану, баяндау.
Көрнеклік құралдар: А.Байтұрсыновтың суреті, жазушы туралы айтылған пікірлер, кітап көрмесі, газет-жорналдар материалдары.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,орындарына
отырғызу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Үй жұмысын тексеру: 40 - 42бет, «Ескендір» мазмұнын айту.
3. Жаңа сабақ.
I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу -побуждение.
«Инсерт» стратегиясы арқылы Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы туралы кестені толтырыңдар.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу - осмысление.
Топпен жұмыс:
1 топ - 45 бетте берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аудару, 1-2 сұрақтарға жауап беру.
2 топ - «Иттің достығы» мысал бойынша 3-6 сұрақтарға жауап беру.
III. Оқушылардың ой-пікірін білу - рефлексия.
Әр топтың оқушылары өздеріне берілген тапсырма бойынша жауап береді.
Жұптық жұмыс:
-
«Сүйектей арасына нәрсе түссе, Иттерден олар артық таласады» деген қорытындының мәнін түсіндіру.
-
Достық туралы мақал - мәтелдер айту.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 46-47 бет. «Иттің достығы» деген мысалды мәнерлеп оқу.