- Учителю
- Ел ордасы - Астана
Ел ордасы - Астана
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ел ордасы -Астана
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс жасайау, Грамматикалық тапсырмаларды орындап оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру .
Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту.
Тәрбиелік:Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке, елді -жерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта (слайд-шоу), стикерлер, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптері)
Аты-жөні Үй тапсырмасы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырып
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Астанаға саяхатқа шығамыз.
1.Пирамида
2. Бәйтерек
3Ақ Орда
4 «Думан»
5«Хан шатыры»
6.Атамекен
1-аялдама. Пирамида
Мәтінмен жұмыс.
Әр топқа мәтін беріледі.
Мәтінді оқып,мазмұның түсіну. Сұрақтар құрастыру.
Ел ордасы -Астана ( 1-топ)
Астананың негізгі 1830 жылы қаланған. 1832- 1961 жылдар аралығында Ақмола қаласы болып аталды. КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде ,КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді.
1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін өз астанасын таңдау құқығына ие болды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтың жарлығымен « Ақмола қаласы - мемлекет астанасы » деп жарияланды.
Ақмола қаласы қазақ жерінің орталығында орналасқан. Ол1998 жылдан бастап Астана қаласы болып аталады.
Қазіргі Астана құрылымы мен бағыты дамып келе жатыр. Қалада биік ғимараттар мен үйлер , сәнді көшелер көп. Олардың әдемілігі көз тартады.
Қазақ елінің астаналары( 2- топ)
Қазақстан Республикасының 1920-1925 жылдар аралығында ең алғашқы астанасы Орынбор болған. Онда А.Байтұрсынов , С.сейфуллин ,М. Дулатов,т.б. қазақ зиялылары жұмыс етіп , еңбек еткен.
Одан кейін 1925-1929 жылдарда Қызылорда қаласы болған. Қызылорда-ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны.
1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қаласы болды.Ол- Алатау етегінде орналасқан табиғаты сұлу қала.
1997 жылы қазанның 20-сында Ақмола қаласы ҚазақстанРеспубликасының астанасы болды.
Астана көркейіп, күннен -күнге дамып келеді.оның әсемдігін сөзбен жеткізу мүмкін емес.Қаланың көркін барып көру керек. Ол ең әдемі, әйгілі , жас қала. Оның болашағы әлі алда.
2- аялдама. «Бәйтерек»
( 1-топ)
Берілген сөздерден сөйлемдер құрап жазу.
1.Болашағы, зор Астананың.
2. Астанада, ғимараттар,ғажап,зәулім, жатыр, салынып.
3. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.
4. астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.
5. Қала, жас, сұлу, Астана,ең.
(2-топ)
1.Болатын, бұрын, қала, Астана, кішкентай.
2.Қазір,қалаға, айналды, үлкен, әсем.
3.Бұрынғы -Ақмола, аты.
4.Дәуірінде, Кеңес, аты, деген, болыпты, Целиноград.
5.Жоспарлап,мен, жазда, баруды, жолдастарыма, отырмын, Астанадағы.
3-аялдама «Ақ Орда»
Сөздердің жалғауын анықтау
(1-топ)
Елорданың, залдары, балаларға, ересектердің, балалардың, алаңдары
(2- топ)
Ғимараттар, билердің, Арқаның, отырмын, қаласының,адамдардың.
4-аялдама «Думан»
Тапсырма . Сөздерді септеу
(1-топ)
Астана, ғимарат, Бәйтерек
(2- топ)
Елорда,Есіл, достық
5-аялдама» «Атамекен»
Тапсырма
«Астана» тақырыбына кластер құру
Елдің мақтанышы
АстанаЖарқын келешек Әсем қала
Тәуелсіз Қазақстан зәулім үйлер
Әсем ғимараттар
6- аялдама «Хан шатыры»
Астана туралы өлеңдерді жатқа айту
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.
- Бейнебаян мен Астана туралы ән тыңдап сабағымызды аяқтаймыз.
Үй тапсырмасы: эссе жазу -«Ел ордасы -Астана».